Тақырыбы: Адамға керек адамгершілік



Дата06.09.2022
өлшемі17,57 Kb.
#148795
Байланысты:
Адамға керек адамгершілік


Тақырыбы
Адамға керек адамгершілік 
Мақсаты:
Рухани - адамгершілік құндылықтар мен мейірбандылық, шыншылдық, қайырымдылық, әділдік секілді адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Өтілу барысы.
І.Тақырыпқа сәйкес ой қозғауға төмендегідей сұрақтар беріледі.
1. Адамгершілік дегенді қалай түсінесіздер?
2. Адамгершілікті тұлғаны қалай тәрбиелеуге болады?- деген сұрақтарға қатысушылардың жауабы тыңдалады.
Айтылған ойларды әрмен қарай толықтыру.
Адамгершілік - қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі. Адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы адамгершілігімен сипатталады. Адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттері адамды көркейтеді, рухтандырады. Рухтың мекені – адамның жүрегі. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік, махаббат, жақсы ойлау сынды іс – әрекеттер жүректің әмірімен жасалады.
Адамның адамгершілігі – оның руханилығын көрсетеді. Оның негізгі белгілерінің бірі - өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың» - деген Абай хакім.
«Досыңа достық - қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол». Ақылды, мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам-ардақты адам. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза.
Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі - адалдық, ол өмірде қымбат асыл қасиет, асыл мінез, ашық, шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы.
Адамда асыл қасиеттерімен қатар жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, менмендік, қатыгездік ашу, ызақорлық секілді жағымсыз қасиеттер де болады. Адамгершілік — адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы, адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады.
ІІ. Әңгімелеу.
«Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам болады». Ш. Құдайбердіұлы
Дөңгелек үстел қатысушылары дайындап келген адамгершілік туралы тәмсілдерін айтады, олардан алатын өнегелі құндылықтарға тоқталады.
ІІІ. Жаңа ақпарат
Адамгершіліктің 7 қағидаларын атау.
1. Ақиқатқа сену, адал болу;
2. Жақсы мінез, көрікті ақыл;
3. Дұрыс іс - әрекет, ойлану;
4. Жүректе имандылықты сезіну;
5. Тәртіпке бағыну, жақсы тәрбие алу;
6. Ата - анаңмен бауырыңа қорғаныш болу, халқың үшін еңбек ету;
7. Зорлық - зомбылық көрсетпей, әлсіздерге көмек жасау;


Адам бойындағы 7 қасиет
1. Көру - әлемнің сұлулығын көзбен тамашалау;
2. Есту - әлемдегі керемет дыбыстарды есту;
3. Сезіну - ізгілікті жүрекпен ұғыну;
4. Дәм сезу - ең дәмді мен ащының дәмін тату;
5. Ұстау - екі қолмен жақсылық жасау;
6. Аялау - қолда бардың қадірін білу;
7. Махаббат - сүйіспеншілік;
Адамды адамгершіліктен айыратындар:
• Дененің 3 жауы: сатқындық, ашкөздік, ауырту.
• Сөйлеудің 3 жауы: дүрбелең таратуға құмарлық, өтірік сөз, өсек
• Ақылдың 3 жауы: басқа адамдардың нәрселерін қалау, көре алмаушылық,
ІV. Пікір талас.
Аталған жаулармен қалай күресуге болады?
Не істеу керек?
Өз қалауларыңызға шек қойыңыз!
Тағамға
Ақшаға
Билікке
Уақытқа.
Мысалдар келтіру.
Қорытынды:
Адамгершілік құндылықтар:
1. Сүйіспеншілік - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Махаббат - адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі.
2. Дұрыс іс - әрекет - ол жүректе туындайды, сонан соң сөз түрінде беріледі және іс
жүзіне асырылады.
Дұрыс әрекет ету қағидасы – өзіңе де, басқа адамдарға да, табиғатқа да зиян келтірмеу.
3. Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.
4. Жан тыныштығы
Адамның ішкі жан дүниесі тынышталса, оның отбасында да тыныштық болады. Ал отбасында тыныштық болса, қоғамда да тыныштық болады. Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық болады.
5. Ақиқатты тану
Рухани кәусар бұлақ көзіне жолды іздеп табу - бұл әрбір жеке адамның, нақ осы қазір өмір сүріп жатқан барлығымыздың мақсатымыз болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет