Зертханалық ЖҰмыс №1 тапсырма (зертханалық жұмыс) тапсыру мерзімі: апта, балл Сырғымалы жолдарды және тізімдерді ұйымдастыру



бет23/35
Дата13.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#157933
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС-1
9be7553b-fe2f-4e08-ba9d-e6a74678d961-Начальная военная подготовка-105107, 2389bda6-a43a-4574-9c88-1534d6a111ac, Тәрбие сағ слайд, Ашық сабақ тақырыбы "Апта күндері" 1-сынып
1.2. Объект интерфейсі
және объектінің ішкі құрылымы
Rectangle объектісін қарастырайық. Ол мынадай информацияны сақтайды.
Rectangle объектісі
Объект тіктөртбұрыштармен жұмыс істеуге арналған. Объектінің бір данасын жасау үшін былай жазу керек: var х = new Rectangle(a,b); // Мұндағы х Rectangle
// объектінің бір данасы (экземпляры).
// а мен b тіктөртбұрыш ені мен биіктігі.
// new сөзі бір дана жасау үшін керек.
Объектінің бір данасы жасалған соң, келесі тәсілдер мен қасиеттерді пайдалауға болады:
Қасиеттер
width
height
Тәсілдер
square()
perimeter()
radius()
Пайдалану мысалы:
var p =х.perimeter();
var r = x.radius();
var m = x.width;
if(x.height > m)
m = x.height;
Мұнда объект интерфейсі келтірілген, яғни объектімен қатынасуға қажет информация берілген.
Мұнда square, perimeter, radius функция-ларының программалық кодтары келтірілмеген. Басқаша айтқанда, объектінің ішкі құрылымы көрсетілмеген. Жұмыс кезінде тек интерфейсті пайдаланып, оның ішкі құрылымын қажет етпеуге болады.
Объект интерфейсі – бұлар пайдалануға болатын объектінің айнымалылары мен функциялары.
Объектінің ішкі құрылымы — программалау тілінде объектінің ішкі айнымалылары мен функцияларын сипаттау.
JavaScript тілінде Rectangle объектісінің х экземпляры-ның қасиеттері мен тәсілдері жазылады:
x.height; x.perimeter();
Жалпы жазылу форматы мынадай болады:
экземпляр_аты.объект_қасиеті_не_тәсілі_
Нүкте - сатылы бөлу таңбасы: ол атасын баласынан (тегін мұрагерінен) бөліп тұрады.
1.3. Құрамдас ішкі объектілер және тұтынушы объектісі
JavaScript тілінде ішкі құрамдас объектілер көп. Оларды программалау қажет емес, олар тіл ішінде орнатылған. Бұл – браузердің программалық кодына осы объектілер коды кіреді деген сөз. Програм-малаушы осы объектілердің интерфейсін білуі тиіс, олардың бір экземплярын жасай білуі керек, сонда ол өз қалауынша ішкі объектілерді пайдалана алады.
JavaScript жаңа объектілерді программалауға және олардың ішкі объектілерін өзгертуге мүмкіндік береді. Енді бірнеше ішкі объектілер жұмысын қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет