Тақырыбы: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру сабағында қарапайым тәжірибелерді қою әдістемесі Жоспар



бет1/6
Дата16.09.2024
өлшемі43,02 Kb.
#204347
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қоршаған ортамен таныстыру АӘ


Тақырыбы: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру сабағында қарапайым тәжірибелерді қою әдістемесі
Жоспар:
1. Дүниетану сабағындағы тәжірибелер
2. Дүниетану сабағындағы сурет салу
3. Ойын тәсілдерін және танымдық материалды пайдалану
Балаларға табиғи объектілердің қасиеттерін табиғи құбылыстардың мәнін таныстыру қажет болған жағдайларда тәжірибелер өткізудің үлкен мәні бар.
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру сабақтарында өткізілетін тәжірибелер кейбір табиғи құбылыстарды сынып жағдайларында қолдан қайта жасауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың қасиеттерімен, сүзу арқылы суды тазартумен, топырақ қасиеттерімен, тұқымның өнуін бақылаумен және т.б. танысу үшін тәжірибелер қажет.
Тәжірибелер көрсету арқылы немесе жаппай өткізіледі. Мұғалім тәжірибе өткізуге дайындала жүріп, қажетті жабдықтардың болуын тексереді, оны өткізуге қажетті материалды іріктеп алып, сабаққа дейін тәжірибені басынан аяғына дейін толық өткізіп байқайды.
Мұғалім сабақта балаларға тәжірибе кезінде өздерін қалай ұстауды, нені бақылау қажеттігін хабарлайды, тәжірибе өткізгеннен соң оқушылар жауап беруге қажетті сұрақтарды тақтаға жазып қояды.
Мұғалім оқушылардың қандай приборлардың жәрдемімен тәжірибе өткізілетініне көңіл аударады; мынадай сұрақтар қояды:
тәжірибе үстінде не істейсіңдер? Нені бақыладыңдар? Бақылағандарыңнан қандай қорытынды шығардыңдар? Мұндай құбылысты табиғатта қайда кездестіруге болады?
Егер тәжірибе отпен, қышқылмен жүргізілетін болса, немесе балалардың орындауы үшін қиын болса, мұғалім демонстрациялық тәжірибелерді өзі өткізеді. Мұғалім мұндай жағдайда қажетті приборларды балалардың барлығы тәжірибенің барысын көре алатындай етіп, мұғалімнің столына немесе тәжірибелер өткізуге арналған арнайы тұғырға жайғастырады.
Жаппай тәжірибе өткізген кезде кезекшілер оқушыларға тәжірибе өткізуге қажетті жабдықтар мен заттарды таратып береді. Мектеп оқушылары мұғалімнің тапсырмасы бойынша тәжірибе сипатталған бетті оқулықтан ашып, оқиды, мұндағы берілгендердің барлығы түсініктеме екен, соны анықтайды.
Олар нұсқау ретіндегі оқулықтағы сипаттаманы пайдалана отырып, мұғалімнің басшылығымен тәжірибені орындайды. Ең соңында оқушылар алынған нәтижелерді талдап, тиісті қорытындылар жасайды.
Тәжірибені көрсеткенде немесе жаппай өткізгенде асықпау керек, барлығын ұқыптылықпен тексеріп, балаларға табиғи құбылысты қайта жасау кезіндегі жүйелілікті анықтап түсіндіру керек. Мұғалім көрсеткен немесе балалар жасаған тәжірибе негізінде міндетті түрде әңгімелесу ұйымдастырылады, ол тәжірибенің мәнін балалардың қалай түсінгенін нықтай түседі. Әңгімелеу үстінде балалардың табиғаттан бақылағанын тәжірибе кезіндегі бақылаумен салыстыру қажет.
Мұғалімнің міндеті-балаларға бақылау негізінде қорытынды, талдап қорытындылау және салыстыру жасауды үйрету. Тәжірибе барысында сұрақтардың барлығы мынаған келіп тіреледі: тәжірибе арқылы қай құбылысты немесе қасиетті зерттедіңдер? Қандай жабдықтарды пайдаландыңдар? Бақылаған құбылыс қалай өтті? Мұндай құбылысты табиғатта немесе тұрмыста қашан және қайдан бақылауға болады?
2 сыныпта ерекшелігін анықтау үшін және өзара қасиеттерін салыстыру үшін қар және мұзбен тәжіірибелер; өсімдіктің тұқымнан дамуы, бөлмедегі суға батырылған өсімдік бұтағының бүршік жаруы және олардың бүршіктерін табиғаттағы ағаш бұтақтарындағы бүршіктермен салыстыру және т.б. жөнінде ұзаққа созылған тәжірибелер өткізіледі.
3 сыныпта топырақтың негізгі қасиеті мен құрамын, гранит, құм, саз, ізбес тас, шымтезектердің қасиеттерін анықтаудан; болат, шойын, темірдің қасиеттерін салыстырудан тәжірибелер орындайды. Балалар топырақтың, құмның және саздың бұлақ көзі пайда болғанда су өткізуге бейімдігін анықтайды; суды сүзіп, табиғатта су айналымының қалай өтетінін тәжірибемен көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет