«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет79/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

 
 
 
ЖАНҒАЛИЕВ У.К., ШАНГИРБАЕВ Е.Е., АЙДАРХАНОВ Т.М.
 
 
 
 
 
(СЕМЕЙ, ҚАЗАҚСТАН) 
 
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕГІ ФЛЮВИАЛДЫ ЖӘНЕ РЕЛЬЕФ ТҮЗУШІ 
ПРОЦЕСТЕР 
 
Ертіс маңы жазығаның үстінгі қабаты жазықтық рельефтің Ертіске қарай 
әлсіз шегініс жасауымен сипатталады және азды - көпті мөлшерде Ертістің 
ағысына 
параллельдік 
бағытта 
сипат 
алады. 
Ойпаттың 
солтүстік 
жағалауындағы бөлігі ойпат маңында әжептәуір енсіз, тар болып келеді. Және 
оның тағы бір ерекшелігі Ертіс өзенінің биік террассасымен шектеледі, ал 
мүның оңтүстік бөлігі шоқы аралық аңғарларымен немесе ұсақ шоқылықпен 
шектесуге үйлесімді. Ал мұндай террасса оң жағалауда білінбей, көне 
аллювиальды жазықтықтың негізгі беткі қабаты ретінде жүреді. 
Ертіс маңы жазығының Семей өңіріне кіретін шеткі бөлігін әлсіз белесті 
кұмды - кұмайт жазықтық топырағы деп ажыратуға болады. Оң жағалаудың 
батыс бөлігінде созылып жатқан жазықтың және дөңді аудандарда жағажайлы 
ормандық құмы, Алейскі, Барнаулдың және Касмалинскінің тізбекті қарағайлы 


151 
ормандарының кұмына сәйкес болып табылып, Ертістің аңғарын және қазіргі 
жайылмасы мен оның жайылмасының беткі террассасын қадағалайды. Көне 
аллювиалды жазықтық өзінің жалпақтау әлсіз толқынды беткі қабатын құмды - 
құмайт етіп көрсетіп, абсолютті белгілері 150 –200 метр шамасында байқалады. 
Сонымен қатар мұнда ұзын жазық және әлсіз иілген ұсақ өзендік депрециялары 
кездеседі және олар кебінесе тізбектеліп келеді. Аса биік сыртқы қабаты ұзын 
аз томпақты жалға ұқсастау болып, олар біртісті бойлай созылады да, қайта 
ұшырылған құмды материалмен және аралдық қарағайлы орман массивтері 
алып жатыр. 
Ертіс маңы жазығында мұз басудың әсері бірнеше рет (төрт дүркін) 
жүрген. Және бұл мұз басулардың әрқайсысы өзінің кұрғақ және жылы мұз 
дәуірі аралық ерекшеліктері болғандықтан да, бұл жазықтықтың рельефінін 
құрылуы бір - бірінен өзгеше дәрежеде жүрді. Н.Г.Кассиннің (1947ж) көрсетуі 
бойынша мұз басудың бірінші кезеңінде үштік шөгінділерден Ертістің алғашқы 
аңғарлығы қалыптасты ал мұз басудың екінші кезеңінде Обь маңы үстіртінде 
ылғалдылық жинақталады ал мұз басудың үшінші кезеңінде бұл үстіртті яғни, 
Обь маңы үстіртінен Ертіс маңы ойпатына ағатын өзен аңғарларымен бөліп - 
бөліп жіберді, және Ертістің биік жайылмасының үстіне шайындылар мен 
кұмдар жиналған ал келесі мұздану аралық дәуірінде Ертістің биік террассасы 
кейін шегініп, аласарды және оның бұрынғы өзен аңғарлары, сонымен қатар 
Обь бассейінің өзен аңғарлықтары да құрылып бітті. Мұз басу дәуірінің 
соңында Ертіс өзенінің жағалаулық террассасының аласаруы әрі қарай жүрді 
және аласа жайылма террассасының үстіне ылғал жиналды, мұз басу дәуірінен 
кейінгі кұрғақшылық кезеңде жайылма террассасының үстінде шөгінділер 
жиналып, осы шайындылардың жиналуы салдарынан Ертістің кемерленуі 
жүрді. Сондықтан да Ертіс маңы жазығы өзінің құрылуы жөнінен – кәдімгі көне 
аллювиальды жазықтық болып табылады [1, 14 б]. 
Ертіс аралас қоректенетін өзендер қатарына жатады. Салаларының біразы 
Алтайдың биік тауларынан басталады да, мәңгілік қар мен мұздықтардың 
еріген суымен толығады. Басқа салалары жер асты суы, жауын- шашынмен 
қоректенеді. Ертіс өзеннінің деңгейі бүкіл жыл бойы едәуір жоғары болып 
тұрады. Оның суы сәуір- мамыр айларында және маусымда молаяды.
Өскемен мен Семей арасындағы Шүлбі кенті аймағында өзеннің орташа 
айлық шығыны мамыр айында 25-41 м3/с-қа, ал көп жылдық орташа шығыны 
кезінде Семей тұсында 960 м3/ с-қа жеткен.
Осы ауданда жылдық орта ағын 28 млрд м3- ден жоғары. Қарашадан 
сәуірдің ортасына дейін Ертіс қатып жатады. Мұздың қалыңдығы 125 см- ге 
жетеді. Сең жүру күшті болады да, өзенді кейде сең бөгеп тастайды, соның 
салдарынан деңгейі көтеріліп, суы тасиды. 
Ертістің барлық бөлігі кеме жүзуге қолайлы. Жолаушылар және жүк 
таситын өзен кемелері Қытай шекарасына дейін барады. Ертістің суын электр 
энергияны өндіруге пайдаланады. Ірі екі СЭС-і (Өскемен және Бұхтырма )
Кенді Алтайдың өндіріс орындарында электр қуатын береді. Қазір тағы бір 
үшінші – Шүлбі СЭС-нің құрылысы салынды. Қазір осы су қоймалары шет ел 


152 
компонияларына берілген, ал олар көктемдегі табиғи су ағызу науқанын бұзып 
отыр [2, 11б ]. 
Сондықтан Ертіс жағалауының тамаша экожүйесіне құрып кету қаупі 
төніп тұр. Ертіс балыққа бай және онда кәсіптік маңызы бар шоқыр, сыла, 
бекіре, шортан, сазан, табан балық,, алабұға, қара балық ауланады. Жақында 
көксерке және байқал түркесі өсіріле бастады. Қазіргі кезде бұл эндемиктің
фауна мен флора бүкіл өзен бойына жайылып бара жатыр. 
Жазықтық және дөңді жерлердің қарағайлы орманға тән құмдары негізінен 
жолақты қарағайлы орманда таралады. Олар Ново — Шульба қарағайлы 
орманын, Алейскінің қарағайлы таспасын, сонымен қатар Барнаул мен 
Касмалинскінің жолақты қарағайлы орманын түгелдей қамти отырып, 
Касмалинскінің жолақты қарағайлы орманымен аяқталады. 
Семей өңіріндегі қарағайлы орман жолағының формасын тек Алейскінің 
солтүстік бөлігіндегі қарағайлы орман кұмдарының массивтері құрайды. Ал 
оңтүстігінде Ново - Шульба қарағайлы орманының кұмы мен Барнаул 
таспасымен жалғаса отырып, Ертіс бірыңғай массивін құрады деуге болады. 
Ертіс маңы массиві өзінің батыс бөлігінде жекелеген, бөлек – бөлек 
атыраулық массивтерге белінеді [2, 26 б]. 
Қарағайлы орман кұмдары максимальды мұз басу кезеңінде құрылды, ол 
кезде Обь бассейнінің езендері өз суларын Ертіс бағытына жіберіп, өзінің көне 
арналарынан және Ертіс маңы атырабына аллювиалды материалдардың 
қөптеген массаларьн әкелді. Ал мұз басу дәуірінен кейінгі құрғақшылық 
кезеңде аллювиалды кұмдар қайта електеуге ұшырады және сонымен катар 
дөңді - шұңқырлы рельефтік сипат алды. Олардың биіктігі тұрақсыз 1 - 5 
метрден - 20 метрге, дейін және одан да биік болады. Кей жерлерінің грунт 
суларының жер бетіне жақын болуы салдарынан табиғи өсімдік жамылғысы 
өзгермеген жерлерде құм массивтері көне аллювиалды жазықтыққа 
жазықтықтың рельефін алғашқы көрінісіндей сақтап қалды.
Су жер бетіндегі тіршіліктің ең кұнды элементі болып табылады. Су 
адамнын күнделікті қажеттіліктерін, денсаулык сақтауды, тамак өңімдерін 
шығаруды, электр энергиясын өңдіру мен аймақтық және жаһандық 
экожүйелерді дұрыс ұстап тұруды канағаттандыру үшін аса қажет. Жер 
кабатынын 70% су жайлағанына карамастақ түщы су небәрі 2,5% ғана құрайды, 
әрі судың 70% мұз айдындары мен жоғарғы су кабаттарында (0,3%). Судың 
қалған бөлігі топырақ ылғалы ретінде көрініс табады. Адамзат жер бетіндегі су 
көп тарлған субстанциялардың бірі тұщы су қорларының 1% пайдалана алады. 
Шаруашылық қызметтің ықпал етуімен су қорларының сандық өзгерістерін 
есепке алу проблемасы XX ғасырдың 50-ші жылдары, дүниежүзінде су тұтыну 
күрт ұлғайған кезде туындады [2, 44]. 
XX ғасырдың орта шеніне дейін су таусылмайтын және экономикалық 
құндылыққа ие емес табиғи ресурс болып есептеліп келді. Аймақтың әркелкі 
бөлінуі мен су корларының шектеулілігі, тұтыну көбейген сайын судың 
кажеттілігі мен әмбебаптығы дүниежузілік қоғамдастыктың суға деген 
қатынасын өзгертуге мәжбүр етті.


153 
Жалпы Ертіс өзені тек қана Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл 
Еуразия аймағына қатысты өмірлік маңызы бар трансшекаралық артерия. 
Қытайдағы Монғол Алтайының оңтүстік - батыс беткейінің мұздығынан 2500 м 
биіктіктен 
бастау 
алып, 
Қазақстан 
территориясы 
арқылы 
РФ 
территориясындағы Объ өзеніне барып құйылады. Қазақстан территориясында 
Ертіс өзені Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысымен Қ. Сатпаев каналы 
арқылы Қарағанды облысын және Астана қаласын байланыстырып жатыр. 
Ертіс өзенінің су ресурстары өңдіріс қажеттілігіне, тұрмыстық- 
коммуналдық 
шаруашылығында, 
ауыл 
шаруашылығында, 
балық 
шаруашылығында, энергетика мен су транспортыңда қолданылады [3, 13 б]. 
Су қоймаларының маңызы ауыз суымен қамтамасыз етуде маңызы зор. 
Сонымен бірге су қоймалары ирригациялық және энергетикалық мәселелерді 
шешуде айтарлықтай рөл атқарады. 
Қарағайлы орман кұмдары Ертіс маңы ойпатының маңайында кейде ойпат 
маңайынан тыс жерлерде абсолютті биіктігі 150 метрден - 350 метрге дейін, ал 
ойпат территориясынан тыс жерлерде абсолютті биіктігі 250 - 300 метрге дейін 
барады. Қарағайлы орман құмдары оңтүстігінде Ертістің қазіргі аңғарымен, 
солтүстік шығысында Алтай тау алды жазығана дейін, солтүсттігінде Обь маңы 
үстіртімен және Обь маңы үстіртінің көне аңғарымен таспа түрінде солтүстік - 
шығысқа өтеді, ал батысында Ертіс маңы ойпатының далалық бөлігімен, 
көбінесе рельефінің ешқандай өзгеруінсіз өтеді [4, 17 б]. 
Ертістің қазіргі аңғары азды - көпті эрозиялық ойық жазықты, биік 
террассаның, аса ірі кемеріне дейін шектеледі де, аймақтың шығысынан 
батысына қарай 300 шақырымдай шамасында созылады, және олардың ені 
жайылмамен қоса есептегенде 1-2 шақырымнан 8-10 шақырымға батыс бағытқа 
созыла отырып теңеледі, Батысында жайылманың абсолютті биіктігі 140 метр, 
ал шығысында жайылманың абсолютті биіктігі 240метр болады. 
Ертістің қазіргі аңғары өзеннің ең төменгі сағасынан орташа есеппен 2 
метр биіктікте тұр. 
Жайылмалық террасса негізінен үшке бөлінеді: 
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет