Компас бойынша жергілікті жерді бағдарлау; Кубиктің,столдың планын сызу; Масштап туралы ұғым; Чертеждердегі бағыттар мен нәрселерді кескіндеу; Жергілікті жердің планын, оның масштабы, бағыттарын кескіндеу; Планның суреттен айырмашылығы; Шартты белгілер топографиялық планды(жергілікті жердің планын) оқу; Карта,оның масщтаб бойынша планнан айырмащылығы; Совет одағының картасы, оны оқу; Картадан өз қаласын немесе аудан орталығын табу. Оқушылар “Бағдарлау” тақырыбынан бастап көкжиек туралы ұғым алып, көкжиек тұстарын қалай анықтауды біліп алады, жергілікті жердегі қашықтықты өлшеуді үйреніп, чертеждегі жеке нәрселердің орны белгіленген шартты белгілер туралы түсінік алады.
Бұдан соң жергілікті жердің планын талдауға және оқуға, картамен, оның масштабымен , бағыттардың бейнеленуімен танысуға көшеді.
Оқушылар 3 сыныпта жүріп-ақ план мен картаны оқып үйренгенде кейбір қиындықтарға кездеседі. Солардың бірі –планда кескінделетін нәрселердің өзгеше болуы. Пландағы жердің барлығы үстіңгі жағынан қарағандағы көрінісімен беріледі, онда нәрсенің өз түсі, көрінісі болмайды, тек оның тұрған жері ғана белгіленеді.
Нәрселердің барлығы шартты белгілермен көрсетіледі. Жер бетінің өзі де кішірейтілген түрде беріледі. Планда және әсіресе картада жер бетінің жалпы кескіні сызылып, айналадағы тұрған жерді бағдарлайтын ұсақ-түйектер толық қамтылмайды.
Картаны оқу, одан жалпы географиялық обьектілерді (теңіздер, өзендер, тауларды және т.б.) таба білуден басқа мұғалім 3 сыныпта оқушылармен бағдарламада белгіленген географиялық атауларды меңгерумен жұмыс жүргізеді.
Қандай да бір обьекті туралы айта отырып, мұғалім оны тек атап қана қоймай, сол атаудың мағыналық мәнін де түсіндіріп, обьектіге шағын сипаттама беруі, белгілі бейне жасай білуі қажет. Балалар өздеріне нақтылы мағлұматтар берілмеген географиялық обьектілердің орналасуын қиын меңгереді. Бір сабақты көп атауды бірден беруге болмайды. Балалар оларды жадында тұтып,есте сақтай алмайды.
Мұғалім картадан обьектіні көрсетуден бұрын ол туралы әңгімелеп, картинадан көрсетеді, өзіне тән ерекшеліктерді айқындап,еліміз үшін оның маңызын түсіндіреді.
Мысалы, мұғалім балаларға Қара теңізді көрсете отырып, оның қатпайтынын айтады. Дауыл соққан кезде, әсіресе күзде және қыста оның беті мүлде қап-қара болып көрінетіндіктен де ол Қара теңіз аталған, алайда ол толқынсыз тыныш жатқанда күнге шағылысып, ашық көгілдір түске енеді. Мұғалім “Теңіздегі дауыл” картинасын көрсетіп, онымен “Қырымның оңтүстік жағасы” картинасы немесе 3 сыныпқа арналған таблицалар сериясынан “Толқынсыз тыныш теңіз” картинасын салыстырады.
Жаңа атауларды хабарлап оларды картадан көрсету алуан түрлі болуы мүмкін. Мәселен мұғалім, материктер мен мұхиттарды оқытқанда оларды картадан көрсетеді, ал балалар ол объектілерді өздерінің столындағы картадан табады. Мұғалімнің объектіні өзі көрсетпей аттарын ғана атауға болады. (Мысалы мұхит немесе материк). Балалар оны өз столындағы картадан өз бетімен іздеп табады.
Мұғалімнің тақтаға материктің атын алдын-ала жазып қоюына болады. Ал балалар қажет болған жағдайда ол атауларды оқып, глобустардан немесе жарты шаралар картасынан табады.
Контур картамен жұмыс істеу методикасы негізінен алғанда оны физикалық жарты шарлар картасымен немесе СССР-дің физикалық картасымен салыстыруға құрылады. Мұғалім материктер мен мұхиттарды балалар оқып үйренген соң осы тақырып бойынша жарты шарлар контур картасынана жұмыс жүргізеді.
Оқушыларға физикалық және контур жарты шарлар картасын қатар қойып, алдымен физикалық картадан, соңынан контур картадан Солтүстік Америка материгін тауып, Солтүстік Америка жағасы батысынан қай мұхитпен, шығыс жағынан қай мұхитпен ұласатынына жауап беруді ұсынады. Балалар контур картадан аталған материк пен мұхиттарды тауып алып, олардың аттарын жазады.
К а р т а н ы, к ө р н е к і қ ұ р а л д а р д ы ә р т ү р л е р м е н ү й л е ст і р у. Балалардың картадағы шартты белгілерді жақсы талдап түсінуі үшін оны көрнекі құралдардың басқа түрлерімен-қабырғаға ілетін картинамен, диапозитивтермен, кинофильмдермен, моделдермен, гербарийлермен, фотосуреттермен үйлестіре жұмыс істеу қажет.
Мысалға тайганың орналасқан жерін көрсете отырып мұғалім тайга белгіленген картинаны көрсетеді, жеке өсімдіктердің гербарийлерін, тайгада мекендейтін жануарлардың фотосуреттерін немесе суреттерін көрсетеді.
Көрнекі құралдар картаны нақтылап, балаларға картадағы шартты белгілер нені білдіретінін көрсетуге тиіс.
Балалар картинаның жәрдемімен жер беті туралы түсінік алады, ал физикалық картадағы шартты белгілерден картинада бейнеленген жер бетін көреді.
Б а с т а у ы ш м е к т е п к е а р н а л ғ а н к а р т а л а р д ы ң т ү р л е р і. Бастауыш мектепке арналған карталардың орта мектепке арналған карталардан кейбір белгілері бойынша айырмашылығы болады.
Масштаб бейнелеуде де бастауыш мектепке арналған картада да ерекшелік бар. Бастауыш мектеп үшін сызықтық масштаб беріледі және ол былай жазылады: 1 см – 50 км (50 км-ге 1 см).
Масштаб мектепке арналған карталр неғұрлым ашық түске боялады, бұл балаларды өзіне тартып, кратаның жасы оқылуына мүмкіндік жасайды.
Орта мектепке қарағанда бастауыш мектепке арналған картада берілетін жүктеме едәуір аз болады. Карта жүктемесі дегеніміз ол сонда берілген объектілер мен атаулардың бейнелеудің мөлшері. Картада атаулар неғұрлым көбірек берілсе оны оқу, ондағы шартты белгілерді есте ұстау да соншама ауырлай түседі. Атаулар картаны толтырып жібереді де оқушылар оларды оқыған кезде шартты белгілерге назар аудара алмай қалады. Кез-келген картаның жүктемесі программа талабына немесе оның атқаратын міндетіне сай белгіленеді.
К а р т а д а н к ө р с е т у е р е ж е л е р і. Мұғалім картадан көрсету кезінде картаны жауып қалмай, объектілерді тек жіңішке көрсеткішпен ғана көрсететін болуы керек. Көрсеткіштің ұзындығы 50 см-ден кем болмауы және 75 см-дан ұзын болмауы қажет. Картадан нақтылап көрсеткен дұрыс: объектінің атын емес, қайда орналасқанын көрсетеді. Карта бойынша сөйлегенде оқушы география тілімен сөйлеуге тиіс: “жоғарыда” демей, “солтүстікте”, “төменде” демей, “оңтүстікте” деу керек. Атаулардың барлығында айқын екпінді дұрыс түсіре және бұрмаламай айту жөн болады.
Г л о б у с п е н ж ә н е ж а р т ы ш а р л а р к а р- т а с ы м е н т а н ы с т ы р у . “Жер шары” тақырыбында балаларға планетамыз туралы ғылыми формада бастапқы түсінік беріледі, Жердің формасы мен шамасы туралы ең алғашқы ұғымдар, оны глбуста және жарты шарар картасында бейнелеу әдістері қаланады.
Оқушылар бәрінен бұрын глобустың Жер моделі болып табылатынын айқын түсінуі керек.
Мұғалім Жер формасын сипаттай келіп, тұғырынан алынған глобусты көрсетеді, оны бөлме төбесіне жіңішке жіпке іліп қойса тіпті жақсы болады.
Балалардың назарын глобус Жер моделі деген ойға аудару керек. Ол да физикалық карта тәрізді түспен боялады, бірақ пішіні шар тәрізді. Жіпке ілініп тұрған глобусты апйдалану қолайсыз, сондықтан оны тұғырға орналастырады. Глобус Жердің формасы, оның беті, құрлық пен су кеңістіктерінің бейнесі, полюстер, экватор, Жер шарын жарты шарларға-Солтүстік және Оңтүстік, батыс және шығысқа бөлу туралы аса дұрыс түсінік береді.
Глобустан жарты шарлар картасымен жұмыс істеуге көшу үшін мұғалім ескі глбустан қарапайым құрал әзірлеп алуы қажет.
Глобустан батыс бойлықтың 200 және шығыс бойлықтың 1600 тілігін меридиан бойынша абайлап тіліп алып, екі жартыны бекітеді (ол үшін бір жағын экватордың астыңғы жағына келтіріп жіңішке ызба баумен желімдейді де қарама-қарсы жақтарға глобустың жартысына түймелейді немесе күршекпен іліп қояды). Қолайлы болу үшін әрбір жарты бөліктің үстіңгі жағынан жеке ілмекше даярлап қою керек. Балалар глобустың әрбір жартысын анықтап қарап, оларды жарты шарлар картасымен салыстырады.
Пайдаланылған әебиеттер: Абуова Б.Ж., Сүлеймен Ә.Қ. Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру негіздері. (оқу құралы). Шымкент, 2019.-158 б.
Сихимбаева С.М. Дүниетанудан дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі. (оқулық).Қарағанды, 2019.- 168 б.
Естұрсынова М.К. Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі. (оқу құрал) Астана, 2014, 180 б.