«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет110/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

МАНГЕНТБАЙ А. 
(ТАРАЗ, ҚАЗАҚСТАН) 
 
САЛЫҚТАР - БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ЖАҚСАРТУ 
ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Салық - елдің мемлекеттік өркениетінің негізгі көрінісі. Салық 
мемлекетпен бір жақты бағытта бекітіледі. 
Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін міндетті 
төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 12-ші бабының 34-ші пунктіне 
сәйкес салықтар - бұл осы Кодексте қаралғандай бюджетке бір жақты 
төленетін, белгілі бір мөлшерде, қайтарымсыз сипатта жүретін міндетті 
төлемдер. Сонымен қатар, 4-ші пунктіде көрсетілгендей, басқа да міндетті 
төлемдер деп осы Кодексте көрсетілген мөлшерде және жағдайда төленетін 
төлемдер, жиындар, баждар түріндегі бюджетке ақшалай аударымдар аталады.
Қазіргі өркениетті қоғамда салықтар - мемлекеттің бюджет саясаты 
жақсаратын мемлекеттің негізгі кіріс көзі. 
Салықтар бюджет жүйесінің барлық тараптарында жинақталатын ұлттық 
табыстың бір бөлігі; бұл заңмен алдын-ала белгіленген мөлшерде және 
мерзімде төленетін заңды және жеке тұлғалардың міндетті төлемдері.
Қазіргі Қазақстан аимақтарында жүзеге асып жатқан салық жүйесі 
салықтардың көптүрлілігімен, дәлірек айтсақ, тікелей және жанама 
салықтардың түрлерімен сипатталады. 
Бюджеттің кіріс бөлігіндегі салықтарды зерттеу мәселесінің маңыздылығы 
- заң аспектілеріне қатысты. Тәуелсіздік алғалы бері бюджеттік қатынастарды 
реттейтін, оның ішінде бюджет қаражаттарын қалыптастыру мен жұмсаудың 
негізгі ережелері қамтылған заң актілері бес рет қабылданды. Жалпы, әрбір 
келесі қабылданған заң актілері жетілдіріліп отырды. Ал, өз кезегінде 
Қазақстанның бюджет жүйесі туралы алғашқы заң актісі 1991 жылы 17 
желтоқсанда тәуелсіздік жариялана сала, келесі күні қабылданған болатынын 
айта кету керек [3, 31б.].
Еліміздің бюджетіне түсіп отырған салық түсімдерінің қарқындылығын 
зерттеу барысында бірқатар қиындықтар болды. Сонымен, бүгінде түсімдердің 
жіктемесі өткен кезеңдердегі түсімдерге сәйкес келмейді. Осыған баиланысты, 
Қазақстанның бюджет жүйесін заңмен реттеу кезеңдерін атап өту қажет: 
1) 1994 - 1998 жылдар (жыл аяғына дейін). Бұл кезеңде бюджет саласын екі 
заң реттеді - 1991 жылы 17-ші желтоқандағы ҚР "Қазақстан Республикасының 
бюджет жүйесі туралы" Заңы және 1996 жылғы 24-ші желтоқсандағы ҚР 
"Бюджеттік жүйе туралы" Заңы. 
Аталмыш кезең - Қазақстан және оның экономикасының қалыптасу кезеңі, 
сол кезеңдегі республика бюджеттерінде көрінісін тапты.
2) 1999 - 2004 жылдар - 1999 жылдың 1-ші сәуіріндегі ҚР «Бюджет жүйесі 
туралы» Заңы. 
3) 2005 - 2008 жылдар - Қазақстан Республикасы алғашқы Бюджет 
кодексінің іске қосылу кезеңі.


208 
4) 2009 - 2015 жылдар. 
Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің жариялы мәліметтеріне 
сәйкес, 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік 
бюджетіне 7,63 трлн астам теңге түсті. Нәтижесінде бюджеттің кіріс бөлігі 
5,4% немесе 400 млрд. теңгеге артық орындалды.
Сонымен, түсімдердің артуына теңгенің девальвациясы өзінің қомақты 
үлесін қосқандығы тағы бар.
2015 жылғы құлдыраудан кейін 2016 жылы Қазақстан бюджетіне салықтық 
түсімдердің көлемі қалпына келтірілді. 2015 жылдан кейін Қазақстанның 
мемлекеттік бюджетінің түсімдер қарқындылығы алғашқы рет оң бағытта 
қозғалды.
5) 2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы 2014 
жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы. Заңға сәйкес, 
түсімдер мен дефициттің жоспарланған көлемінен қарағанда бюджет 
шығыстарын 2015 жылы 7 855,1 млрд. теңгеден 2017 жылы 7 943,6 млрд. 
теңгеге дейін ұлғайтуы көзделді. Бұл ретте Мемлекет басшысының 
тапсырмасына сәйкес еліміздің әлеуметтік саладағы жаңа міндеттеріне 2015 
жылы 194,1 млрд. теңгеден 2017 жылы 599,7 млрд. теңгеге дейін бағаланды. 
Сонымен қатар, бюджетте білім беру және ғылым саласының шығыстары 
1 788,8 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде аталған саланы қаржыландыру 
биылға қарағанда 76,1 млрд. теңге немесе 16,6 пайызға өсіп, 2015 жылы - 535,8 
млрд. теңге болды. Денсаулық сақтау жүйесіндегі шығыстар 2 120,7 млрд. 
теңгені, оның ішінде биылғы жылмен салыстырғанда 54,8 млрд. теңге немесе 
8,5 пайызға ұлғайып, 2015 жылы - 700,1 млрд. теңгені құрады. Бұдан бөлек, 
2015 - 2017 жылдарда Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік 
бағдарламасының екінші кезеңін іске асыруға 232,9 млрд. теңге қарастырылды. 
6) 2016 жылғы 29 қарашадағы 2017 - 2019 жылдарға арналған 
республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 
Еліміздің ең басты қаржылық құжаты – «2017-2019 жылдарға арналған 
республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда 
мақұлданды. 2017 жылғы мұнай бағасы халықаралық қаржы институттарының 
болжамына қарағанда 41 мен 61 АҚШ доллары аралығында болатындығы 
айтылды. Осының ішінен бюджеттің параметрлерін негіздеуге мұнай бағасы 35 
доллар болады деп консервативтік деңгей алыныпты. Ал металл бағаларына 
2016 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 11 пайызға өседі деген болжам негізге 
алынған. Мұнай өндіру көлемі 2017 жылы 79,5 млн тоннаны құрап, 2021 жылға 
қарай 86,5 млн тоннаға дейін өседі деп күтілуде. Ал ІЖӨ-нің 2017 жылғы нақты 
өсуі 1,9% болып, 2021 жылға қарай 3,1% дейін жетеді деп болжанған. 
Ақшаға шаққанда бұл – 2017 жылғы 48,4 трлн теңгеден 2021 жылы 63,6 
трлн теңгеге дейін өседі деген сөз. Ал халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ 
2017 жылғы 7,5 мың АҚШ долларынан 2021 жылы 10,0 мың АҚШ долларына 
дейін ұлғаяды деп болжанған. Сонымен қатар, инфляция деңгейінің 2017 
жылғы 6-8% шегі 2021 жылға қарай 3-4%-ға дейін төмендейтіні болжанды. 
Осындай болжамдар негізінде 2017 – 2019 жылдарға арналған бюджеттік 
параметрлер мынадай болмақшы: Республикалық бюджеттің кірістері 


209 
(трансферттерді есепке алмағанда) 2017 жылы 4 338,2 млрд теңге; 2018 жылы – 
4 562,3 млрд теңге; 2019 жылы – 4 877,2 млрд теңге. 
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыруға бұдан бұрынғы 
Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған 720 млрд теңгенің ішінен 
2017 жылы 441,6 млрд теңге мөлшерінде нысаналы трансферт тарту 
жоспарлануда. Қалған 278,4 млрд теңге Ұлттық қордың резервінде қалды.
Салықтардың түрлеріне қарай салықтық түсімдерді талдау Қазақстанда 
негізгі салықтардың түрлері - корпоративті табыс салығы және құнға қосылған 
салық екендігін көрсетті.
Салықтық түсімдер республикалық бюджетті толықтырудың негізгі көзі 
(бюджетке түсетін барлық түсімдердің 60-70 %), болатын болса, корпоративті 
табыс салығы және құнға қосылған салықтың рөлі маңызды екіндігін айта кету 
керек [3, 54б.]. 
Бүгінгі күнде мемлекеттің бюджет саясатын салық түсімдері арқылы 
жетілдіру мәселесі өте өзекті болып отыр. Әрбір елде сияқты, Қазақстандағы 
экономикалық дағдарыс өзінің тәртібі мен сәйкес түзетулерін енгізді. Ол 
экономикаға кері әсерін тигізді, банкаралық несиеде пайыздар жоғарылады
елден капитал сыртқа шығып кетті, бұның барлығы ұлттық валютаның 
әлсіреуіне септігін тигізді, артынша бюджетке салықтық түсімдердің түсу 
көлеміне әсер етті.
Қазақстан - экономикасын қолдау үшін мұнай қорын ашқан, мұнайға 
нақты бағаны есептеу арқылы бюджетті ұтымды ету шараларын жүргізіп, 
шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізген ТМД елдерінің 
ішіндегі алғашқы мемлекет. Аталған шаралардың барлығы еліміздің жедел 
жаңарған экономика және мемлекеттік басқару жүйесіне өтуіне мүмкіндік 
берді. Салықтарды төмендету туралы мәселе талқылау кезеңінде. Бұл мәселе 
бірыңғай емес, олай дейтініміз мұнайға баға төмендесе, бюджет дефицитіне 
алып келуі мүмкін.
Мұнымен қатар, Қазақстан үшін мемлекеттік қаржы ресурстарын 
мақсатсыз пайдалану мәселесі өте өзекті болып отыр, өйткені, республикалық 
бюджетті орындау тиімділігі деңгейіне, мемлекеттік саясаттың әртүрлі 
бағыттарын дамыту үшін бюджет қаражаттарын пайдалануға мемлекетің 
қаржы-бюджет жүйесінің тұрақтылық деңгейі, елдің әлеуметтік және 
экономикалық дамуы тікелей қатысты.
Осы аядағы қазіргі заңдарымыз, дәлірек айтсақ, "ҚР Бюджет кодексі", 
"Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 
Кодексі" (Салық кодексі), "Мемлекеттік тапсырыстар туралы" ҚР Заңы 
жетілдірілуде. 
Жоғарыда мазмұндалғандармен қатар, мемлекеттің салық саясаты, бюджет 
қаражатын тиімді пайдалану - мемлекет пен қоғамның негізін қалаушы 
факторлар. Бұл факторлар елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына, елдің 
қаржылық тұрақтылығына, халықтың әл-ауқатының артуына, Қазақстан 
Республикасының елдігі мен өркениетінің нығаюына септігін тигізеді.
Жетілдіру мақсатында салық саясаты келесідей бағыттарға бағытталуы 
керек:


210 
1. Ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, бұл дегеніміз салық салудың шегін, 
салықтың ұлттық табыстағы үлесін бекітуді білдіреді.
2. Түсімнің асып түсуін қамтамасыз ету. Бұл салықтарды ынталандыру 
мүмкіндіктері, салық элементтерін пайдалану арқылы жүзеге асады. Салық 
салуға мұндай қажеттілік салық көзінің, негізінің кеңеюіне бағытталған, яғни 
салық төлеушінің табысы неғұрлым көбірек болса, соғұрлым салық мөлшері де 
арта түседі.
3. Кәсіпкерлік істі дамытуға қолайлы жағдайлар жасау.
4. Әлемдік нарықта шаруашылық үдерістердің жеткілікті конъюнктурасын 
және ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Салықтарды өндіруді ұйымдастыру кезінде келесідей шараларды жүргізу 
қажет:
• салық жеңілдіктерін, шегерімдерді белгілеу (мысалға, жер қойнауын 
игеруге жеңілдіктер, кен өндіру саласын салық салудан босату, ғылыми-зерттеу 
қызметін салықтан босату және т.б.); 
• инвестицияларды реттеу (мысалға, инвестициялау мақсатында 
бағытталатын табыстың бір бөлігі салықтан босатылады); 
• жедел амортизация саясатын жүргізу. 
Сонымен, салық жүйесін жетілдіру салық саясатын жетілдіруден негіз 
алады деп қорытындыламақпыз .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет