«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет99/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді 
дамыту тұжырымдамасы. 
2.
Кукушин В.С. Современные педагогические технологии. – Ростов-
на-Дону: Феникс, 2003. – 436 с. 


181 
КАЛЕНОВА Г.С., НҰРАХМЕТОВА Ж.Б.
(СЕМЕЙ,ҚАЗАҚСТАН) 
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ – ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТІН 
ПРОЕКТ ӘДІСІ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Қазіргі таңда
білім берудің басты мақсаты: білім сапасын арттыру 
жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың 
үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті 
қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін 
білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, еліміздің
азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани 
және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады. 
Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген.
Білім алушыны оқу процесімен қамту, оны белсенді субьектіге айналдыру, оны 
өзгелермен өзара ұйымдастыру, оқу процесіне шынайы кәсіптік бағыт беру
оқытудың түрлі әдіс- тәсілдерін, жаңа технологияларын қолдануды талап етеді. 
Осы талаптарды жүзеге асыруда мұғалімдер өз жұмыстарында сан қырлы 
дидактикалық технологияны пайдаланады. 
Еліміздің метептерінде кең қолданыс тауып отырған технологиялардың 
бірі – проблемалап оқыту арқылы проект сабақ ұйымдастыру. Бұл оқыту 
процесінде дербестік, шығармашылық қызмет, зерттеушілік дағдылар тиімді 
қалыптасады, оқытудың ғылыми деңгейі артады, ақпаратты алуға бағыттылық, 
қажеттті ақпаратты меңгеруі жарқын көрініс табады [1, 7 б.]. 
Проектілеудің басты ерекшелігі - оның обьектіні дамытуға бағытталуы, 
«Жобалау белгілі бір обьектіні жаңа түрге айналдырып, оны қайта жаңғырту
қызметін атқарады». Сонымен қатар проект сабақ ұйымдастыру ұжымдық 
қарым – қатынасты, бірнеше адамдар мен топтардың көзқарасын ескеруді 
қажет етеді. 
Проект әдісі педагогикалық тәжірибеде жаңа әдіс емес, бірақ 21-ғасырда
пед технологиялар қатарында жоғары қарқынмен өзгеріп жатқан ортаға 
бейімделу іскерлігін қалыптастыратын әдіс ретінде оқыту үрдісіне қайта 
қосылып отыр. 20- ғасырдың басында С.Т.Шацкий бастаған Ресей педагогтары 
проект әдісін тәжірибеге енгізу проблемасымен 1905 жылдан бастап айналыса 
бастады [2, 17 б.].
Проектік сабақтардың дәстүрлі сабақтардан едәуір өзгешеліктері бар. Оны 
дайындау, өткізу оқытушыдан да, оқушыдан да шығармашылық ізденісті, көп 
күш-жігер және уақыт талап етеді. Дегенмен, жеке көзқарасы бар, өз бетінше 
ойлай алатын және толеарантты тұлға тәрбиелейміз десек, не ойлау емес, қалай 
ойлау керектігін меңгертеміз десек, проектік сабақтың берері мол. Себебі бұл 
сабақта оқушы белсенді болады, мұғалім мен оқушы бірігіп жұмыс жасайды. 
Сонымен проектік сабақ деген не? Бұл сабақ алдын ала жоспарланған 
алдына қойған мақсаты бар ерекше сабақ түрі. Оның дәстүрлі сабақтан 
теориялық жақтан ғана емес, практикалық жақтан да өзгешелігі бар. Проектік 
сабақтың басы – бір мәселе, не ерекше ой пікір болып аяғы презентациямен 


182 
аяқталады. Сабақтың басында ұсынылған мәселені шешу үшін оқытушы мен 
оқушы бірігіп жоспар құрып, жұмыс істеу әдістерін таңдайды, баяндайды. 
«Проек» сөзі Еуропа тілдеріне латын тілінен еніп, «алға тасталған ой, алға 
шығып сөйлеуші» дегенді білдіреді. Проектік сабақтар Еуропа елдерінде, оның 
ішінде Алмания мемлекеттерінде мектептерде, оқу орындарында кеңінен 
пайдаланылады. Өз Отанын, туған жерлері туралы, тарихи ескерткіштер
атақты адамдар жайлы танып, білу мақсатында мәліметтер қорытындылайды, 
өз елінің экономикасы, экологиясы, тарихы, геаграфиясымен танысу үшін 
арнайы мекемелерге, ұлы адамдар тұрған үйлерге барып қыруар еңбектер 
атқарады. 
Проектік сабақтар әр түрлі кезеңдерден, қадамдардан тұрады: дайындық 
кезеңі: а) негізгі тақырыпты түсіндіру, талдау, өз ойларын айту; ә) сабаққа 
қажетті жаңа сөздермен жұмыс істеу; б) қосымша материалдар енгізу
тақырыптарды бөлу: а) оқушыларды кіші топтарға топтастырып,әр топқа кіші 
тақырыптар табу; ә) тақырыптарды талқылау; тақырыптарды нақтылау:а) 
сұрақтар құрастыру, жоспар құру, рөлдерді, тапсырмаларды бөлу, кім не 
істейді, қашан, қалай, немен. 
Проектік сабаққа дайындық кезеңінде жоспарды басшылыққа алған жөн, 
бірақ сабақ жоспарынан ауытқуға да болады, себебі бұл сабақ барысында 
творчестволық еркіндік болуы қажет. Мәліметтерді жинау: а) түпнұсқадағы 
кітап, газе-журнал т.б. мәліметтер; ә) теле-радио хабарларындағы мәліметтер; 
б) белгілі бір жерді зерттеуден алынған мәліметтер; в) көшеде алынған сұқбат 
мәліметтері; г) фото суреттер т.б. Жиналған мәліметтерді презентацияға 
дайындау: а) реттеу, өңдеу, презентацияға лайықтап дайындау; ә) плакаттар 
дайындау, карта жасау, газет шығару, көрме дайындау, брошюра жазу т.б. 
Презентация: а) әр кіші топ өз презентациясын басқа оқушылар алдында айтып 
түсіндіреді, көрсетеді; ә) жұмыстың нәтижесін көрме, брошюра, плакат,т.б. 
көмегімен ауызша айтып беру; в) қысқаша жұмыс жоспарымен, іс барысымен 
таныстыру (не істеуді жоспарлады, не істелді, жұмыс қалай жүрді, бұдан да 
жақсы істеуге болар ма еді т.б.); г) пікірталас, пікір сайыс т.б. [3, 17 б.]. 
Проектік сабақтарды барлық тақырыптар бойынша және әр түрлі етіп 
өткізуге болады. Енді өз іс тәжірибемде жүргізілген проектік сабақтардан 
қысқаша мысалдар келтірейін: Қазақ тілі сабағында оқушыларға «Келесі 
ғасырдағы мектептер және ондағы оқу қалай болады деп ойлайсыздар?» деген 
ой тасталды. Оқушылар кіші топтарға бөлініп жұмыстың бірінші кезеңінде 
келесі ғасырдағы мектепті суреттеді (тек компьютермен жабдықталған, мұғалім 
сабақты үйде отрып-ақ жүргізеді, мектепке күнде барудың керегі жоқ т.б.) 
Жұмыстың 2-кезеңінде өз мектептері, ондағы оқу (оқу кешендерін,оқу 
бөлмелерін суреттеу, ұнайтын пәндері т.б.) туралы жазса, 3-кезеңде қазіргі 
кездегі өз оқуларына қандай өзгерістер енгізгісі келетіндіктері жайлы жазып, 
соңғы 4-кезеңде, яғни презентацияға жазған мәтіндерінен ең жақсыларын 
таңдап алып брошюра жасады. «Іскерлік хат» тақырыбында оқушыларға әр 
түрлі хат жазуды ұсындым. Алдымен кімге хат жазуға болатынын талқыланды: 
саясаткерлерге, 
өнер 
жұлдыздарына,
спортшыларға,
болашақ 
мамандықтарына 
қатысты 
орындарға, 
қоршаған 
ортаны 
қорғайтын 


183 
мекемелерге, жастар ұйымдарына, клубтарға т.б. Екінші кезекте оқушылар өз 
хаттарында қандай мәселелер жөнінде жазатындықтарын талқылады. Үшінші 
кезекте оқушылар хатты қалай бастау керек, қалай аяқтау керек сияқты 
сұрақтарды пысықтап, хат, пакеттер алмасу, аудио-видеокассеталармен 
алмасып қызықты ақпарат алмасуға болатыны туралы кеңес берілді. Алынған 
жауаптар талқыланып,олардағы мәліметтерден презентация жасалды. 
Ғалымдардың есептеуінше, проектік сабақтардың кезіндегі мәліметтерден 
оқушылар 90 пайызын еске сақтайды. Қытай мақалында айтылғандай «Мен 
естігенімді - ұмытамын, көргенімді - еске сақтаймын, қолмен істегенімді- 
түсінемін» оқушылар өздері дайындаған, өздері жүргізген сабақтарды, 
мәліметтерді еске сақтай біледі және түсінеді [4, 23 б.] 
Проектік сабақты дайындау кезінде төмендегідей әдістерді пайдаландық: 
сұрау жүргізу, экскурция жасау, сұқбат алу, кітапханадан, интернет желісінен 
мәліметтер іздеу, эксперимент жүргізу, мамандармен жұмыс жасау, 
обьектілерді бақылау т.б. 
Қорыта айтқанда, проект сабақты тиімді ұйымдастыра білу - оқытудың 
белсенді әдісі болумен қатар бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны 
қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет