«Уақыт еншісіндегі ой-түйіндер» тәсілі. Мұғалім «сақ» кілттік сөзін айтады. 1 минут көлемінде сендер «ойларыңа келген» және осы сөзбен байланысты өз ойларыңды үздіксіз жазуларың қажет. Уақыт өткен соң, мұғалім оқушыларды
тыңдап, оларға нақтылайтын сұрақтар қояды:
Берілген уақыт өткен соң, оқушылар жазғандарын оқиды.
Жауап берерде олар өз жауаптарын төмендегі сұрақтармен нақтылайды:
Неліктен мен осы сөздерді жаздым?
Бұл сөздерді жазарда менің ойыма не келді?
Неліктен сен осы сөздерді жаздың?
Осы сөздерді жазарда, ойыңа не келді?
Бүгінгі сабағымызда сендер ғұндар туралы білесіңдер. Ғұндар – сақтардан бірнеше ғасырдан кейін Қазақстан аумағында өмір сүрген қазақ халқының арғы ата-бабалары.
«Біздің күтетініміз» тәсілі.Біздің сабағымыздан не күтесіңдер, не туралы білгілерің келеді?
«Оқушы дәптеріндегі» А–В тапсырмаларды орындатады.
Ғұндар негізінен қой және жылқы малын баққан. Бұл жануарлардан оларға қандай пайда келді?
Оқулықта (75-бет) ғұн зергерлері жасаған әшекей көрсетілген. Оқулықтың мәтіні негізінде бұл әшекейдің бөлшектерін атап көрсет.