Удк резенция бергендер


Кадрлармен не үшін жұмыстар жүргізеледі?



бет65/99
Дата11.09.2023
өлшемі224,24 Kb.
#180737
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99
Байланысты:
персоналды басқару

9. Кадрлармен не үшін жұмыстар жүргізеледі?
а) кадрлардың өз орнын табу үшін
ә) басшыны ауыстыру үшін
б) қоғам жұмысына дайындау үшін
в) кадр әлеуетін дамысту үшін
г)мемлекет жұмысына дайындау үшін


10. Резервке үміткерлер іріктеу ненің негізінде жүргізіледі?
а) жоғары оқу орнының дипломы бойынша
ә) біреудің мінездеме хаты бойынша
б) маманның әлеуетті мүмкіншілігін бағалай отырып
в) медициналық куәлендірулер бойынша
г)сыртқы пішіні бойынша


11. Кадр резервін дайындау қандай кезеңдерден тұрады?
а) қызметкерді оқыту және тәрбиелеу
ә) қызмет бабында көтерілуі
б) жалақының көбеюі
в) разрядтың жоғарылауы
г)еңбекке жағдай туғызу
13 - Тақырып: Персоналды ынталандыру механизімі
Қарастырылатын сұрақтар тізбегі:
1. Персоналды ынталандыру механизімдер
2. Қызметкерлер еңбегінің өтемақы жүйесі

1. Персоналды ынталандыру механизімдері. Адам іс-әрекетінің уәждер. Әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру керектігі адамды белсенді әрекеттерге итермелейді, соның ішінде-еңбекке де.
Қажеттіліктер табиғи, туа біткен және өмір сүру кезінде иеленген, біріншілікті және екіншілікті, материалдық және материалдық емес түрлері болуы мүмкін.
Адам қажеттіліктерді сезінген кезде, оларды қанағаттандыруға деген оның тілегі пайда болады, сондықтан да оны орындауға мүмкіншілік беретін ынта пайда болады.
Еңбек уәждемесінің мәні. Еңбек уәжі – бұл жұмыскерлердің еңбектік іс-әрекет арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген ұмтылысы. Еңбек уәжінің құрамына мыналар кіреді:

  • қызметкер қанағаттандырғысы келетін - қажеттілік

  • осы қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігі бар - игілік

  • игілікті алуға қажет – еңбектік іс-әрекеті

  • еңбектік іс-әрекетін орындауға байланысты жұмсалған материалдық және рухани тұрғыдағы шығындар – баға.

Американдық әлеуметтанушы А.Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы туралы теориясына сәйкес адамға керек қажеттіліктердің негізгі бес деңгейін бөліп көрсетуге болады:

  • Негізгі физиологиялық қажеттіліктер: тамақ, демалыс, баспана және т.б. Оларды қанағаттандырудың негізгі құралдарының бірі – ақша, жоғары еңбекақы болып табылады.

  • Қауіпсіздікке деген қажеттілік (өмірді, денсаулықты сақтау, ертеңгі күнге және зейнетақымен қамтамасыз етуге деген сенімділік және т.б.)

  • Әлеуметтік бірлікке деген қажеттілік (ұжымға қабылдануы, олардың қадірлеуіне және қуаттауына, адамдардың жылы лебізді қатынастарына ие болу)

  • Сыйластыққа және өзіне-өзі сыйлауға деген қажеттілік(кәсіпорын үшін өзінің қажеттілігі мен маңыздылығын сезіну, айналасындағылардан құрмет көру тілегі, жоғары әлеуметтік мәртебеге ие болу)

  • Өзін-өзі көрсетуге, өзін жетілдіруге деген қажеттілік (өзінің қабілеттерін ашуға, шығармашылыққа, дамуға өзін жетілдіруге және өз өмірінің мәнін түсінуге деген ұмтылыс)

Д.Мак Клелланд иеленген қажеттіліктер теориясын ұсынды:

  • Табыс

  • Билік

  • Қатыстылық

Персоналды ынталандырудың мәні мен қажеттілігі. Еңбекті ынталандыру-бұл ең алдымен сыртқы ниеттену күші,персонал уәждемесінің материалдық қабықшасы және адамның еңбек ортасындағы жүріс-тұрысына әсер ететін еңбек жағдайының бір бөлігі.
Персоналды ынталандыру кезінде еңбекақының уәждемелік функциясы келесі шарттарды қамтиды:
- әрбір жұмыскердің жалақы мөлшері ең алдымен оның ұжымдық еңбек нәтижесіне қосқан жеке үлесі арқылы анықталуы тиіс
- шығарылып жатқан өнімінің тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен күрделігіне байланысты еңбекақының түрлері де көбеюі тиіс
- білікті жұмыс күшін қалыптастыруға қажет мемлекетпен қабылданған аз мөлшерлі еңбекақының көлемі мен әр түрлі еңбек үлестері бар жұмыскердің әлеуметтік жағдай деңгейінің сапалық айырмашылығын көрсететін ең жоғары еңбекақымен ара қатынасымен сақтай отырып, еңбекақының ынталандыру аумағын кеңнйту керек.
- қазіргі кезде сыйақы еңбек белсенділігін аз ынталандырады, көбіне басшылардың талабы орындалмағаны үшін жазалау ретінде қолданылатындығы белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет