Арна манының жайылмасы
. Бұл негізінен негізгі және басты арнаға
жалғасып жатады. Қабаттары өрескел қосылған, аллювиалды қабатты
және аллювиалдық иректелген - толқынды мезо және микро рельефімен
айрықша сипат алады (арна маңы толқыны мен жылғасы құм қайраңы, косалар
тағы басқалары).
2.
Орталық жайылма
. Орталық жайылманың шөгінділері мен қабаттары
басқа, яғни қалған екі жайылмаға қарағанда күрделірек сипатқа ие. Орташа
сипатты рельефі көбінесе тегістеу қатпарлылығы аз болып келеді.
3.
Террассалар маңы жайылмасы.
Бұл жайылмаға негізінен аласалық сипат
тән.
Ал арна жайылмасы биіктеу болып, орталық жайылма орташа
гипсометриялы мөлшерде болып келеді. Ертістің көне аңғары жайылма үсті
террассасымен Ертістің сол жағалауын құрайды, ал оң жағалауда бүл
террассаның үсті ғана жақсы байқалады, аңғардың Алтайлық бөлігінде білінбей
төмен жүріп негізгі Ертіс маңы ойпатының сыртқы қабатымен қосылып кетеді.
154
Жайылма үсті террассасы өзара екіге бөлінеді: аласа жайылма үсті
террассасы - бұл облыс көлеміне көп кең таралмаған; биік жайылма үсті
террассасы - бұл жақсы дамыған әрі облыс көлеміндегі ауданы едәуір жерді
алып жатыр. Бұл екі террасса да жақсы кемерленген өзен сағасымен шектеледі
де биіктігі өзеннің ең төменгі сағасынан 16-22 метрге дейін барады. Ал аласа
жерлері бұдан екі - үш есеге дейін төмен келеді. Негізінен террассаның биіктігі
өзен ағысының жоғарғы жағынан бастап өседі. Бұл екі террассаның да өздеріне
тән артықшылығы - құмдақ және жеңіл - саздақ материалдарынан құралған.
Олардың сыртқы қабаттары жалпақ, кей жерлерінде аз толқынды жазықтар
кездесіп, олар өзенге қарай аз иілген және өзен ағысына параллельді болып
келеді.
Өзен ағысының көлденең циркуляциясының пайда болуы нәтижесінде
арна ағысының негізгі заңдылықтарының бірі - меандрлану
құбылысы пайда
болуының
туғызады [5, 22 б].
Жыра жылдам өсіп-өршитің эрозиялык пішін. Оның бас бөлігі регрессивті
эрозия нәтижесінде өзенаралық аймактарға созылып өсуі мүмкін.
Осы себептен
жыралар жүздеген метрге, тіпті километрлерге жететін ұзындығымен
сипатталады.
Жыраның өсіп отыратын бас бөлігі әр түрлі. Көбінесе жыра бірден, биіктігі
1,0-3,0 м, тік жармен - бас кұламамен басталады. Кейде жыралардың бас бөлігі
сопақша, эллипс пішіндес немесе дөңгеленген күрек пішіндес болады да, жер
бетінде аса айқын көрінбейтін ойпандар түрінде байқалады. Рельефтің мұндай
пішіндерін су жиналатын ойпандар (водосборные понижения) деп атайды. Кейде
жыралардың бас бөлігінен жоғарырақ, өзен аралығының өлкелеріне баяу
ауысатын, терең емес (1,0-3,0 м) жарқабақтары айқын білінбейтін, жағалары
шымтопырақты жайпақ жағалары ұзынынан-ұзақ созылған ойпандар орналасады.
Семей аймағының Ертіс өңірінің экзогенді рельеф түзуші процестеріне
баға беріліп және жалпы экзогенді рельеф түзуші әрекетерге, оларға қарсы іс-
шараларға толықтай сипаттамалар ұсынылды. Ертіс өңірінің маңындағы эолдық
рельеф түзуші процестер зерттеліп ондағы құмдар жасаған формалардың
динамикасымен көріністері Қазақстанның және басқа шетел мемлекеттерінің
территорияларындағы құмды зоналарындағы эолдық рельефтік формаларымен
салыстырмалы зертеулер жасалынды.
Далалық – бақылау экспедициялық зерттеулерге сүйене отырып
жасалынған жұмыстар дәлелденген еңбектермен сараптамаланып жазылды.
Осының нәтижесінде жалпы экзогенді рельеф түзуші процестердің Ертіс
өңіріне әсері көп болатын факторларына жіктемелі тұрғыда зерттеулер
келтірілді. Семейдің маңайындағы қарағай құмдарының эолдық (жел) процес
әрекетінен өз орындарын ауыстырып, жылжу әрекетіне ұшырағанын байқадық.
Олардың өзіндік формаларын анықтадық. Көбінесе зерттеліп отырған
территорияда экзогенді рельеф түзуші процестерінің ішінде эолдық процестің
басым екені анықталды.
155
Достарыңызбен бөлісу: |