«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет82/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

 
ЖОЛДАСОВА Ж.М. 
(АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН) 
«КРЕАТИВТІ ОЙЛАУ» - ЖОҒАРЫ ОЙЛАУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ 
"Креативті ойлау" ұғымы психологиялық терминдердің арасында ерекше 
орын алады: бір жағынан, ол шығармашылық ұғымымен тығыз байланысты, 
қабілет пен дарындылық туралы сөз болған жерде көрінеді, оқытуды 
жекелендіру мәселесі талқыланатын барлық жерде, ал екінші жағынан, 
креативті ойлау басқа психологиялық ұғымдардан аз зерттелген, нақты 
анықталмаған және жеткілікті сараланбаған. Тіпті креативті ойлаудың жалпы 
психологиялық сипаттамалары бірнеше себептерге байланысты проблема 
болып табылады. Біріншіден, креативті ойлау шығармашылықтың жаһандық 
ұғымына енгізілген, тіпті жоғары кәсіби зерттеулерде де авторлар креативті 
ойлаумен пен шығармашылықты теңдестіруге бейім (Г.С. Альтшуллер, Н.Н. 
Вересова). 
Қазіргі батыс және отандық психологияда креативті ойлау туралы 
зерттеулер мен тұжырымдамалар теориялар кешені түрінде, теориялық және 
эксперименттік жұмыстар түрінде бар: креативті ойлау өнердегі ғылыми іс-
әрекет пен қызметтің алғышарты ретінде Р. Арнхейма, М. М. Бахтин 
еңбектерінде [1, б. 410], [2, б. 230]; Ч. Д. Чистякова, В. Штерн жұмыстарында 
дарындылықтың ерекше түрі ретінде қарастырған [3, б. 204]. 
Нәтижесінде креативті ойлау туралы білімнің бірыңғай концепциясының 
болмауы және терминдердегі елеулі түсініксіздіктер осы ұғымды пайдалану 
кезінде елеулі қиындықтар туғызады. 
Креативті ойлаумен байланысты барлық теориялық және терминологиялық 
қиындықтар креативті ойлау мен жалпы ойлаудың ара-қатынасында жатыр. 
Осы мақалада біз креативті ойлауды ойлаудың жоғары түрі ретінде түсіну 
орынды деп ойлаймыз. Осы ұғымды әртүрлі психологиялық ойлау теориялары 
тұрғысынан көрсетуге дайынбыз. 


156 
Егер ойлаудың белгілі бір түрі нысаны болып табылатын, ойлаудың ең 
танымал теорияларына жүгінсеңіз де біз ұсынып отырған тезистің 
дәлелденгеніне көз жеткізуге болады. 
Дивергентті, версиялық, гипотетикалық, өнімді - бұның барлығы шын 
мәнінде дамуға тиімді әсер ететін ойлаудың жоғары формалары. 
Осы когнитивті теориялардың авторлары-М. Вертгеймер, 
К. Дункер, О. Зельц, Р. Солсо - тікелей немесе жанама да осыған сілтейді. 
[4, б. 28], [5, б.305], [6, б. 231]. Сондықтан, бұл қасиеттер креативті ойлауға да 
қатысты болуы керек, себебі ол аталған "түрлерге" қатысты синтетикалық 
нұсқа: ол әрқашан поливариантты, әрқашан шындыққа негізделген, өнімділік 
сипатта. Осылайша, шығармашылық ойлау - бұл бір мезгілде дивергентті, 
версиялық және гипотетикалық, өнімді ойлаудың жоғары түрі. 
Мазмұны бойынша ойлаудың түрлерінің креативті ойлаумен арақатынасы 
ерекше назар аудартады. Атап айтқанда, ең танымал класификация - бұл 
ойлаудың көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық түрлері . 
Алайда, ойлаудың бұл түрлері бір мезгілде дамуға да әсерін тигізетіндіктен,
креативті ойлауға қатынасын бөліп қарастыра алмаймыз. Себебі, көрнекі-
әрекеттік креативті ойлауда (модель құрыстыру), көрнекі-бейнелік креативті 
ойлау (өлең шығару, сурет салу) және сөздік-логикалық креативті ойлауда 
(ғылыми жұмыстар) бірдей өнімді болуы мүмкін. С.Л.Рубинштейн көрнекі-
бейнелік және сөздік-логикалық ойлау көбінесе бірге қызмет етеді (мыс: 
метафора) дейді. Осының негізінде ойлау түрлерінің қатар дамуы креативті 
ойлаудың жан-жақты болуын қамтамасыз етеді. 
Қазіргі заманғы интеллект теориясыда креативті ойлауға қатысты осындай 
түсінікте. Қазіргі заман талабына сәйкес интеллект тек қана ойлау 
белсенділігінің көрінісі ғана емес, сонымен қатар барлық танымдық процестер 
интеграциясы. М.А.Холоднаяның айтуы бойынша интеллекттің интеграциялық 
үрдістері ойлаудың басымдылығымен жүзеге асады.
Мәселен, егер ойлау интеллект интеграторы болса, креативті ойлау 
персеверативті және ассоциативті процестердің бірлігіне негізделген жоғары 
ойлау нысаны бола отырып, интеграция құралы және психикалық қызметтерді 
жүйелеуші, байланыстырушы болып табылады. Осылайша, классикалық және 
қазіргі теориялық жалпы ойлау туралы түсініктерді қарастыра отырып, 
креативті ойлауды оның ең кеңейтілген нысаны деп түсінуге болады. 
Креативті ойлауды оның жоғарғы формасы ретінде түсіну теориялық және 
методологиялық қасиеттерге ие және қазіргі заманғы кейбір қиындықтарды 
жеңуге мүмкіндік береді. 
Креативті ойлау психологиясы: 
1) Креативтіліктің көріністерін іздеу қажеттілігі болмайды. Себебі, ол 
ойлаудың бір түрі ретінде емес, барлық оның формалары мен түрлерінде 
кездеседі; 
2) Креативті ойлаудың мәні, оның кеңдігі мен мазмұндылығы анық 
көрінеді; 
3) Креативті ойлауды қабілет, дарындылық және т.б. феномендерде 
іздемей, тікелей ойлаумен байланыстыру мүмкіндігі пайда болады. 


157 
4) Креативті ойлау барлық адамдарға (ерекше феномен немесе талантына 
қарамастан) тән әмбебап психикалық қасиетке айналады. 
«Креативті ойлау» ойлаудың жоғары формасы деп алғандықтан, оның 
нақты практикалық жұмысының методологиясы да өзгереді. 
Сонымен, креативті ойлауды жоғары форма ретінде эксперименттік 
зерттеу бұрынғыдан маңыздырақ және жоғары талаптарға сәйкес жүргізілуді 
қажет етеді. Басқаша айтқанда, креативті ойлауды зерттеудегі практикалық 
жұмыс психологиялық-педагогикалық оптимизм негізіне жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет