КАДИРБЕКОВА А. С., КАМАЛОВА А. К.
(СЕМЕЙ, ҚАЗАҚСТАН)
ОҚУШЫНЫҢ ОЙ-ӨРІСІ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ
ОЙЫННЫҢ РӨЛІ
Білім беру саласын реформалаудағы мақсат білім беру жүйесін қайта
қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы
білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім,
білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы
оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуын, тұлға ретінде
қоғамның өркендеуіне пайдалана білумен өлшенеді деп айтылуда.
Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері
оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін
стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап
етеді.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен
дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр [1].
Қазіргі таңда мектеп оқушыларына түрлі технологияларды пайдаланып
білім мен тәрбие беру басты міндетіміз деп білеміз.
Ұстаздық мамандықтың жауапкершілігі мол, сондықтан өтілетін әр сабақ
мұғалімнен көп ізденісті, шығармашылықты қажет етеді. Оқушылардың білімі
мен дағдыларын жүйелі бақылау оқушылардың пәнге қызығуын, ынтасын
көтерудің бірден - бір жолы.
178
Уақыт талабы оқу - тәрбие үрдісін батыл интенсивтендіру – оқушылардың
білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділікті,
кәсіптік шеберлікті талап етеді. Осы талаптарға сай мұғалім қызметіндегі
шығармашылық негіздерді нығайту – оқушыларға білімді игертуге бар
мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс - тәсілдерді жетілдіріп отырғанда
ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие жүзеге асады.
Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс - әрекеттің
нәтижесінде танып біледі. Ол іс - әрекеттер: ойын, оқу және еңбек. Дегенмен
балалар үшін ойын - ең маңызды іс - әрекеттің бірі. Жаңартылған білім
бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге
оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік
білуді және таңдап қолдануды талап етеді.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес
дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың
бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға
болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі
әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу
әрекетін орындауға бейімделуі тиіс.
Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар
арқылы жүзеге асады. Дидактикалық ойындар баланың таным (түйсік,
қабылдау, ес, ой, қиял) үрдісін және тілін дамытады. Бала еліктеу, қабылдау
арқылы әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді. Ойын
әрекеті –психикалық қабілеттерін жетілдіріп, баланың жеке басын
қалыптастырып, әлеуметтік өмір мен жанастыратын әрекеттің бірі. Баланың
ойын тәжрибесінде ұжымдық өмір дағдылары қалыптасады.
Дидактикалық ойын баланың дүние танитын қабілетін, іс - әрекетін
жетілдіреді. Ойын үстінде баланың сана-сезімі, еркі, өзің-өзі бақылауы, өзінің
әрекетімен салыстыру қасиеттері жетіледі. Сондай-ақ зейін, ес, қиял сияқты
психикалық үрдістері қалыптасады, сөйлеу тілі дамиды. Соның ішінде
дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін
арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі [2, 47
б.]. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны)
бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің
атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс
орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты
қабілеттері жетілетіндігі байқалады.
1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған
сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда
отырғызып оқытуға болады.
3.«Детектив» әдісі бұл ойын топпен жұмыс істей білуге, оқушылардың
сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамытуда маңызы орасан зор.
Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Екі топқа да шытырман оқиғалы мәтін
шағын бөліктерге бөлініп, қима қағаздарға жазылып беріледі. Олар 15 минут
ішінде осы мәтіндегі шытырман оқиғаның шешімін табуы тиіс. Әр топ өз
179
шешімдерін
айтады.
Қандай
тәсілмен
анықтағандары
талқыланып,
ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі. Сол сияқты «Ойлан-жұптас-
бөліс» әдісі де үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде өте тиімді
болып табылады.
Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан
бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет
етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай
күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын
түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай
болып күрделенгені дұрыс. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан
ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына
мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде
білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып
кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи
бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал
жасайды. Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын - өмір сүрудің
белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардыңіс-әрекеттерін,
қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік
нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған
тәрбиелік мәні бар ойын элементтерін кеңінен қолдану, бұл оқушылардың ойлау
белсенділігін керек етеді. Сондықтан б әр сабақта ойын түрлерін орнымен
қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге
деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға болады.
Бала қоршаған ортадағының бәрін ойын әрекеті арқылы қабылдайды, одан
керегін іріктеп алады. Сөйтіп, ол өзінің тілегін ғана іске асырады. Бірақ жасаған
әрекетінің неден басталып, немен аяқталатынына, одан шыққан нәтижеге ой
жібермейді. Бала ойын арқылы оқуға қызыға түседі. Сондықтан ойында
шамалы еңбек, оқу көрінісі бар дей аламыз. Заттың сан алуан қасиеттерімен де
бала, ең алдымен, ойын арқылы танысады. Өмірді әр қырынан көре бастайды.
Ойлауға, әрекет жасауға ешкімнің қысымынсыз, күштеуісіз, еркін үйренеді.
Балалармен бірге сабақ үстінде жүргізілген қызықты ойындар оларды
сабаққа қызықтырады, тәртіпке шақырады, дұрыс қорытындылауға, олардың
бойында достық, ұйымшылдық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дарытады.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған
180
тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек
етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны
қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген
сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді.
Мұғалім ойынды сабақтың басында қолданатын болса, онда ойын мақсаты
оқушылардың ойын бір жерге жинақтау, жаңа сабаққа немесе сұралатын үй
тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру, сондай-ақ олардың белсенділігі
мен қабілетін арттыру. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса,
онда мұғалімнің мақсаты - оқушылардың шаршап-шалдығуына жол бермеу,
көңіл күйлерін көтеру, олардың шаршағанын ұмыттырып, білуге деген ынтасын
үстемелеу болуға тиіс.
Ойын сабақтың соңында оқушылардың алған білімін тиянақтау ретінде де
пайдаланылады. Ойын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын кеңейте
түседі.
Жаңа технология жүйесінде мәнді ойындардың маңызы зор. Мәнді ойын
сабағында әр түрлі мәселелерді талдайды, оларды шешу жолдарын іздестіреді.
Ондай дәстүрлі емес сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін және оқуға деген
қызығушылығын арттырады.
Ойын, сайыс түріндегі сабақтар - оқушылар білімін қорытындылайтын
тиімді әдістің бірі.
Елдің ертеңі оқу білімінің тереңдігі мен өлшенеді демекші. Үздіксіз
өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды
талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты: оқушыларды
өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін
бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың жеке
шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және олардың шынайы өмірдегі дара
тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.
«Шәкірт – нығарлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет
ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін
дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау мектептің
басты мақсатының бірі
Достарыңызбен бөлісу: |