Орындау технологиясы: Көзді жұмып, босаңсу. Көз алдыңызға үлкен, көптеген қабаттан тұратын пиязды елестетіңіз. Сыртында жұка қоңыр қабық бар. Бұл қабық сіздің сыртқы бетпердеңіз, қоғамдагы мінез-құлық ережеңіз. Осы қабықты шешу арқылы өзіндік «Меніңізді» сомдайтын жаңа бейнені бақылаңыз. Осы бейнені жай гана бақылап, назар аударыңыз.
«Үш жыл» жаттыгуы
Мақсаты: Өз өмірін құрастыруды сезіну.
Уақыты: 15 минут
Орындау технологиясы:
Жаттығу медитациялық әуенмен жүргізілуі қажет: тынысу
алуыңызды назарда ұстаңыз, ол бірқалыпты, шынайы. Тыныс алу мен шыгаруды тіркеңіз, денеңіздің қай мүшесі тыныс алуда? Нұсқауда қозғалысқа келгенін, орындыққа қай дене мүшесіңіздің жанасып отырғанын сезініңіз.
Ал енді, сіз 3 жыл гұмырыңыз қалганын гана білдіңіз. Осы уақытта сіз толыгымен деніңіз сау болады. Естіген уақыттагы алғашқы әсеріңіз? Тез арада осы үш жылды қалай өткізу туралы жоспар құрасыз ба, элде аз гұмырыңыз қалғанына ашуланасыз ба?
Көрген жарығыңыз аз қалганына ызаланып, кектенгеннен гөрі осы уақытты қалай өткізуді жоспарлар едіңіз. Қайда тұргыңыз келеді?
Кіммен өткізгіңіз келеді?
Жұмыс істегің келе ме? Оқыгың келеді ме? Нені жасап үлгеретін едің? Сол өмірмен қазіргі өмірдің айырмашылығы қандай?
Енді бұл 3 жыл туралы гұмырды жаттыгуды орындау үшін пайланылған эдіс ретінде түсініңіз. Сіздің гұмырыңыз әлі де ұзақ екенін білесіз. Осы жаттгудан не түсіндіңіз? Нені ескердіңіз?
«Жеткен жетістік туралы көрініс» жаттыгуы
Мақсаты: Жеткен жетістік негізінде өзіне деген сенімділікті дамы- ту.
Уақыт: 5 минут.
Достарыңызбен бөлісу: |