Тақырыбы: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру сабағында қарапайым тәжірибелерді қою әдістемесі Жоспар



бет3/6
Дата16.09.2024
өлшемі43,02 Kb.
#204347
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қоршаған ортамен таныстыру АӘ

Пайдаланылған әебиеттер:

  1. Абуова Б.Ж., Сүлеймен Ә.Қ. Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру негіздері. (оқу құралы). Шымкент, 2019.-158 б.

  2. Сихимбаева С.М. Дүниетанудан дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі. (оқулық).Қарағанды, 2019.- 168 б.

  3. Естұрсынова М.К. Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі. (оқу құрал) Астана, 2014, 180 б.


Балаларды қоршаған ортамен таныстыру сабағында оқулықпен жұмыс істеу
Жоспары:
1.Бейнелеу көрнекі құралдарымен жұмыс
2.Экрандық құралдармен жұмыс
3.Планмен, картамен жұмыс
Мектеп пен мұғалімнің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі балаларға жалпы кітаппен, оның ішінде оқулықпен жұмыс істей білуді үйрету. Әрбір оқулық балаларды белгілі білім минимумымен қамтамасыз етіп, олардың сабақта алған мәліметтерін бекіту қызметін атқарады, алған білімді практикада қолдануға үйретеді.
Табиғаттануды оқып-үйренуде оқулықпен класта, сондай-ақ үйде жұмыс істеуге едәуір орын берілген. Мұғалімге балалардың табиғаттағы бақылауын оқулықтың алмастыра алмайтынын, тек олардың назарын белгілі объектілерге бағыттап, бақылауда болатын құбылыстарды жинақтап, қорытуға және оларды жүйеге келтіруге жәрдемдесетінін есте ұстау қажет.
Балалар оқулықтың (мақала, тапсырма, сұрақтар, иллюстрация) жәрдемімен бақылаудағы құбылыстардан негізгілерін бөліп, оларды жинақтап қорытып, соның негізінде түсініктер мен ең қарапайым ұғымдар қалыптастыруды үйренеді.
Оқулықпен өз бетімен жұмыс істеу әдетте үйде өткізіледі, бірақ оған оқушыларды дайындай білу керек, олай етпесе, балалар тексті жаттап алып, оның мазмұнын саналы меңгере алмайды.
Үйге берілген тапсырманы дайындау кезінде оқушыларғатексті дауыстап оқуды ұсыну керек. Оқу сөздің дұрыс болуына, оңай есте қалуына үйретеді. Мақаланы тұтас оқып шыққаннан соң берілген сұрақтарға жауап қайтару керек (тыңдап оқу арқылы).
Балаларға қиындық келтіретін сөздерді, сөз тіркестерін, ұғымдарды мұғалім әңгімелеу барысында сабақ үстінде түсіндіруге тиіс.
Оқулық оқушылардың программа белгілеп берген тірі және өлі табиғат туралы түсініктерді, олардың өзара әрекеттері мен адам еңбектеріне әсерін игеруге көмектеседі. Оқулықпен жұмыс балалардың табиғатты бақылауымен, оны “Бақылау күнделігіне” және жалпы кластық табиғат пен еңбек календарына жазып алумен ұштастырылуы қажет.
Оқулықта берілген карталар “жұмыс істеуі” үшін балаларға әртүрлі мақалаларда ескертілген географиялық объектілердің бірін картадан таба білуді жиі ұсыну керек. Оқулықта түрлі-түсті иллюстрациялар өте көп. Алайда суреттер дегеніміз ол оқулықты көркемдеу емес, оқулықтың мазмұны мен методикалық құрылымының маңызды элементі. Суреттер балалардың ойлау әрекетіне көрнекі тірек болып, сананы табиғат нәрселері мен құбыфлыстары туралы нақтылы түсініктермен байыта түседі, баланың сезіміне әсер етеді.
Мұғалімдер оқулық текстімен жұмыс істеуді ұйымдастыра отырып, көбінесе иллюстрацияларды пайдаланбайды, балаларға суреттерді анықтап қарауды, текспен үйлестіруді, олардан қандай да бір мәлімет алуды үйретпейді.
Егер балалар суретке тек шала шарпы ғана көз салса, онда бейнеленгеннің көпшілігн байқамай қалады. Суретті бұлай үстірт қабылдаудан келер пайда аз. Мектеп оқушыларын бейнелерге жүйелі түрде зер сала білуге, суреттің мазмұнын аша отырып, белгілі мақсатқа сәйкес талдауға үйрету қажет.
Бұған балалардың назарын нәрселер немесе құбылыстардың маңызды элементтеріне, бейнеленген суретке, сурет пен тексті салыстыратын тапсырмаларға бағыттайтын мұғалімнің сұрақтары жәрдемдеседі.
Оқулықтағы суретпен жұмыс істесе, балалардың текст мазмұнын жақсы ұғынып, меңгеруіне жәрдемдесіп, бақылағыштылығын дамытады.
Оқулықтағы әрбір тақырып соңында берілген сұрақтар мен тапсырмалар өткенді пысықтап, қорытындылауға арналған. Балалар осы сұрақтар бойынша өз білімі мен іскерліктерін сабақтың қарсаңында өздігінен пысықтап,сынайды, ал сабақта мұғалім бүкіл тақырып бойынша өтілген материалдың меңгерілуін жаппай тексереді.
Бақылаулар мен тәжірибелерді ұйымдастыруға бағытталған тапсырмаларды орындауға оқушының назарын аударудың маңызы зор.
Мұндай тапсырмалар әсіресе “Туған өлкеміздің табиғаты” тақырыбында көп берілген.
Дүниетануға арналған бағдарламалар мұғалімдерге оқулықпен жүргізілетін жалпы және ішінара жұмыста инициатива және шығармашылық көрсетуге кең мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет