Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі



бет6/88
Дата08.02.2022
өлшемі1,68 Mb.
#118773
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Байланысты:
МҰҒЗАР ӘЛІБИ
Документ

Жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғыш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілердің кейбіреуінің бұзылуы, оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.

Жер сілкіну күші және оның қирату сипаттамасы




Жер сілкіну күші

Қысқаша сипаттама

1

Елеусіз сілкіну

Сейсмикалық апаттар ғана тіркейді

2

Өте бәсең сілкіну

Толық тыныштық жағдайда жеке адамдар сезеді

3

Бәсең сілкіну

Халықтың шағын бөлігі ғана сезеді

4

Елеулі сілкіну

Үй ішіндегі бұйымдардың, ыдыс –аяқтар мен терезе шыныларының ақырын шайқаулы мен дірілінен, есік пен қабырғаның сықырлауынан байқалады

5

Біршама күшті сілкіну

Үй шайқалып жиһаз дірілдейді. Терезенің шынылары мен өабырғанын сылақтарында жарықшақ пайда болады. Ұйықтап жатқандар оянып кетеді

6

Күшті сілкіну

Барша жұрт сезеді. Үйдің қабырғаларынан суреттер құлап түседі. Сылақтың жеке кесектері опырылады, үйлер жеңіл зақымданады

7

Өте күшті сілкіну

Тас үйлердің қабырғаларында жік пайда болады. Антисейсмдік, сондай-ақ ағаш үйлер қирай қоймайды

8

Қиратушы сілкіну

Жар қабақтарда және дымқыл жерлерде жарықтар пайда болады. Ескерткіштер, үйлер қатты бүлінеді.

9

Жойқын сілкіну

Тас үйлер білініп құлайды

10

Өте жойқын сілкіну

Жер бетінде ірі жарықтар пайда болады. Тас үйлер қирайды, темір жол рельcтері иіледі

11

Апатты сілкіну

Жерде үлкен жарықтар, көптеген жылжымалар мен опырықтар пайда болады. Тас үйлер мүлдем қирайды

12

Аса апатты сілкіну

Жер беті өте елеулі өзгерістерге ұшырайды. Көптеген жарықтар, опырмалар, жылжымалар пайда болады. Бірде бір құрылыс бұл сілкініске төтеп бере алмайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет