Қазақ-орыс қарым қатынасы қалай болды?
Қазақ хандығының Ресеймен белсенді араласқан байланысы XVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі кезеңге сәйкес келеді.
Ресеймен әскери одақ құру әрекеті алғаш рет XVIII ғасырдың бас кезінде жасалды. 1716 жылы Қайып хан Ресейге елші жіберіп, жоңғарларға қарсы бірлескен күрес жүргізуді көздеді, кейінгі жылдарда да қазақ елшілері бірнеше рет барып қайтты. Орыстармен әскери одақ құру әрекеттерін Кіші жүздің ханы Әбілқайыр да жасап көрді. Алайда Ресей Швециямен болған ұзақ та ауыр соғыстан кейін қазақ хандарының ұсынысына құлық білдіре қойған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |