Байланысты: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Ересек топтағы кеңістік ұғымдарымен таныстыру әдістемесі .
Қоршаған ортада бағдарлануын жетілдіру: оң жағында-сол жағында, үстінде-
астында, алдында-артында, ортасында, арасында, жанында, бірге; берілген
нұсқау бойынша жүру, сигнал бойынша бағытын өзгерту, бағыттаушы белгілер
бойынша қозғалыс бағытын өзгерту; басқа заттардың және адамдардың
ортасында өзінің орнын анықтай алу: «мен Айжан және Асхаттың ортасында,
Айсұлтанның артында, Асанәлінің жанында тұрмын»; заттардың өзара
орналасуын сөздік қорда негіздеу: «қуыршақтың оң жағында қоян отыр, сол
жаңында ат, артында – қонжық, алдында – көлік». Қағаздың бетінде бағдарлай
алуын меңгерту (қағаздың оң жағында-сол жағында, үстінде-астында,
ортасында, бұрышында) маңызды болып келеді.