Tipi ағзалардың химиялық қүрамы. Бейағзалық заттар


Сүйек ұлпасы (костная ткань)



бет90/96
Дата25.06.2020
өлшемі338,37 Kb.
#74520
түріҚұрамы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   96
Байланысты:
Тірі организмдердің химиялық құрамы

Сүйек ұлпасы (костная ткань) (textus osseus, лат. Textus — ұлпа; лат. os, ossis — сүйек) — қаңқа дәнекер ұлпасы

Сүйек ұлпасы сүйек жасушалары — остеоциттерден және жасушааралық зат — сүйек тақташалрынан тұрады. Сүйек ұлпасын түзетін жас жасушаларды остеобласттар деп атайды. Сүйек ұлпасы қаңқа сүйектерін қүрайды. Сүйектер сыртынан сүйеккаппен (периост) қапталған. Сүйектер организмде тіректік, механикалық, қорғаныс қызметтерін атқарады және минералдық түздар мен май алмасуына қатысады

Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы.



  1. Буындар

  2. өзекшелер;

  3. борпылдак қабат;

  4. қыртысты қабат;

  5. жілік майы;

  6. остеоциттер (сүйек жасушалары);

  7. қантамырлар.

Сүйектер тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сүйектің сырты - тығыз ұлпадан, ішкі бөлімі кеуекті ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен суйекқап болады . Сүйекқаптың астыңғы бетінің жасушалары бөлініп, сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйекқап арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйекқапқа тікелей байланысты. Сүйекқапта қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан, сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін — бейағзалық, ал қалған үштен бір бөлігін ағзалық заттар құрайды. Ағзалық заттар - иілгіштік, серпінділік, ал бейағзалық заттар беріктік қасиет береді.

Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында - 50% су, 12,5% нәруыз тектес ағзалық зат - оссеин (жұмсақ, серпімді ағзалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпімді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындыктан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып, минералды заттар кебейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді.

Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі жүлгелер, төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін шұрықтар болады. Қаңқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Олар аткаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, шала қозғалатын және қозғалмалы байланыстарға бөлінеді .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет