Xiii ғасырдағы және бүкіл әлем тарихында анағұрлым ұлы адамдардың бірі Шыңғысхан екені күмәнсіз



бет9/9
Дата22.12.2021
өлшемі147 Kb.
#127478
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
CHingiz

Билеу нәтижелері. Наймандарды бағындыру кезінде Шыңғыс хан жазбаша іс қағаздарын жүргізудің бастамасымен танысты. Наймандардың жартысы Шыңғыс хан әскеріне қызметке тұрды да, монғол мемлекетіндегі алғашқы шенеуніктер және алғашқы ұстаздар болды. Шамасы, Шыңғыс хан наймандарды этникалық монғолдармен алмастыруды көздеген болар, өйткені монғолдың атақты жас жігіттеріне, сонымен қатар өз ұлдарына да, наймандардан тіл мен жазуды үйренуді бұйырды. Монғол үстемдігі тарағаннан кейін, Шыңғыс ханның әлі көзі тірісінде, монғолдар шенеуніктердің және бағындырылған елдердің дін қызметкерлерінің, алдымен қытайлықтар мен парсы халықтарының, қызметтерін пайдаланатын [8, б. 154].

Сыртқы саясат аясында Шыңғыс хан өзіне бағыныңқы аумақтың шекараларын барынша көп кеңейтуге тырысты. Шыңғыс ханның стратегиясы мен тактикасына мұқият барлау, кенеттен шабу, қарсыластың күшін бөлуге ұмтылу, қарсыласты алдап түсіру үшін арнайы жасақтарды қолданып тосқауылдарды құру, көптеген атты іскерді қолданып орағыту, т.б. тәсілдер тән болды. Темучин және оның ұрпақтары көне ұлы мемлекеттерді жер бетінен жойып тастады: Хорезмшах мемлекеті, Қытай империясы, Бағдат халифаты, орыс князьдықтарының көп жерлері бағындырылды. Ірі-ірі аумақтар дала заңы «Ясыға» бағындырылды [9, б. 142].



1220 жылы Шыңғыс хан Монғол империясының астанасы Карақорымның негізін құрды [10, б. 167].

Шыңғыс хан өлімінің себебі туралы:

1. Рашид-ад-Дин мен Әбілғазы бойынша – Ол түсінде ажалы жақын қалғанын көріп, Таңғұт ханынан кек алып үлгеру үшін жорыққа шығады. Бірақ ажалы келіп, кек алуды балаларына өсиет етеді;

2. «Ган му» бойынша – Таңғұт ханын жеңіп, тұтқындап, Моңғолияға жібереді де, өзі кенеттен ауырып, 8 күннен соң қайтыс болады [11, б. 97];

3. «Құпия шежіреде» – 1226-1227 жылына қараған қыста аңда жүргенде аттан құлап, жарты жылдан астам уақыт ауырып, бірақ Таңғұт ханын жеңіп, өлтірткеннен соң қайтыс болады; (Егер «ҚШ» 1240 жылы жазылған болса, одан кейін жазылған «Жамиғ-ат-Тауарих» пен «Ган му»-ға осы шығарманы неліктен пайдаланбаған?) [12, б. 127].

4. Лубсан Данзан 1627 жылы жазған «Алтын топшы» 75 пайызы «Құпия шежіреден» көшірілген делінгенмен, Шыңғыс хан қазасы басқаша баяндалған. Мұнда ол аттан құламайды, жорық үстінде ауырмайды. Тек Таңғұт ханын өлтіріп, оның әйелін олжалап болған соң ғана «ыстығы қатты көтеріліп, алтын жаны шығар сәтте» өсиетін айта бастайды. Өзге шығармалардан ерекшелігі – «Алтын тобшыда» Таңғұт ханы Шыңғыс ханға: «Күрбелшін Гоа (сұлу) қатынымның қара тұяғынан бастап, түгел денесін тінтіп шық» деген сөздерді айтып, өліп кетеді. Ежен Боғада (Шыңғыс хан) Күрбелшін Гоа қатынды алады. Күрбелшін Гоа қатынның сұлу жүзіне Еженнен бастап, Ұлы ұлыс түгелдей таң-тамаша қалады. Күрбелшін қатын: «Мына өңім сенің шеріктеріңнің тозаңына кірлеп қалды. Бұдан бұрын мұнан да сұлу едім. Енді суға жусам, қайта көрікті боламын!» дейді. Ежен Боғда: «Суға барып жуынып кел!» деп жібереді. Ол қатын судың жағалауында жүрген көк торғайды ұстап алып, құйрығына жазу жазып: «Мен осы суға түсіп өлемін. Денемді төменнен іздемеңдер. Жоғарыға қарай іздеңдер!» деп әкесіне жібереді. Әкесі қызының айтқан сөзі бойынша өзеннің басынан іздеп тауып алып, жерлегенде бітеу тұлыппен топырақ төгіп көмеді. Сол сүйегін көмген зәулім үйіндіні «Темір олоқу» деп айтады. Сол өзенді Қатын өзені деседі» деп, әйелдің Шыңғыс ханды алдап, суға кетіп өлгені баяндалады [13, б. 180].

Бір таңғаларлығы, осы аталған тарихи еңбектердің барлығынан да ерте, «Мәңгі елге» 13 ғасырда келіп қайтқан еуропалықтар жазған шығармаларда Шыңғыс ханның я аттан құлап жарақаттанғаны, я тістен жарақаттанғаны туралы ештеме кездеспейді. 1253 жылы «Мәңгі ел» мемлекетінің астанасы Қарақорымда болған Франция королінің елшісі П.Карпини кітабында Шыңғыс хан өлімі туралы: «Совершив свои распоряжения и постановления он был убит ударом грома» деп жазыпты («История монголов», 5-тарау, 1-бөлім). Ал Мәңгі ел астанасы Пекинге көшкен соң, 1275 жылы келіп, 15 жыл осы елде тұрған венециялық Марко Поло Шыңғыс хан қазасы туралы «Әлемнің әралуандығы туралы кітап» деген шығармасының XVIII тарауында: «Пошел на крепость Канги, и попала ему тут стрела в коленку: от той раны он и умер. Жалко это, был он человек удалой и умный» деп жазған [14, б. 159]. Олардың бұл деректері өзге еш шежірелерде кездеспейді.

Соңғы екі ғасыр көлемінде Еуропа елдері зерттеушілері Шыңғыс хан өлімі туралы жазғанда негізінен «ҚШ»-дағы «аттан құлаған» деген және «Жамиғ-ат-Тауарихтағы»: «Таңғұт ханын өлтіруге үлгірмей, өзі өлді» деген пікірлерді пайдаланып жүр. Бірақ егер 1227 жылы қыста құлан аулаған кезде аттан жығылып, денесі қатты ауырып, Есүй ханым: «Қағанның денесі түнде қызып шықты» – десе, Шыңғыс хан сондай ауруымен тамыздың аяғына дейін шыдап, соғысқан ба? Таңғұт жеріне келген соң Шыңғыс хан төрт қаласын алып, мемлекет астанасының тұсынан өтіп кетеді («Жамиғ-ат-Тауарих»: «Он прошел мимо этого города и, захватив другие города и области, пошел в сторону Хитая» делінген. Содан соң ғана балаларына өзінің түс көргенін айтып, көктемде Таңғұтқа қайта аттанады (251 б.). Аттан осы жолы құлады деуге – мәңгіелдіктер заңы бойынша аңға тек қыста шығады. Ұлдарына өсиетін айтқаннан соң, оларға: «Енді ұлыстарыңды басқаруға барыңдар» деп, өзі Таңғұтқа аттанады. Егер ол аттан құлап ауырып жүрген болса, күшін бөлшектемей, бірден Таңғұттың астанасын алуға асығар еді ғой. Сондай-ақ осы соғыс кезінде ол Бақыршы мен Мұқылайды Қытай елін билеуге аттандырады («ҚШ», 267 бөлім.). Осыдан кейін Таңғұт ханы берілмек болып елші жіберіп, сыйлықтар дайындау үшін бір ай мерзім сұрайды. «Жамиғ-ат-Тауарихта» Шыңғыс хан науқасы туралы осы елші келіп кеткеннен соң ғана айтылуына қарағанда, Таңғұт билеушісі елшімен қоса әйелін де Шыңғыс ханға қастандық жасауға жұмсаған сияқты. «Алтын тобшыда» Таңғұт билеушісінің жадышы екендігі айтылады. Ендеше ол әйеліне тапсырманы орындап, суға кетіп өлуді гипноз арқылы жасауы мүмкін. Әрине, Таңғұт ханы есептегендей, Шыңғыс ханның тістен алған жарақаттан сегізінші күні қайтыс болған («Ган-му»). Бірақ Шыңғыс хан өз өлімін жасыруға бұйырғандықтан, Таңғұт ханы өз әйелі Шыңғыс ханға қастандық жасамаған, оны аман-сау деп ойлап, уәдесі бойынша бір айдан кейін берілуге келген [15, б. 442].

Бірақ соңғы екі ғасыр көлемінде Еуропа елдері зерттеушілері тек осы дерекке сүйеніп келеді. Кей шежірелерде Шыңғыс ханның аң аулау кезінде аттан құлап ауырып қайтыс болғаны айтылады.
Әдебиеттер тізімі
1. Табулдин Г.Ж. «О генеалогии потомков Чингисхана на Евразийском континенте c ХІІІ - ХХ в.в.». Астана: Жас каламгер, 2008. 290 с.

2. Ерофеева И.В. Родословные Казахских ханов и XVIII-XIX вв.. Алматы,2003. 421 с.

3. Эренжен Хара-Даван. Чингис-хан как полководец и его наследие Издательство: Калмыцкое книжное издательство, 1991. 315 с.

4. Чингисхан как полководец и его наследие. Алма-Ата, 1992. 372 с.

5. Рашид ад-Дин. Сборник летописей. История Монголов. История Чингисхана. В 3-х чч. /Пер. с перс. профессора Н.И.Березина. Изд. 4-е. СПб., 1990. 406 с.

6. Храпачевский Р. П. Военная держава Чингисхана. — М.: АСТ, Люкс, 2005. 560 с.

7. Юрченко А.Г. Образ Чингисхана в мировой литературе XIII—XV вв. // Историческая география политического мифа. Образ Чингисхана в мировой литературе XIII—XV вв. / А.Г. Юрченко.— СПб: Евразия, 2006. 640 с.

8. Юрченко А.Г. Образ Чингисхана в мировой литературе XIII—XV вв. // Историческая география политического мифа. Образ Чингисхана в мировой литературе XIII—XV вв. / А.Г. Юрченко. — СПб: Евразия, 2006. 640 с.

9. Крадин Н. Н. Империя Хунну. – М.: Логос, 2002. 183 с.

10. Скрынникова Т. Д. Харизма и власть в эпоху Чингис-хана. — М.: Издательская фирма «Восточная литература» РАН, 1997. 216 с.

11. Доманин А. А. Монгольская империя Чингисидов. – М.: ЗАО Центрполиграф, 2005. 207 с.

12. Гумилев Л. Н. Поиски вымышленного царства // Гумилев Л.Н. – М.: Айрис-пресс, 2002. 147 с.

13. Сандаг Ш. Образование единого монгольского государства и Чингисхан // Татаро-монголы в Азии и Европе: Сборник статей. — М.: Наука, 1977. 245 с.

14. Груссе Р. Чингисхан: Покоритель Вселенной. — М., 2008. (серия ЖЗЛ) 296 с.



1 5. Султанов Т. И. Чингиз-хан и Чингизиды. Судьба и власть.— М.: АСТ; МОСКВА, 2006. 445 с.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет