Xviii ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ-орыс қатынастары


XVIII ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН



бет9/11
Дата02.02.2022
өлшемі42,41 Kb.
#130510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3.2.Кіші жүздің Ресейге қосылуы. XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан. (1)
2 5314370924642830553, Geografiya kaz
XVIII ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғаннан кейін Ресеймен шекаралас аймақ - тардағы өзара қарым-қатынас қиындап, барған сайын шиеленісе түсті. Қазақ-Ресей қарама-қайшылығының негізінде жер дауы жатты. Патша үкіметі Қазақстан жерін тікелей тартып алуға және қазақ-башқұрт қатынастарының шиеленісін ушықтыра түсуге көшті.



Кіші жүздегі қарама-қайшылықтардың шиеленісе түсуі.

- 1748 жылы Әбілқайыр ханның ұлы Нұралы Кіші жүздің ханы болды. Жаңа билеуші патша әкімшілігі бұл лауазымға ресми түрде бірінші рет бекіткен қазақ ханы еді. Оған жылына 600 сом мөлшерінде жалақы тағайындалды. Ол өзінің ұлдарын аманат ретінде Орынборға тапсыруға міндеттенді. Нұралы ханның патша үкіметіне тәуелділігі, оның қазақтар арасында абыройын түсірді, сұлтандар тәуелсіз болуға тырысты.

-Олардың бірі әрі бірегейі шекті руы өз ханы деп санаған – Батыр сұлтан. Ол кіші жүздін оңтүстік-шығысында билік етті. Ал солтүстік-батысында Нұралы хан билік етті

-Ираннан Нәдір шахтың да кіші жүзге қауіпі төнді. Бірақ Нәдір шах өліп, бұл мәселе шешілді. Нұралы келмегендiктен Хиуа хандығының тағына 1747 жылы Әбiлқайырдың ескi қарсыласы Батыр сұлтанның баласы Қайып отырды.

-Ал жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннiң 1741—1742 жылдары Орта жүз бен Кiшi жүзге ұйымдастырған бұрынғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан” кем түспейтiн шапқыншылықтары Қазақстандағы саяси жағдайды шиеленiстiре түстi.

-1742 жылғы мамыр айының 20-сы күнi Ресей сенаты қазақтарды және шекаралық өңiрдегi бекiнiстердi қорғау жөнiнде арнайы жарлық қабылдады. 1742 жылғы қыркүйек айының 2-сі күнi Орынбор комиссиясының төрағасы И.Н.Неплюев Қалдан Серенге жолдаған хатында Ресейдiң қарамағындағы қазақтарға қысымды тоқтатуды талап еттi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет