Титуль мазмұНЫ


КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет2/7
Дата09.04.2022
өлшемі270 Kb.
#138552
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кажет коргану курс.жұмыс
2 мақала, 5 Сыныптан тыс, Документ Microsoft Office Word, Еліміздің білім беру жүйесінің тарихы. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылу принциптері, құрылымы, Нагашыбаева А, сценарий
КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы азаматтары заң олардың жағында екенін біліп, сенімді әрекет жасауы тиіс. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында: «Біз міндеттіміз: заңның абсолютті заңдық жоғарғы күшін бекітуіміз қажет және заңға тәуелді азаматтарды қорғауымыз қажет», - деп ерекше атап өткен болатын [1, 2 б.]. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бірде-бір мемлекет азаматтардың қауіпсіздігін қандай кәсіби дайындалған болмасын, тек құқықтық тәртіп органдары күшімен қамтамасыз ете алмайды. Қылмыстылықпен күресуде маңызды орын қылмыстық-құқықтық әдістер мен құралдардың тікелей қолданылуына беріледі, оның ішінде қажетті қорғану институтын да атауымызға болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары және 13-бабында, әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы деп көрсетіледі[2, 3-4бб.]. Қажетті қорғану құқығы адамзатқа табиғатынан берілетін құқық болып табылады. Сондықтан да қажетті қорғану институты өте өзекті мәселе болып табылады.
Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, меншігін және т.б. игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады.
Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақтандырушылық мәні зор. Өйткені қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады. Міне, осыған байланысты қажетті қорғану Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға пайдалы әрекет деп саналады.
Құқықтық жүйе элементі ретінде қажетті қорғану – құқық бұзушылықты болдырмауға ықпал етеді, заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілі болып табылады. Қажетті қорғану туралы заң нормаларын дұрыс қолдану халықты қылмыстылықпен күресуге кеңінен тартудың маңызды шарты болып табылады[3, 68 б.]. Осыған орай бүгінгі зерттеу жұмысымыздың өзектілігін нақтылай өтсек: біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам, құқықтық, демократиялық мемлекет болып қалыптасу кезеңіндегі қажетті қорғанудың маңызды функцияларымен байланысты болуы, екіншіден, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша қажетті қорғану ережесін зерттеу қажеттілігі, жаңа мазмұнға ие болған бұл түсінікті анықтау, сондай-ақ қылмыстық қол сұғушылыққа ұшыраған азаматтардың, құқық қорғау органдарының қажетті қорғануға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын қолдануда түсініктеме беру қажеттілігіне негізделеді.
Зерттеудің құқықтық-нормативтік базасын отандық нормативтік-құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі; Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдары құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет