Математиканың абстрактылығы. Абстрактылығы. Нүкте- идеалдастырылған обьект. Материалдық техника табиғаттан әртүрлі материалдардв алып, оларды түрлендіріп біріктіріп адамға практикалық ісінде табиғатты игеру үшін құралдар жасап беретіндей, математика да табиғаттан абстракция арқылы өзінің бірінші ұғымдарын жасап, оларды біріктіріп түрлендіру арқылы табиғатты теориялық игерудің құралын жасайды. Сондықтан математиканы «идеал техника» деп санауға болады.Математиктер өздері жаратқан абстракт ұғымдарға әрқашан операциялар жүргізіп, олардың кейбір қасиеттерін табады да, кейін ол қасиеттерді, нәтижелерді реал дүниеде қолданады.Математиканың абстрактылығы оның мүмкіндігінің сарқылмайтындығының кепілі.
Математика жөнінде поляк математигі Ян Снядецкий (1756-1830) «Математика –ғылымдар патшасы. Оның сүйіктісі –ақиқаттығы, тағы мен тәжі –қарапайымдылығы мен анықтығы» деген.
Математиканың басқа ғылымдармен байланысы. Математиканың басқа ғылымдармен байланысын анықтайық. Оның химиямен, физикамен, механикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байланыстылығына дау жоқ.
И. Кеплер жұлдыздар қозғалысын математикалық сараптаудан өткізу арқылы планеталардың қозғалысының эллипсоидалдық екенін ашты.
И. Ньютон көптеген механиканың бүкіл әлемдік тартылыс заңдылықтарын математикалық әдістермен қорытып шығарды.
Топтар теориясы арқылы жаңа элементар бөлшектер ашылды.Ұшақтың
қанатын көкке көтеретін күшті математикалық (комплекстік функция
теориясы) зерттеу арқылы ашып, Н. Жуковский авиация атасы атағына ие
болды, ж.б.
Сөйтіп, өткенді зерттеу арқылы болашаққа жол ашылды. Математикада
бұл әдіс проблемалық ситуация құру арқылы, құбылыс заңдылығын ашу деп
аталады.
Атақты ғалым – математик П.Л. Чебышев: «егер ғылыми теория
практикада қолданылуымен өзінің өмірден алынғанын дәлелдесе, практика
теорияны жаңартып, жаңа сатыға көтеруімен маңызды» - деген екен.
Ғалымның бұл айтылған ойының дұрыстығына қазір ешкім күмән
келтірмейтіні былай тұрсын, бұл ой математиканың заман ағымынан
қалмай, қадымдас жүретінінің, ертелі – кеш қалайда қолданым табатынының
айғағы.
Ерекше назар аударатынымыз – белгілі заңдылықтар проблеманы
шешуге жетімсіз болса, шешімін басқаша, жоғары деңгейдегі
заңдылықтармен – жаңа теориялармен шешеді.