Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет21/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   384
Байланысты:
Факултатив
Гер 5лек
ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА
8 - сынып оқушыларына арналған
аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат


Жүзжасарова К.О.
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназияның математика пәні мұғалімі


Пікір жазған: Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі Исмайлов Есетбай Умирзакович


Түсініктеме хат
Бұл бағдарлама гимназияның математикалық бағыттағы 8 –ші сыныбына арналған. Жалпы басшылық қалалық мұғалімдер білімін жетілдіру институттың тереңдетілген кластарға арналған бағдарламасы басшылыққа алынып жасалып отыр.
Қызықты математика курсының мақсаты оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мен ой қорытындылау обьектілерінің өзі және математикада қабылданған олардың құрылу ережелері пайымдауды көмектеседі.
Математиканың ішкі үндестігін ашады, математикалық пайымдаулардың көркемдігі мен әсемдігін түсіне білуді қалыптастырады. Мектеп бағдарламасына қосымша қызықты есептер мен ребустер, кроссвордтар және тамаша теңсіздіктер қарастырылып, оқушының математикаға деген қызығушылығын арттырады.
Әр түрлі логикалық есептер, басқатырғылар және бағдарламадан тыс алынған оқушыға таныс емес ұлы математиктермен таныстырылып, олардың ашқан жаңалықтарын өмірде пайдалана білуге үйретіледі.
Кейбір есептер сабақта пайдалануда тиімді тәсілдер арқылы уақытты үнемдеуге дағдыландырады.
Мақсаты: Факультативтік курстың бағдарламасындағы тақырыптарды оқыту барысында оқушылар оқулықтағы берілген тақырыптарды толықтыратын қосымша материалды меңгерту.
Міндеті: Оқушылардың факультативтік курс бағдарламасын игеру барысын, жекеленген тақырыптардағы ғылыми көзқарастарын қалыптастыру әдістерін қолдану нәтижесін тәжірибеден өткізу.
Өзектілігі: Тереңдетілген сыныптарға арналған бағдарлама жалпы бағдарламамен тікелей байланыста болуы көзделуі керек. Сонда оқушыға өз білімін тереңірек түсінуге мүмкіндік туады.


Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

Математикадан «логикалық есептер» бөлімінде оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны барынша толық және нақты бейнеленген тақырыптардан тұрады.


Бұл бағдарламада логикалық есептердің теориялық аспектілері және бағдарлама мәтіні түсініктеме хатында көрсетілген барлық мақсаттары мен міндеттері, уақыты, сыныптан сыныпқа қалай жүзеге асырылатын көрнекі және нақты көрсетілген.
Әр түрлі тақырыптарды қамтыған, геометриялық және алгебралық есептер өзара байланысты, сатылап бейнеленген. Бұл бағдарлама мәтінінде білімді ғана емес, дағдыны да, және шығармашылық қызмет тәжірибесін, тәрбиелік қатынастар мөошері жан-жақты бейнелеп, көрсетілген. Оқу пәнінің қызметі мен оның мақсаттарын дүзеге асыру бағдарламаның осы бөлімінің құрылымымен тікелей ашылады:
1) Тараулар мен тақырыптарды ерекшелеу.
2) Берілген бағдарлама үшін жетекші болып табылатын есеп мазмұнының маңыздылығын және тізбектелуін көрсету.
Бағдарламаның мазмұндық бөлімі келесі қызметтерді атқарады:
1) Оқу материалының мазмұнын анықтайды.
2) Тараулар мазмұнының көлемін анықтайды.
3) Логикалық есептеудің деңгейін анықтайды.
Бағдарлама мазмұнын сипаттау барысында мынадай талаптар ескерілді.
1) Оқушылар алатын барлық білім түрлерін анықтау.
2) Тиянақты меңгеруді талап ететін мәселелерді ерекшелеу.
3) Оқушылар орындауға қажетті баолық тәжірибелік жұмыстар.
4) Оқушылар алатын білім мен біліктік талаптарының бейнеленуі.
5) Оқушылардың дүниетанымдық, адамгершілік-этикалық мәселеге қызығушылықтарын қалыптастыру.
Курс 2 бөлімнен, кіріспе сабағынан, негізгі бөлім және қорытындылаудан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет