«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет181/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

Литература
1. Сейтенова С.С., Накешева С.Т. Трёхъязычие в профессиональной 
подготовке специалистов в казахстанских вузах // Актуальные вопросы 
современной науки: МатериалыXlV Междунар. науч.-практ. конф. — М.: Изд-
во «Перо». — 2012.
2. Корректировочные задания по фонетике для студентов-иностранцев. 
Алма-Ата, 1989. 
3. Использование каналов связи в обучении русскому литературному 
произношению студентов казахского вуза // Рынок, и проблемы развития науки 
и техники Казахстана / Тез. докл. - М., 1992.
СУЛЕЙМЕНОВА С.Н. 
(АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН) 
ШЕТ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
Қазіргі кезде білім беру парадигмасы өзгерді. Ол бұрын пәнге бағытталған 
түрде жүргізілсе, енді жеке тұлғаға бағытталған түрде жүргізілетін болды. Бұл-
қоғамдағы өзгерістерге байланысты туындаған объективті процесс. Бұрынғы 
оқыту технологиялары оқушылардың жалпы оқуға деген ұмтылыстары мен 
біліктіктерін қалыптастыруға бағытталған еді. Онда оқытылатын пәннің өзі 
оқыту мақсаты тәрізді болатын да, ал оқушы -соған жету құралы болып 
саналатын. Осының нәтижесінде көптеген оқушыларда оқуға деген оң көзқарас 
қалыптаспайтын. Білім беру саласында мүмкіндіктерді пайдалана отырып, 
оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияны тиімді пайдалану, оқытуды 
жетілдіре түсу, оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың білім 
деңгейін халықаралық стандартқа сәйкестендіру – ең басты бағыттардың бірі 
болып саналады [1, 16 б.]. 
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық 
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. 
«Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен 
біріктірілген
пәндер 
мен 
әдістемелердің: 
оқу-тәрбие 
процессін 
ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, 
мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда 
әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына 
жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». Интерактивті технология түрлерін 
сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің 
дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына 
әкеледі [2, 1 б.]. 


326 
ХХ ғасырдың 60-жылдары білім беруде интерактивті технология кеңінен 
қолданыла бастады. Кейбір ғалымдар оны оқытудың практикалық әдісіне 
жатқызады, ал басқалары оны ерекше топқа жатқызады. интерактивті 
технологияларды әдістерден бөліп, ерекше топқа жатқызу біріншіден, олардың 
көрнекілік, сөздік және практикалық әдістердің элементтерін ала отырса да, 
олардың тыс екендігінде, ал екіншіден, олардың өзіне тән ерекшеліктерінде 
болып табылады [3, 204 б.].
 
Интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі - inter (өзара), act 
(әрекет жасау) ұғымын білдіреді, оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс 
істеп, бір-бірімен ой-пікір алмасып, сабақ барысына барлық оқушылардың 
қатысуын талап ететін оқыту барысы. Бұл технология - шет тілін оқыту 
барысында қолданатын таптырмас құрал болып табылады, себебі интерактивті 
оқыту оқушының жеке өздігінен ізденуіне, топтасып оқып үйренуіне, іс-
әрекет барысында білім алуға, оқушыларлың өздерін бағалай білуіне мүмкіндік 
береді. 
Интерактивті технологияларды біз оқытушы мен оқушының арасындағы 
оқыту үрдісін ойын түрінде ұйымдастырылған жүйе ретінде қарастырсақ 
болады, яғни педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері 
мен тәсілдерінің жиыны. Ондағы мақсат оқушылардың қарапайым болса да өз 
ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып пікір алмасуға үйрету. 
Ойындар оқытудың әдісі ретінде оқытудың белсенділігін арттырудың үлкен 
мүмкіндіктеріне 
ие. 
Интерактивті 
ойындар 
арқылы 
оқушылардың 
шығармашылық ойлауын қалыптастыру – бүгінгі өмір талабына сай азаматты 
тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі. Сабақ барысында ойын элементтерін 
тиімді пайдалану оқушылардың сабаққа ынтасын арттырады, олардың білімді 
терең, өмірмен байланыстырып игеруіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге 
өткізілген тәжірибелердің нәтижелері дидактикалық ойындардың оқытуда 
маңызы роль атқаратынын көрсетеді [4, 65 б.].
Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының 
шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана 
білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Интерактивті технологиялардың 
түрлері өте көп, солардың ішіндегі ең жиі қолданылатындарына тоқтай кетсек.
 
Кейс стади технологиясы – арнайы модельденген немесе нақты өндірістегі 
жағдайларды талдау, мәселелерін анықтау, альтернативті шешімдер іздеу,
мәселенің оптимальды шешімін қабылдау барысында қолдануға негізделген 
технология.
 
Кейс әдісі алғаш рет АҚШ-тың Гарвард университетінің құқық 
мектебінің оқу үрдісінде 1870 жылы қолданылған болатын, ал сол жердегі 
бизнес мектебінде 1920 жылдан бастап қолданыла бастаған. Оқытудың нақты 
жағдаяттар жинағын шығарып, кейс стади амал тәсілін қолдану жолдарын 
көрсеткен ғалым Копленд ең алғашқылардың бірі болып өз еңбектерінде осы 
термин атауын пайдаланған екен [5, 112 б.]. Кейс әдісін шет тілін оқытуда 
қолдану кеңінен таралған, себебі бұл кез келген проблеманы талдап талқылауға 
бағытталған технология. Оқушыларды топтарға бөліп, оларға сабақ 
барысындағы тақырыпқа байланысты проблемларды немесе жағдаяттарды 
беріп бір шешім табуға үгіттейді. Жағдаяттарды талдау барысында оқушылар 


327 
бір бірімен пікір алмасып бір шешімге келеді әрі оқушылардың сөйлеу мен 
тыңдау мәнерінің дамуына септігін тигізеді. 
Миға шабуыл (brainstorming) – топ мүшелерінің белгілі бір тақырып 
бойынша белсенді жұмыс істей отырып, соған қатысты айтылған идеяларын өз 
ішінде талқылап, ортақ келісімге келгендерін негіздеп жазып ұсыну әрекеті. 
Бұл әрекет жүргізуші тарапынан нақты белгіленген уақыт көлемінде 
орындалуы шарт. Миға шабуыл әдісін 1941 жылы А.Ф.Осборн ұсынған 
болатын. Әуел баста жарнамалық бизнесте қолданылған бұл әдіс адамның 
шығармашылық ойлауына қозғау салу мақсатын көздеген еді. Бұл әдістің 
негізгі міндеттері: мүмкіндігінше көп идеяларды жинақтау; ғылыми немесе 
оқуға қатысты мәселелерді шешу; студенттердің шығармашылық ойлауын 
дамыту; ынтымақтастықты дамыту [4, 60 б.]. 
Джигсо әдісі – мәтін оқуға арналған интерактивті технология. Оқытушы 
оқушыларды топтарға бөледі, оларға ұзақ біртұтас мәтінді бірнеше кішігірім 
бөліктерге бөліп таратады, білімгерлер тек өзінің бөлімдерін оқып 
топтағыларға түсіндіреді, осылайша бұл мәтін талқыланып, мазмұндалады. 
Тәлімгерлер сөйлеу мен оқу мәнерін дамытады. 
Рөлдік ойын – бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе 
эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын ала бөлінген рөлдер арқылы 
қатысушы топтардың сахналап ойнауы. Рөлдік ойындар шағын топтарда 
жүргізіледі (3-5 қатысушы). Қатысушы тапсырма алады, рөлдерді бөледі, 
жағдайды ойнайды және барлық топқа көрсетеді. Оқытушы балалар мінез 
құлықтарын ескере отырып рөлдерді өздері бөледі [4, 63 б.]. Шет тілі 
оқытушысының алдына қойған мақсаты, білімгерлерді шет тілінде сөйлету 
болғандықтан, оқытушының алдында тұрған басты міндеттердің бірі шет тіліне 
үйретудің түрлі әдістерін сұрыптай келе, ең тиімдісін өз сабағында қолдану. 
Оқушылардың 
сөйлеу 
әрекетін 
жақсартуға 
негізделген 
тиімді 
технологиялардың бірі – рөлдік ойын. 
Қорыта айтқанда интерактивті технологиялар оқушылардың бойында жаңа 
қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тілді оқыту 
барысында студенттердің әртүрлі проблемаларды талдау және оларды шеше 
білу қабілетін дамытуға, ақпаратпен жұмыс жасауды үйретуге де үлкен 
мүмкіндік туғызады. Қазіргі уақытта шет тілдерін оқытудың бір ерекшілігі – 
оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге 
енгізуге ұмтылуы. Интерактивті технологиялар – бұл білімнің басымды 
мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін 
ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, 
мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда 
әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына 
жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет