Xviii ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ-орыс қатынастары


Қазақ-башқұрт қатынастарының даму ерекшеліктері



бет10/11
Дата02.02.2022
өлшемі42,41 Kb.
#130510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3.2.Кіші жүздің Ресейге қосылуы. XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан. (1)
2 5314370924642830553, Geografiya kaz
Қазақ-башқұрт қатынастарының даму ерекшеліктері.

- Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының солтүстіктегі ұзаққа созылатын ең үлкен шекарасы Башқұртстанмен екі арада болды.

- XVII ғасырдың екінші жартысында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі ру-руымен Үй-Миасс өзендері аралығындағы және Жайықтың оң жағалауындағы башқұрт жерлерінде көшіп-қонып жүретін. Башқұрт-қазақ байланыстарының ол кездегі кеңінен тараған түрлері екі халық арасындағы қыз беріп, қыз алысу, құда-жекжат болып араласу болатын

-Патша әкімшілігінің башқұрттар арасындағы отаршылдық саясаты көптеген көтерілістердің жиі-жиі шығып тұруына алып барып соқтырды. Мәселен, 1740 жылы башқұрттардың Қарасақал бастаған кезекті көтерілісі болды. Оған қазақтар және олармен одақтас қарақалпақтар да белсене қатысты.

-Патша үкіметі қазақтар мен башқұрттардың ұлтаралық араздығын тудырудың қолайлы уақытын бос жібермеуге тырысып бақты. Орынбор экспедициясының бастығы И. Кирилловке үкіметтен башқұрттар мен қазақтарды бір-біріне айдап салып, қырылыстырып отыру туралы нұсқау түсті. Сөйтіп ол екі туысқан халықтың Ресей империясына қарсы күш біріктіруіне жол бермеу үшін қолынан келген барлық амал-әрекеттің бәрін де жасады.

-1755 жылы башқұрт халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы бағытталған және бір кезекті ірі көтерілісі болып өтті. Ол халықтық қозғалысты Батырша басқарды. Өздеріне жазалау шаралары қолданылғаннан кейін құрамында 50 мыңнан астам адам бар көтерілісшілер Кіші жүздің шекаралас аумағына көшіп барды. Көтерілісші башқұрттардың жоспары бойынша, олар қазақтармен бұрынғы кездердегі сияқты біріге күш жұмсап, патша әскерлеріне қарсы күреске шығуды армандады. Қазақстанның шегіне көшіп бару башқұрттардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп ойлады.

- Орынбор өлкесінің губернаторы И.И. Неплюев қазақтардың билеушілеріне көтеріліске қатысқан башқұрттарды ұстап беруді немесе ең болмағанда оларды шекара шебінен асыра қайта қуып шығуды ұсынды. Бұл қызметі үшін олардың дүние-мүлкі мен мал басын тартып алуға рұқсат етті.

- Ұсынысты қазақтардың Нұралы хан бастаған азғана тобы қуана қабыл алды. Кіші жүздің бірқатар өкілдері тарапынан жасалған жүгенсіз бассыздықтар туралы естіп білген башқұрттар енді кек алуға көше бастады. Атап айтқанда, олар Неплюевтен өздерінің қазақ даласына өтіп, олардан «кек алуына» рұқсат сұрады. Ал Неплюев ресми түрде рұқсат етпегенімен бекініс бастықтарына башқұрттардың Жайық жағына өтіп жатқанын байкамаған болуы жөнінде құпия нұсқау берді. Ал екі жақ бірін-бірі қырып-жоюға тақалған кезде олардың өзенге жақын келмеуі туралы алдын ала ескерту жасады.

- Көтеріліс езіп-жаншып басылғаннан кейін кейбір қазақ рулары өздерінің араларында башқұрттарды жасырын ұстауды одан әрі жалғастыра берді. Бұл жағдай патша үкіметін генерал-майор А. Тевкелевті қазақ даласына арнайы жіберуге мәжбүр етті. А. Тевкелев қазақтардың қашқын башқұрттарды қызғыштай қорғамай, патша үкіметіне жедел түрде ұстап беруі тиіс екеніне көздерін жеткізуге тырысты.

- Нұралы ханның іс-әрекеттері казак-башқұрт катынастарының одан әрі ушыға түсуіне себеп болып, бірнеше ондаған жыл бойы өзара жорықтар жасалып тұрды. Қазақтар ендігі жерде Жайықтың оң жақ жағалауына және башқұрттардың көшіп-қонып жүретін жерлеріне бұрынғыдай емін-еркін бара алмайтын болды.

-Сондықтан да белгілі зерттеуші А.И. Левшиннің тіпті XIX ғасырдың басына қатысты былай деп жазуы тегін емес: «...Қантөгіс азайғанымен екі туысқан халықтың арасындағы қастандық осы уақытқа дейін сақталып келеді...».



-Бұл туралы орынборлық зерттеуші В.Н. Витевский былай деп неғұрлым ашық жазды: «... башқұрттар мен қырғыздардың (қазақтардың арасындағы алауыздықтың Неплюев сепкен ұрығының неғұрлым құнарлы топыраққа түскені сонша, оның башқұрттар мен қырғыздардың (қазақтардың арасын алшақтату үшін жасалған іс-әрекеті өзі күткендегіден де күшті нәтиже берді...».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет