Xiii ғасырдағы және бүкіл әлем тарихында анағұрлым ұлы адамдардың бірі Шыңғысхан екені күмәнсіз



бет8/9
Дата22.12.2021
өлшемі147 Kb.
#127478
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
CHingiz

Әскерді ұйымдастыру. Орданың гвардиясы немесе жауынгерлері Шыңғыс ханға дейін көптеген көшпенді билеушілердің және қидандардың лагерьларында болған. Алайда ол Шыңғыс ханның кезіндегідей әскермен соншалықты тығыз біріктірілген болған емес.

Бұған қосымша, үлес берілген император отбасының әр мүшесінің жеке гвардиялық әскері болды. Киіз үйлердің немесе отбасылардың белгілі бір саны үлестің иесі болып келетін император жанұясының әр мүшесінің ордасымен байланысты болғанын еске түсірген жөн. Осы киіз үйлерде тұратын тұрғындардың арасынан кез-келген әйел адамның немесе князьдың әскер жинауға рұқсаты болды. Орданың осы әскерін үлес шаруашылығын басқарушы ретінде император тағайындаған немесе князь жоғары дәрежеге ие болған кезде өзі тағайындаған әскербасы басқарды. Шамамен, осындай әскерлердің бірлігі, оның санына байланысты, тұрақты қызметтегі «мыңдаған» әскерлердің батальоны немесе эскадроны болып саналды, әсіресе князьдың өзінің лауазымы мыңбасы болғанда немесе осы мыңдықты өзі басқарған кезде.

Мыңдаған адамнан тұратын бөлім тұқымдардың қисындасуы немесе кішкентай тайпа болды. Алайда, көбінесе Шыңғыс хан әр мыңдықты әр түрлі тұқымдарға және тайпаларға жататын адамдардан құрды. Ондаған әскер (түмен) әр уақытта әр түрлі әлеуметтік бірліктерден құралды. Мүмкін бұл көне тұқымдар мен тайпалардан гөрі, империяның жолын қуған үлкен әскери қосылыстарды жасауға тырысқан Шыңғыс ханның, кейде болса да, саналы саясатының нәтижесі болған шығар. Осы саясатқа сәйкес үлкен қосылыстардың қолбасшыларын – мың басылар мен түмен басыларды – императорлар өздері тағайындайтын, және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан әрбір дарынды тұлғаны көтермелеу Шыңғыс ханның ұстанымы болды.

Монғолдың қарулы күштері үш топқа бөлінді – ортаңғы, сол және оң қанаттарға. Монғолдар әрқашан үйлерін оңтүстікке қаратып тіккендіктен, сол қанаты шығыс тобын, ал оң қанаты батыс тобын білдірді. Арнайы офицерлер әскерлердің диспозициясын жоспарлау үшін, жорық уақытында және әскерлерді орналастыру кезінде әскердің қозғалысын бағыттау үшін тағайындалатын. Олар, сонымен қатар, барлаушылар мен тыңшылардың әрекеті үшін жауап беретін. Бас офицердің лауазымын қазіргі әскердегі бас квартирмейстердің лауазымымен салыстыруға болады. Чербтердің міндеттері қомиссариат қызметтері болды. Шыңғыс хан басқармасында барлық әскери ұйым тұрақты бақылауда және императордың тексерісінде болды, және Ұлы Ясы бұны болашақ императорларға ұсынды. «Ол өз ұрпақтарына шайқас алдында жауынгерлерді және олардың құрамын жеке тексеруді, жауынгерлерге жорықтарға қажетті заттардың бәрін жеткізуді және бәрін түгел бақылауды тапсырды, ал егер қандай да бір жауынгердің қажетті бір заты болмай қалса, оны жазалау керек болды» [5, б. 148].

Монғол әскері жоғарыдан төменіне дейін қатаң тәртіппен біріктірілген еді, оған офицерлер де, қарапайым жауынгерлер де бағынды. Әр бөлімшенің басшысы барлық қарамағындағы адамдар үшін жауапты болды, ал егер өзі қателік жасаса, оның жазасы одан да қатал болатын. Ал император гвардиясы – әскердің өзегі – тіпті бейбіт кезде дайындық жағдайында болатын.

Стратегия және тактика. Үлкен жорық алдында соғыстың жоспарлары мен мақсаттарын талқылау үшін құрылтай жиналатын. Құрылтайға барлық ірі әскери қосылыстардың басшылары қатысып, императордан қажетті нұсқаулар алатын. Шабуыл жасау объектісі ретінде таңдалған мемлекеттен келген барлаушылар мен тыңшылардан сұрау алынатын, егер мәліметтер жеткіліксіз болса, қосымша ақпарат жинау үшін жаңа барлаушылар жіберілетін. Содан соң шабуылға дейін әскер жиналатын аумақ және жасақтар өтетін жол бойындағы жайылымдар анықталды.

Қарсыласты насихаттауға және психологиялық түрде өңдеуге көп көңіл бөлінді. Әскерлер жаулардың мемлекетіне жетпестен көп бұрын сол жақтағы құпия агенттер монғолдардың дінге еріктілікті қабылдайтынына діни өзгеше ойды ұстанушыларды көндіруге тырысатын; монғолдар кедейлерге байларға қарсы күресуге көмектеседі деп кедей адамдарды; ал жолдарды монғолдар сауда үшін қауіпсіз етіп құрады деп бай көпестерді көндірді. Егер адамдар қарсыласпай берілсе, барлығына бірдей бейбітшілікті, ал қарсыласатын болса қатал жаза беруді уәде етті.

Әскерлер жаудың жеріне бір-бірінен біршама қашықтықта әрекет жасайтын бірнеше саппен кірді. Әр сап бес бөліктен тұрды: орта, оң жақ, сол жақ бөліктерден, арьергардтан және авангардтан. Саптар арасындағы байланыс адам жіберу арқылы және түтін белгілерімен жүзеге асты. Әскердің шабуылы кезінде жаудың әрбір ірі қамалының алдына бақылаушы топ тұрғызылды, ал сол уақытта мобильді жауынгерлер қарсыластың әскерімен қақтығысу үшін алға қарай ұмтылды.

Монғол стратегиясының басты мақсаты қарсыластың бас әскерін қоршап, қыру болды. Үлкен аңшылық тактикасын – щеңберді қолданып, олар сол мақсатқа жетуге тырысты – әдетте табысқа жететін. Бастапқыда монғолдар үлкен аумақты қоршады, содан соң біртіндеп шеңберді тарылтып, қысады. Жеке сап басшыларының өз әрекеттерін координациялау қабілеті ғажайып болды. Көп жағдайларда олар басты мақсатына жету үшін сағат механизмінің дәлдігімен күш жинады. Субэдэйдің Венгриядағы операцияларын осы тәсілдің классикалық үлгісі ретінде қарастыруға болады. Егер монғолдар қарсыласының әскерімен соқтығысқан кездерінде олардың шегін бұзып өту үшін жеткілікті мықты болмаса, олар кері шегінуді бейнелейтін; көп жағдайларда қарсылас бұндайды ретсіз қашу деп санап, алға қарай соңдарынан ұмтылатын. Сол кезде өздерінің орағыту тәсілдерін пайдаланып, монғолдар кенеттен кері бұрылып, шеңберді тұйықтайды. Осындай бір стратегияға Лигниц кезіндегі шайқас үлгі болды. Сить өзені бойындағы шайқаста орыстар қандай да бір маңызды қарсы шабуыл жасағанша дейін монғолдар оларды қоршап алды [6, б. 97].

Монғолдардың жеңіл атты іскері бірінші болып шабуыл жасады. Ол жау әскерін тоқтаусыз шабуылдармен және кері шегінумен шаршататын, ал садақшылары жау әскерін қашықтықтан құлататын. Осы маневрлардың бәрінде атты әскер қозғалыстарын басшылары жалаушалар арқылы бағыттады, ал түнде түрлі түсті шамдарды қолданды. Жау әскері жеткілікті мөлшерде әлсіреп, деморализацияланған кезде, орта қол немесе флангқа қарсы ауыр атты әскер жіберілді. Олардың шабуылынан болатын талықсыту әдетте қарсыласуды тоқтататын. Бірақ монғолдар шешуші айқасты жеңген кезде де өз міндетін орындадық деп санамайтын. Шыңғыс ханның стратегиясы принциптерінің бірі жау әскері қалдықтарының толық көзін жойғанша дейін ізінен қалмау болатын. Жаудың ұйымдасқан қарсыласқан топтарын толық жою үшін бір-екі түмен жеткілікті болғандықтан, басқа монғол әскерлері кіші жасақтарға бөлініп, жүйелі түрде мемлекетті тонауды бастайды.

Өздерінің бірінші орта азиялық жорықтары болған уақыттан бері монғолдар күшейтілген қалаларды өте тиімді қоршау және соңғы рет шабуыл жасау техникасына ие болғанын айта кеткен жөн. Егер ұзақ мерзімді қоршау байқалып қалса, қаладан біраз қашықтықта сырттан келген жеткізілімдерді тоқтату және қала аумағының сыртындағы жергілікті әскермен байланысты үзу үшін қаланы қоршайтын ағаш қорған құрылатын. Содан соң, құлдардың және рекрутталған жергілікті тұрғындардың көмегімен қала іргесі бойындағы ор фашиналармен, тастармен, құммен, қолға түскен заттардың бәрімен толтырылады; қоршау механизмдері қаланы тастармен, шайыр толтырылған ыдыстармен және найзалармен атқылауға дайындық жағдайына келтірілетін. Ақырында инженерлік корпусқа қосымша ретінде монғолдар қоршау операцияларында жаяу әскерлерді де қолдана бастады. Оларды бұған дейін монғолдар бодан қылған шет ел мемлекеттерінен іріктелетін [7, б. 153].

Әскердің жоғары мобильдігі және жауынгерлердің төзімділігі мен сақтығы жорық кезінде монғолдың интенденттық қызметінің міндетін көп жеңілдететін. Әр саптың артынан ең аз мөлшердегі қажеттіліктері бар түйе керуені жүріп отыратын. Негізінде, әскер бағындырған жерлердің есебінен өмір сүреді деп жорамалданды. Әр ірі жорыққа барғанда монғол әскерінің қажетті қорларының потенциалды базасы арьергардтан гөрі алдыңғы бөлігінде болатын. Монғолдардың ілгері жылжуымен бірге олардың әскері бағындырылған елдің халқының есебінде өсіп отырды. Бұрын дұшпан әміршілеріне бағынған түркі және басқа да көпшенді және жартылай көшпенді тайпалар қару-жарақтары бойынша монғол бірлестігіне қабылданды. Олардан монғол офицерлері бастаған тұрақты әскер бөлімдері құрылды. Осыған байланысты Шыңғыс ханның өлімі кезінде монғол әскерінің саны 129 000 жауынгерге жетті деп айтуға болады. Мүмкін оның саны ешқашан көбірек болмаған шығар. Әскерлерді өздері бағындырған елдерден рекруттап қана монғолдар осындай үлкен жерлерді бағындырып, бақылай алды. Әр елдің қорлары, өз кезегінде, келесі елді бағындыру үшін қолданылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет