«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет113/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

МИРАМҒАЛИЕВА С.Б.
 
МЕКТЕПТЕ ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСТЫ ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ 
 
Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. 
Қазіргі кезде қоғамның кәсіптік нақтыланған және жоғары мәдениетті
белсенді мүшесін дайындау міндеті тұр. Ол міндетті шешу үшін әрбір оқушыны 
әлеуметтік бағдарланған білім жүйесімен қамтамасыз ету керек.
Физиканы оқыту үдерісінде оқушыларға тек білім беру ғана емес, 
қоршаған ортаны танып білуге, дүниетаным негіздерін қалыптастырып, өз 
бетінше әрекет етіп, проблемалар шешуге үйрету қажет. Осы мақсатта 10-11 
сыныптарда жүргізілетін қолданбалы курсының рөлі өте зор.
Қолданбалы курстар әр оқушының ынтасы мен бейімділігіне байланысты 
ұйымдастырылады. Бұл курстар жеке білім бағдарламасын құрудың негізгі 
құралы болып табылады. Қазақстан Республикасында жақын арада жоғарғы 
мектептік білімде бағдарлы оқыту енгізілді, құрамалық бөлік жалпы білімдік 
базаға байланысты тереңдетілген (мамандандырылған және бағдарлы) және 
қолданбалы курстар.
Қолданбалы (элективті) курстардың бағдарламасын жобалау. 
1.
Қандай жұмыс түрлері арқылы курстың мақсаты және мазмұны 
толық жүзеге асырылды. 
2.
Курс мазмұнының базалық курс мазмұнынан айырмашылығын 
көрсету 
3.
Курс қандай оқу және қосымша материалдармен қамтамасыз 
етілген. 
4.
Берілген мазмұнға сәйкес қандай жұмыс түрлерін жүргізуге болады. 
5.
Өз жетістіктерін бағалау және келешекте оқуын жалғастыру үшін 
оқушы қандай жұмыс түрлерін жүргізе алады. 
6.
Оқушы белсенділік таныту үшін қаншалықты өздігінен жұмыс істей 
алады. 
7.
Аталған курстың мазмұнын бағалау қандай критерий арқылы 
жүзеге асады. 
8.
Оқушы үшін курс немен аяқталады. 
Оқу бағдарламасын анықтау 
Оқу бағдарламасы
– белгілі бір оқу курсының мақсаты мен мазмұны 
айқындалған және оқу процесінде тиімді нәтижемен ерекшеленетін нормативті 
құжат. 
Қолданбалы курсты оқытудың мақсаты жалпы және кәсіби бағыттағы 
білім берудің арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету арқылы оқушылардың 
бейінділіктері мен қажеттіліктерінің толық жүзеге асуына жағдай жасау. 
Берілген қолданбалы курс оқушыларға ғылыми-жаратылыстану бағытында 
оқудағы механика заңдарының техникалық құрылғыларды қолданылуына, 
техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принципінің физикалық негіздерімен 
танысуға байланысты сұрақтарды жүйелі түрде оқуға бейімдейді, 


217 
шығармашылықпен жұмыс істеуге пән аралық байланысты тереңдетуге 
жетелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет