165
қазақи қолданыста бар синонимдері аталған [1, 546-б.], екіншіден, сөздің
түбірінің өзі етістік (
құр
– құру, құрылыс, құрам, құрама т.б.)
негізден -ма
жұрнағы арқылы жасалған есім сөз – «құр(а)ма» болса, оған ғалым -лас
жұрнағын жалғау арқылы жаңа термин жасаған. Яғни, ғалым қазақ тілінің
сөзжасам заңдылығын негізге алған.
А.Байтұрсынұлы тіл біліміне байланысты еңбектерінде сөйлемнің
«құрылуынша айырылатын түрлерін» 1) іргелес сөйлемдер және 2) құрмалас
сөйлемдер деп бөледі. Ғалымда «жай сөйлем» деген сөйлем түрі де аталады,
бірақ ол сөйлем түрі келтірілген
мысалдарына қарағанда, қазіргі түсінікпен
хабарлы сөйлемге сай келеді де, ал «іргелес» деп отырғаны көбіне қазіргі жай
сөйлемге ұқсас болып келеді.
Автор құрмалас сөйлемді
сыйыса құрмаласу
және
қиыса құрмаласу
деп
бөледі, сыйыса құрмаласқан сөйлемдердің басты белгісі, автордың ойынша,
«бірнеше мүшенің бірөңкей болуы», яғни, біздіңше, бұл – біріңғай мүшелі жай
сөйлемдерге сай келеді.
Ал қиысулы құрмаласты:
салалас құрмалас
және
сабақтас құрмалас
деп
бөліп қарастырады да, оны іштей
жиылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы,
сұйылыңқы
және
қойылыңқы
деп ажыратады. Бұлайша
ажыратудың мәнісін де
түсіндіруге тырысады. Қалайда ғалымның осы сөйлем түріне келтірген
мысалдары қазіргі салаластан алшақ жатқан жоқ.
Ал, біздің мақаламыздың тақырыбы сабақтас құрмаласқа байланысты
тікелей еңбек жазған Қ.М.Есенов жайында болмақ.
1995 жылы жарық көрген «Құрмалас сөйлем синтаксисі» атты еңбегінде
Қ.Есенов сабақтастың бағыныңқысын топтастыруда тіліміздегі бағыныңқы
сөйлемдердің жіктеуіне байланысты сабақтастарды:
1) шартты бағыныңқылы
сабақтас; 2) қарсылықты бағыныңқылы сабақтас; 3) мезгіл бағыныңқылы
сабақтас; 4) себеп бағыныңқылы сабақтас; 5) амал бағыныңқылы сабақтас; 6)
мақсат бағыныңқылы сабақтас; 7) түсіндірмелі сабақтас сөйлем; 8)
салыстырмалы сабақтас сөйлем; 9) үлестес сабақтас сөйлем д
еп бөледі.
Бұндағы ерекшелік – соңғы
үлестес сабақтас
деген түрдің қосылуы. Енді
осылардың әрқайсысына тоқталып, мәнін ашып, әдеби шығармалардан
мысалдар келтірсек.
Сабақтастардың ішіндегі ең бір орныққаны шартты бағыныңқылы
сабақтас. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем шартты райдың
(-са, -се)
тұлғасы арқылы жасалады. Мысалы: Күндіз жұрт аузынан естіген сөзден мазам
кетсе,
түнде сол сөздер миыма оралып алып, ұйқы бермейді
Достарыңызбен бөлісу: