Xviii ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ-орыс қатынастары


Кіші жүздің Ресейге қосылуы



бет7/11
Дата02.02.2022
өлшемі42,41 Kb.
#130510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3.2.Кіші жүздің Ресейге қосылуы. XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан. (1)
2 5314370924642830553, Geografiya kaz
Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері.

Әбiлқайыр хан (1680 — 1748жж.)

Себептері:



  • Хан мен сұлтандардың таққа таласуы

  • Ресейдін қазақ жеріне қызығуы

  • Әбілқайырдың қазақ хандығындағы жеке билігін нығайтуына ұмтылуы

  • Еділ қалмақтары, башқұрттар, жоңғарлар тарапынан қақтығыстар

Кіші жүз Ресейге қалай қосылды?

  • Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин кінәздігі қосылған болатын.

  • 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді.

  • 1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды.

  • 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілқайырдың батырдың Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Петербургке келді. Елшілік Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс етті.

  • 1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды.

  • Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.

*Біріншіден, Әбілқайырдың қол астындағылар Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.

*Екіншіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.

*Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.

*Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.

Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды.


  • Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылғы көктемде Петербургтен А.И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді.

*Оған Кіші жүздің билеушілерін Ресейдің қол астына қалай өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты нұсқау берілді. Кіші жүздің ат төбеліндей билеуші тобын қалағанынша дүние-мүлік беріп, тікелей сатып алу жағын да қарастырып көруді тапсырды. Ол үшін 1 миллион орыс рубліне дейін жұмсауға рұқсат етілді.

*Әбілқайырға императрица Анна Иоанновнаның атынан қымбат бағалы сыйлықтар – болат Қылыш, бұлғын ішік, екі түлкі тымақ, шұға маталар мен басқа да сыйлықтар беру көзделді. Бірақ оларды Құран ұстап, ант берілгеннен және құжатқа қол қойылғаннан кейін ғана тапсыру қарастырылды.

*Дипломатиялық тапсырмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшыны әрі батыры Таймас Шайымов та болды.

*Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшілік, сонымен қатар барлау мәліметтерін де жинауға – жер бедерін суреттеуге, қазақтардың тілі, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрлері туралы мәліметтер жинақтауға тиіс болды. Елшілік сондай-ақ тұрғындардың империя қол астына өтуі қабыл алынған кездегі көңіл күйінің қандай болғанын да білуі тиіс еді. А. Тевкелевке қазақтардың ең жақын көрші халықтары туралы да деректер жинау тапсырылды.



*Қазақ хандығын Ресейге қосып алуға деген ерекше мүдделіліктің болғаны Ресей императоры I Петрдің мына бір сөздерінен айқын аңғарылады. Ол былай деп жазған еді: «Бір миллион сомға дейін қыруар көп шығын жұмсайтын болсақ та, оны тек бір жапырақ қағаз арқылы Ресей империясының құрамында ұстау керек, өйткені ол, қырғыз-қайсақ ордасы... бүкіл Азия елдерінің қақпасын ашатын кілт».

  • Кіші жүздегi аксүйектердің едәуір бөлігі Ресейдің қол астына өтуге үзілдікесілді қарсы болды. Жергілікті жерде айқындалғанындай, Ресейдің қол астына өту туралы шешім Әбілқайыр ханның жеке өзінің бастамасы бойынша қабылданған болып шықты. Оппозициялық көңіл күйдегі көптеген қазақ билеушілері Ресеймен екі арадағы келіссөздерді болдырмай, ашықтан-ашық үзіп тастауға тырысып бақты. Ресей елшілерін өлтіріп жіберуге әрекет жасағандар да болды. Сондықтан да дипломатиялық тапсырмамен келген елшілерді қорғау ісі Әбілқайырдың өз ұлы Нұралы сұлтанға сеніп тапсырылды.

  • Өзін Ресей империясының сенімді өкілі екендігін алға тартып, дүние-мүлікке қызықтыру арқылы пара беру, уәделі келісімге көндіру, кей-кейде ашықтан-ашық қоқан-лоқы жасап қорқыту арқылы А. Тевкелев келіссөздерді ақыры өз пайдасына шешті. Ресей елшісі Әбілқайырдың төңірегіндегілерді Ресейдің қол астына өтуге көндірді.

  • 1731 жылдың 10 қазан күні Әбілқайыр хан, бірқатар сұлтандар және ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті. Ант қабылдауға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты. Ол ең алдымен «хан партиясы» деп аталатын топтың мүшелері болатын. Бірінші болып Әбілқайыр хан, одан соң оның төңірегіндегілер ант қабылдады. Қазақ ақсүйектерінің едәуір тобы өз мүдделерін көздеп, келіссөздер жүріп жатқан кезде дипломатиялық тапсырмамен келгендерге қолдау білдірді. Қазақтардың Ресейдің қол астына өтуі, міне, осылай басталды. Әбілқайыр Ресей патшасының тағына адал болудың кепілі ретінде өзінің ұлдарының қатарынан Ресейге аманат жіберуге уәде етті.

  • Ресейдің дипломатиялық тапсырмамен келген елшілері Қазақстан аумағында бір жылдан астам уақыт бойы болды. Ол қазақ қоғамын егжей-тегжейлі жан-жақты зерттеді, қаншалықты мол мүмкіндіктер бар екенін байқап қарады. А. Тевкелев Кіші жүзде атқарған сәтті дипломатиялық қызметі үшін әуелі полковник, одан сәл кейінірек орыс армиясының генералы әскери шенін алды. Ақырында оның ұрпақтары Орынбор өлкесіндегі ірі-ірі мұсылман помещиктеріне айналды. Олардың мың-мыңдаған басыбайлы шаруалары болды. Ал башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берілді.

  • Кіші жүздің шекара аймағындағы жерінде патша үкіметінің жағдайын нығайтып, бекіте түсу үшін 1734 жылы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Оны I Петрдің жақын серіктерінің бірі И.К. Кириллов басқарды. Ал оның көмекшісі қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен зандарын жақсы білетін тілмаш А. Тевкелев болды. Кейінірек Қырғыз-қайсақ экспедициясы Орынбор экспедициясы деп аталды. Оның құрамы 2700 адамнан тұрды. Экспедицияға үкіметтің берген тапсырмасы Кіші жүздің жағдайын жан-жақты зерттеу болды. Атап айтқанда, олар табиғи ресурстарды зерттеумен, жер бетінің картасын түсірумен айналысты.

  • 1735 жылы Әбілқайыр ханның өтініші бойынша Орынбор қамалының негізі қаланды. Қамал Ор өзенінің Жайыққа құяр жерінде салынды. Кейін ол Ор бекінісі деп аталды.

  • Кириллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясының бастығы болып В.Н. Татищев тағайындалды.

  • XVIII ғасырдың 30—40-жылдарында әскери бекіністері бар Үй шекара шебі салынды, ол Жоғарғы Жайық бекінісінен Звериноголовская бекінісіне дейінгі 770 шақырымға созылды. Екіншіден, патша үкіметі 1734 жылдан бастап қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ өңірінде көшinқонып жүруіне қатаң тыйым салды. Үшіншіден, 1742 жылы патша үкіметі қазақтардың Жайық өзеніне, Жайық қалашығына, сондайақ салынып жатқан бекіністерге жақын келуінің өзіне қатаң тыйым салды.

  • 1740 жылы Орынборда Әбілқайырдың араағайындық етуімен Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейдің қол астына өтті. Атап айтатын бір нәрсе – Ресейдің қол астына негізінен шекара шебіне таяу тұратын қазақтар өтті.

  • Патша үкіметі Әбілқайырдың көмегімен Хиуа хандығын Ресейдің қол астына өткізуге әрекет жасап бақты. Бірақ Хиуа хандығы ол ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты.

  • Әбілқайыр хан Ресейдің қол астына өтуді қабылдағаннан кейін Кіші жүз қазақтарының арасындағы беделі мен ықпалынан айырыла бастады. Әбілқайыр Ресей мемлекетінің қол астына өтуден алған мәртебесіне көңілі толмай, Ресей аумағына шабуыл жасай бастады. Сондықтан да патша үкіметі кейінірек оны тағы да ант қабылдауға мәжбүр етті.

  • Әбiлқайырға қарсы күресте, әсiресе Орынбор шекаралық комиссиясының жаңа төрағасы И.И. Неплюев ерекше белсендiлiк көрсеттi. И.И.Неплюев 1735 жылы негiзi қаланған Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшiрдi. Бұл қоныс Орынбор деп аталды.

  • Оның Ресей қол астына өтуден күткен үміті ақталмады. Ол тек Кіші жүздің ханы болып бекітілді. Сондықтан да ол өз ғұмырының соңғы күніне дейін патша әкімшілігіне бағынбауға тырысты. Оның үстіне, қазақтардың қалмақтармен, башқұрттармен және Орал казактарымен шекара аймағындағы шиеленісті қақтығыстары тоқтатылмады.

  • Әбілқайырдың патша үкіметіне қарсы белсенді іс-әрекеттері ол 1748 жылы өзінің саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқаннан кейін ғана тоқтады. Оны өлтірген Барақ сұлтан болатын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет