Xix-хх ғғ. –дағы математиканың жаңа бағыттары


XX ғасырға дейінгі Ресейдегі математика



бет10/51
Дата27.03.2023
өлшемі149,26 Kb.
#173075
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Байланысты:
мат тарих сессия

XX ғасырға дейінгі Ресейдегі математика.
Ресейде математикалық білімнің белсенді дами бастауы XVIII ғасырдан басталады. Сол кездері Петр патшаның бұйрығы бойынша теңіз флотын қалыптастыруға байланысты қорғаныс және азаматтық сала кадрларын дайындау үшін математикалық-навигациялық мектеп ашылған болатын. Алғашқы жылдардан бастап-ақ бұл бағыттағы жұмыстар қайнап жүре бастады.
Мектепте жұмыс істеуге тек орыстар ғана емес шет елдерден де мұғалімдер шақыртылды. Олар арифметика, геометрия, алгебра және тригонометрия бойынша сабақтар жүргізді. Сол кезде олардың арасында ең танымал ұстаздар – ағылшын Эндрью Фарвархсон және орыс педагогы Леонтий Филиппович Магницкий болды. Мектеп ашылысымен математикаға арналған кітаптардың шығарылуы қажет бола бастады және ондай кітаптар жазылды да. Соның бірі, орыс халқының ең алғашқы оқулығы Л.Ф.Магницкийдің атақты «Арифметика» кітабы болған еді. 1703 жылы «Логарифмдер, синустар, тангенстер және секанстар кестелері» кітабы баспадан шығарылды. Алайда, Ресейде математикалық кітаптар шығару және математиканың дамуының жаңа кезеңі 1724 жылғы Ғылым Академиясының ашылуымен және Ресейге атақты Леонардо Эйлердің келуімен байланыстырылады.
Л.Эйлер өзінің ұлы математик және энциклопедист ғалым болғанымен белгілі, бірақта ол сонымен қатар механика, астрономия, оптика, география сияқты ғылымдармен де белсенді шұғылданған. Ресейде жүріп Л.Эйлер білім беруге және математиканы оқытуға да аса көп көңіл бөлген.
Оның осы саладағы «Арифметикағажетекші» (1740-1760 ж.ж), «Әмбебап арифметика» (1768-1769) сыяқты еңбектері Ресей математикасының дамуына үлкен әсеретті, әсіресе, екінші кітабы алгебраны оқып
үйрену шілерге өте қолайлы және жеңіл болды. XVIII ғасырдың жартысы XIX ғасырдың басында математикалық кітаптарды шығару дамуының екінші кезеңі басталды. Сол кездері Л.Эйлердің көптеген шәкірттері және математик-әдіскерлер Ресейдің білім беру орталықтарында: Ғылым Академиясының жанындағы гимназиясы мен университетінде, Петербургтегі мұғалімдер семинариясында, Теңіз академиясында аянбай еңбек етті. Н.И.Фусстың Л.Эйлердің әдістемелеріне сүйеніп жазған кітаптары алгебра мен арифметиканы оқып үйренушілерге өте тиімді әсер етті. Жалпы XIX ғасырдағы, тіпті А.П.Киселевтің кітаптарына дейін Н.И.Фусстың кітаптары Ресейдегі математикалық білімнің қалыптасуына оң әсерін тигізді.
Сол жылдары М.Е.Головин халықтық училищелерге арнап арифметикадан, алгебрадан, геометрия, механика және архитектурадан бірнеше кешенді арнайы оқулықтар жазды, бұл кітаптар кезінде бірнеше рет қайталап баспадан шығар тылды. Соңғы 10-шы басылымы 1822 жылға тиесілі. 1798 ж. «Геометрия элементтерін жетілдірудегі тәжірибе» деген атпен орыс академигі С.Е.Гурьевтің кітабы шықты. Ғалым-ұстаз Т.С.Полякованың ойынша бұл кітап Еуропадағы ең алғашқы математикадан дайындалынған әдіскерлік бағыттағы кітап болған. С.Е.Гурьев - талантты математик, Ғылым Академиясындағы өзінің үлкен ғылыми іскерлік жұмыстарымен белгілі болған. 1784 жылдан бастап әртүрлі оқу орындарында қарапайым оқытушы болып математика курстарынан сабақтар жүргізген. Ең қызығы, оның негізгі әдіскерлік идеясы, бұл – математиканың концентрлік курсын құру болатын. С.Е.Гурьев өзінің математикалық білім беруін былайша топтайды:
1. Балалар арифметикасы мен геометриясы ;
2. Нағыз геометрия мен есептеу ғылымы (ол нағыз арифметика мен қарапайым алгебралық есептеулерді және сфералық тригонометриялық білімдерді құрайды).
3. Жоғарғы математика (ол теңдеулер мен функциялар теориясынан, дифференциалдық, интегралдық және вариациялық есептеулерден тұрады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет