ДУЛАТОВА Г. С.
(ШЫМКЕНТ, ҚАЗАҚСТАН)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРОКУРАТУРА
ОРГАНДАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасында прокуратура органдарының құқықтық
мәртебесі мен өкілеттілігін, даму тенденцияларын зерделеу өзекті тақырыптың
бірі болып табылады.
Қоғамда болып жатқан демократиялық даму үрдістері мен нарықтық
қатынастардың даму барысы прокуратура орагандары қызметін дамытудың
жаңа бағыттарын қарастыруды қажет етеді.
Шет елдердің тәжірибесіне талдау жасасақ, ешқандай елде прокуратура
органдарының мемлекет механизміндегі орны мен оын ұйымдастыру нысаны,
функцияларына байланысты бірыңғай көзқарас қалыптаспаған. Сонымен қатар,
БҰҰ тарапынан прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметіне қойылатын
белгіленген талап жоқ екенін аңғарамыз.
Мысалы, АҚШ, Эстония, Франция, Бельгия, Нидерланд және т.б. елдерде
прокуратура атқару билігі қатарына жатқызылған, Польшада Әділет Министрі
бір мезгілде Бас прокурор қызметін атқарады. Бірқатар елдерде прокуратура
сот құрамына біріктіріліп, кей елдерде жеке өзіндік статусқа ие. Бірқатар
елдерде (АҚШ) прокуратура туралы кешенді заңнама жоқ, прокурор құзіреті
азамттық-процесстік, қылмыстық-процесстік кодекстерде көрініс тапқан.
Елімізде прокуратура қызметін заңнамалық реттеу бірнеше сатыдан өткен.
Ұлттық прокуратураның қалыптасуының негізін қалаған прокуратура
органдарының Бас Прокурорға бағынатын бiрыңғай орталықтандырылған
жүйесі 1991 жылы 6 желтоқсанда құрылған. Прокуратураны заңдардың дәл
және бірізді орындалуын қадағалайтын жоғары мен өзге де ұйымдар қадағалау
органы ретінде жариялаған «Қазақстан Республикасының прокуратурасы
туралы» алғашқы Заңды 1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесі қабылдаған. Жаңа Конституцияның қабылдануына
байланысты Президент 1995 жылы 21 желтоқсанда прокуратура қызметінің
129
құқықтық өрісін өзгерткен «Қазақстан Республикасының прокуратурасы
туралы» заң күші бар Жарлығын шығарды.
Осы орайда құқық қорғау органдарының бірі ретінде прокуратура
қызметін дамыту қажеттілігі біршама уақыт бұрын басталғанын байқаймыз.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған
құқықтық
саясат
тұжырымдамасы
туралы
Қазақстан
Республикасы
Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығында «Жаңа
жағдайларға, ең бастысы, адам құқығы болып табылатын заң шығару өрісінде
тиімді жұмыс істей білуге бейімделу бірінші кезекте еліміздің құқық қорғау
жүйесінің ұйытқысы болып табылатын прокуратура қызметін жетілдіруді талап
етеді. Прокуратураның негізгі функциясы ретінде оның қадағалау қызметінің
тиімділігін арттыру қажет. Алдағы уақытта прокуратура органдары қызметінің
іс жүргізу негіздері жетілдіруді қажет етеді. Осы жұмыс аясында сотқа дейінгі
іс жүргізудегі прокурордың рөлі мен жауапкершілігін прокуратура жүзеге
асыратын қылмыстық қудалау функциясының құрамдас бөлігі ретінде
прокуратура органдарының қоғамға елеулі қауіп пен қиындық тудыратын
қылмыстар туралы қылмыстық істерді тексеруі арқылы арттыру қажет.
Прокуратура органдарының құқық қорғау қызметіне қатысты үйлестіру
функциясының, оның ішінде осы функцияны тиісті құқықтық регламенттеу
арқылы оның тиімділігін одан әрі арттыру керек» деп көрсетті [1].
Аталған құқықтық саясат Тұжырымдамасында алға қойылған міндеттерді
кезең-кезеңімен іске асыру мақсатында бірқатар нормативтік-құқықтық
актілерге
өзгертулер
мен
толықтырулар
енгізілді,
бұл
өзгерістер
Конституцияны да айналып өтпеді.
2017 жылғы 10 наурыздағы ҚР Заңымен Конституцияның 83-бабының 1-
тармағына прокуратура жүйесінің құқықтық құрылысын жетілдіруге
бағытталған, құқық қорғау қызметін одан әрі жаңғырту аясында оның
функцияларын іске асыру нысандарын қайта қарауға мүмкіндік беретін
түзетулер енгізілді [2].
Конституцияның 83-бабының 1-тармағының жаңа редакциясы мемлекет
басшысы Н.Ә.Назарбаев қойған қоғам мен мемлекетті одан әрі
демократизациялау бағытына сәйкес келді, еліміздің даму логикасына және
жалпы әлемдік қауымдастықтың дамуына сүйенді және Конституциядағы
басқа да жаңалықтар сияқты өмір талабынан туындады.
Конституциялық өзгерістерге байланысты 2017 жылы 30 маусымда
«Прокуратура туралы» ҚР Заңы қабылданып, онда прокуратура органдарының
мақсаты, қызметінің құқықтық негіздері, прокурорлық қадағалау салалары
(қадағалаудың негізгі бағыттары, мәні, нысандары, шектері және түрлері),
ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері, сотта мемлекеттің мүддесiн
бiлдiру және қылмыстық қудалау, құқықтық актілері және прокуратура
органдарының жүйесі, сондай-ақ өзге де мәселелер айқындалған [3].
Конституцияның 83-бабы жалпы прокуратура қызметінің бұрынғы
құқықтық мәртебесі мен бағыттарының негізін сақтап, қарқынды дамып жатқан
қоғамның заманауи талаптарымен үйлесті. Конституция прокуратураның
құқықтық орны мен функцияларын айқындай келе, бұл органның жариялы-
130
құқықтық және жекеше-құқықтық салалардағы қалыптасқан рөлі мен мақсатын
негізе ала отырып, құқықтық табиғатын ескереді. Прокуратураның
конституциялық функциялары, ең алдымен, Негізгі Заңның жоғарғы заң күшін
қамтамасыз етумен, заңдылықты нығайтумен және адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның заңмен
қорғалатын мүдделерін қорғау мақсаттарына байланысты.
Конституцияның 83-бабының жаңа редакциясы прокуратураның негізгі үш
функциясын бекітеді:
– мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңды-
лықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары
қадағалауды жүзеге асырады;
– сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi;
– мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады [4].
Конституциядағы
өзгерістердің
мәнісі
жаңа,
заманауи
үлгідегі
прокуратураны қалыптастыру еді, оған заңдылықты сақтау мәселелерін жағдаят
бойынша емес, кешенді түрде шешу маңызды болуы тиіс.
Конституцияның 83-бабы нақты мәселелерді шешуді заң шығарушының
құзырында қалдырады, сонымен қатар прокуратураға қылмыстық-құқықтық
және азаматтық құқықтық қатынастар сияқты тармақталған функциялар беру
мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Бұндай конституциялық ұстаным Еуропа
прокурорларының Консультативтік кеңесінің «Прокуратураның қылмыстық-
құқықтық саладан тыс рөлі туралы» қорытындысында баяндалады [5].
Оған сәйкес мемлекет прокуратураның қандай да болмасын бір моделін
таңдауда ортақ әрі бұқаралық мүддені, адам құқығы мен бостандығын қорғау
және заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатын көздеуі тиіс, бұл прокуратура
органдарының функциялары мен өкілеттіктерін нақты айқындауды талап етеді,
ал прокурордың өз міндеттерін орындауы заңдылық, объективтілік, әділдік
және бейтараптылық негізінде жүргізілуі керек.
Жаңа
өзгерістерге
сәйкес
жоғары
қадағалауды
бұрынғы
редакциясындағыдай тек заңдарды қолданумен ғана шектемейді, оның
нысанасын заңдылықты сақтаумен кеңейтеді. Негізгі Заң жоғарғы қадағалауды
заңдылықты сақтауға қайта бағдарлай отырып, құқықтық мемлекеттің
бұлжымас шарты болып табылатын құқық үстемдігіне, субъектілердің
императивтік
нормаларды
бұзбауына
бағытталған.
Қолданыстағы
Конституцияның
83-бабы
1-тармағының
бұрынғы
редакциясынан
айырмашылығы – жоғары қадағалаудың шегі заңмен белгіленетін түбейгейлі
талапты бекітеді. Тиісінше, қадағалаудың мәнін, нысанын, ол қолданылмайтын
адамдар тобын анықтау – заң шығарушының құзырында.
Көрсетілген Нормативтік қаулыға сәйкес жоғары қадағалаудың мәні
прокуратура органдарының өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдар,
соның ішінде, қадағалау өкілеттігіне ие органдар жасаған іс-әрекеттер мен
қабылдаған шешімдердің заңдылығын тексеріп, олар заңсыз болған жағдайда
прокурорлық шара қолдана алатынында. Бұл ретте, прокурорлық қадағалаудың
ерекшелігі прокуратураның тек Қазақстан Республикасы атынан және бүкіл
131
мемлекет аумағында жүзеге асырылатын жоғары қадағалау сатысы болуымен
байланысты.
Конституцияның 83-бабы 1-тармағына сәйкес прокуратура сотта мемлекет
мүддесін білдіреді.
Көрсетілген Нормативтік қаулыға сәйкес Конституцияда және ағымдағы
заңнамалық актілерде сотта мемлекеттің мүддесін жүзеге асыратын
прокуратурадан басқа орган көрсетілмеген. Конституция прокурорға сотта
мемлекет мүддесін білдіру міндетін жүктейді, бұл оның процестік өкілеттігінің
көлемін арттырады. «Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді» деген
конституциялық норманы прокуратураның конституция мен айқындалған
қызметінің бағыты деп түсінген жөн. Прокурорға сотта мемлекет мүддесінің
өкілі ретінде процестік құқықтар беріледі.
ҚР АПК 54-бабының 3-бөлігінде прокурордың құқығы және ол бұзылған
құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін заңнамаға сәйкес
сотқа талап қоюмен, арызбен жүгінуге құқылы тұлғалардың санаты көзделген.
Прокуратура мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Конституцияның бұрын қолданыста болған редакциясындағы
Достарыңызбен бөлісу: |