Xviii ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ-орыс қатынастары



бет8/11
Дата02.02.2022
өлшемі42,41 Kb.
#130510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3.2.Кіші жүздің Ресейге қосылуы. XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан. (1)

ҰБТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» ролін атқарды деген патша:І Петр

  2. Қазақ даласын Орта Азияның ішкі аудандарына кіретін кілт пен қақпа деп атады : І Петр

  3. Метрополия сөзінің мағынасы: Отарлары бар мемлекет

  4. ХҮІІІғ. І жартысынджа қазақтардлың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы: Әбілқайыр хан

  5. Әбілқайыр билік құрған жылдар: 1680-1748 ж

  6. Кіші жүздің билеушісі Әбілқайырдың жеке дара билік құра бастауы: ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдарынан бастап

  7. Әбілқайыр ханның тірегі болған Кіші жүз руы: Шекті

  8. Әбілқайыр ханның өз елшісі Қойбағарды Ресейге жіберген жыл:1726ж.

  9. Кіші жүздің елшілері Ресейдің құрамын кіру туралы өтініш табыс ету үшін Петербургке аттанды:1730жылы

  10. 1730 ж. Ресейге жіберілген қазақ елшілігі: Қойдағұлұлы,Қоштайұлы

  11. Әбілқайырға Кіші жүз билерінің 1730 ж. Ресейменм қатынасы туралы ұсынысы: Әскери одақ құру

  12. 1730 ж. Кіші жүздің ықпалды билері Жоңғарияға қарсы Ресеймен келіссөз жүргізуді тапсырған хан: Әбілқайыр

  13. Әбілқайыр хан Ресейге қосылуға ант берді:1731жылы

  14. Әбілқайыр ханның Ресей бодандығын қабылдаудағы мақсаты: «... Шведтермен бітімге келген соң І Петр қырғыздарға олардың тілі мен әдет-ғұрыптарын жақсы білетін, тегі Уфа татарларынан шыққан сыртқы істер коллегиясының тілмашы Алексей Иванович Тевкелевті (Мәмет Тевкелевтің шоқынған аты) жібермек болды. Тевкелевке қолынан келген амалдардың бәрін қолданып, қайткенде қырғыздарды Ресей боданына айналдыру тапсырылады. Бұл кезде қырғыздар арасында ауызбіршілік кетіп,м бір жағынан жоңғарлар, екінші жағынан бащқұрттар мен қарақалпақтар тарапынан қысымға алынған болатын. Кейбір қырғыз хандары шведтермен соғыс кезіндң, одан соң да І Петрден өздерін бодандыққа алу жөнінде бірнеше рет тілек білдірген болатын. Бұл тілек кейінірек императрица Анна Иоанновна тұсында қабыл алынып, содан бері Орал маңында өлкенін жаңа дәуірі басталды. Бұл өлкені ұйымдастыруға Кириллов (1735-1738), Татищев (1738-1739) және Иван Неплюевтер (1747 жылдан) зор еңбек сіңірді, өздерінің өлкені өркендету жөніндегі еңбектері мен жасаған қамқорлықтарының арқасында олар жергілікті тұрғындарының мәңгі есінде қалды. Орыс үстемдігін орнату үшін Кириллов аса бір сәтті жоспар жасады. Оның басты мақсаты Башкирияның оңтүстік шептерінде бекіністер салу болды. Бұл жоспар орындалғанда үш негізгі мақсат іске аспақ еді. Бекіністер тынымсыз башқұрттардың тонаушылық жортуылдарына тыйым салар еді, екіншіден, мазасыздығы жағынан башқұрттардан кем түспейтін қырғыздардың әрбір қимылын қалт еткізбей бақылауға мүмкіндік туар еді, соңында осы бекініс белдеулері қырғыздар мен башқұрттардың қарым-қатынастарына тыйым салар еді. Бекіністердің салынуына басты түрткі болған қырғыз ордасының ханы Әбілқайыр болды. Оңтүстіктен жоңғар билеушісінің, солтүстіктен башқұрттардың қыспағына түскен хан, орыс патшайымынан жәрдем және қолдау көрсетуді сұрап, өтінуге шешім қабылдады.» Даладағы саяси жағдайды бақылауға мүмкіндік алу

  15. Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты: Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті қалмақтарға жұмылдыру

  16. Әбілқайыр ханның Ресей құрамына кірудегі мақсат(-тары): Жеке билігін нығайту үшін бар күшті ойраттарға қарсы жұмылдыру

  17. Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі мақсаты: Қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту

  18. Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі мақсаты: Өз қарсыластарының сағын сындыру

  19. Кіші жүздің Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна

  20. Кіші жүздің Ресейдің қарамағына алу туралы Анна Иоанновнаның грамотаға қол қою болды: 19 ақпан 1731жылы

  21. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жүмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Қойдағұлұлы, Қоштайұлы

  22. 1731жылы ақпан айының 19 күні Кіші жүз елшілері Анна Иоанновнаның қабылдауында болып талқылаған мәселе: Кіші жүзді империя құрамына қабылдау

  23. Мәтінде берілген құжат түрі: «Аннаның барлық лауазымдары тізбектеледі... Біз, ұлы патшайым, біздің императорлық ұлы мәртебелімізге Әбілқайыр хан, сенің жазған өтінішіңмен және елшілерін Құлымбет Қоштаев пен Сейтқұл Құндағұловтың ауызша айтқан сөздерінен, сенің өзіңнің билігіндегі жұртыңмен біздің бодандығымызға кіргің келетіндігі туралы біліп, оған үлкен рахыммен келісім бердік және осы шешімдерімізді сенің елшілеріңмен бірге жіберіп отырған.... саған, хан және барлық қайсақ әскерлеріне жариялауды бұйырдық. Осы мақсатпен саған, Әбілқайыр хан, ақсақалдарға және бүкіл қайсақ әскерлеріне деген біздің императорлық қайырымдылығымыздың белгісі ретінде, біздің бұйрығымызды саған, Әбілқайыр хан, ақсақалдар мен қайсақ әскерлеріне жариялау үшін біздің мемлекеттік кеңсенің сенімді адамы, шығыс тілдерінің тілмашы Мәмет Тевкелевті жіберіп отырмыз. Тевкелевтің біздің императорлық ұлы мәтебеміздің , Әбілқайыр хан, саған және бүкіл қайсақ әскеріне деген мейіріміміз туралы айтқан сөздеріңе сенуді және оның айтқан ұсынычстарын орындауды және сенің өзіңнің, Әбілқайыр хан және бүкіл қайсақ әскерлерінің, ұлы мәртебелі патшайымға, біздің императорлық ұлы мәртебемізге сенетіндіктеріңіз бен адал болатындықтарыңыз туралы жауаптарыңызбен кері шығарып салуды бұйырамыз. Саған деген, Әбілқайыр хан, біздің ұлы мәртебелі императорлық қайырымдылығымыздың белгісі ретінде Тевкелевпен бірге біздің ұлы мәртебелі императорлық жалақыны, кафтан, бөрік, қылыштар, мауты шұға, тағы басқа да тізімде көрсетілген сый-сияпаттарды жіберіп отырмыз. 19 ақпанда Мәскеуде біздің патшалық етуіміздің екінші жылында берілді. Бұл ... сапалы кітап қағазына жазылды. Мемлекеттік орташа мөрмен хатталды. Осы ... кеңсе үйінде ұлы мәртебелі қырғыз-қайсақ елшілеріне берді. 20 ақпан күні, кетерде елшілер ұлы мәртебелі императрицаның қабылдауында болған жоқ.» Грамота

  24. 1731жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны:29старшын

  25. Әбілқайырды қолдаған Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына өту туралы ант берген жыл:1731жылы қазан

  26. Қолданылған жаза түрі: «Құдайдың рахымымен біз, императрица және бүкіл Ресейдің жеке билеушісі Анна, біздің барлық орнатқан коллегияларымызға, вице-губернаторларға, әскербасыларына, тұрақты сарайларының коменданттарына, офицерлерге және басқа да әр түрлі шендегі әскери және азаматтық командаларға, осыны біліп және орындауға тиістілердің бәріне біз, императорлық ұлы мәртебеміз, стаский советник Иван Кириллов пен полковник Алексей Тевкелев және басқаларды қолдарына өзіміз қол қойған арнайы нұсқаулар беріп, Азия жерлері мен халықтарына біздің мүдделерімізді іске асыру үшін арнайы сапарға жіберіп отырғанымызды хабарлап, жоғарыда аталған барлық әскери және штаттық командаларға аса қайырымдылықпен әмір етеміз. Егер бір жерде біздің мақсатымызды және Кирилловке жүктелген міндеттерді орындау барысында туған кедергілер жөнінде коллегияларға жедел хабарлап, басқа командалармен байланыс жасап, барлық тиісті көмектерді көрсетіп, мәселенің шешілуін төменгі командалар жоғарғы командаларға, ал жоғарғы командалар төменгі командаларға итеріп салмай, Кириллов арнайы жіберілген біздің мүдделерімізді қорғай отырып, Кирилловтың әрбір талабын өз командаларынан арнайы бұйрық күтпестен орындауға, бірақ орындап болғаннан соң Кириллов келтіргендәлелдер туралы баяндап тұруға, себебі жер қашықтығынан өзара хат жазысып жүргенде іске зияны тиетін бірденелер шығып не уақыт өткізіп алмау үшін біздің осы жарлығымызға қарсы және Кириллов пен басқаларға кедергі жасап, қойған талаптарын орындамаған жағдайда немесе орындағанмен, уақытты сөзбұдайға салған жағдайда оған ондайлар туралы сенатқа хабарлап тұру тапсырылады, онда біздің жарлығымыз бойынша кінәлілер тиісті жазасын тартады, аса маңызды істер туралы бізге, коллегияларға, кеңселерге, генерал-губернаторларға, губернаторларға, вице-губернаторларға, әскербасыларына, коменданттарға, тұрақты сарайларындағы офицерлерге және әр түрлі шендердегі әскери және тұрақты командирлеріне және осы туралы білуге тиісті және орындайтындардың барлығына осы жарлықты оқып беріп, көшірмелерін тастап отыру, ал түпнұсқасын өзінде ұстау тапсырылады.»: Айып

  27. Ресей елшілігін басқарып келген тілмаш: А.И.Тевкелев

  28. Мәтінде қай тарихи оқиға сипатталғанын анықтаңыз: «... келген шенеуніктердің өздеріне жүктелген қызметіне сай жылы қарсы алынбаған былай тұрсын, олар тіпті келген бойда-ақ өз өмірлерінен айырылып қала жаздады. Қырғыздар (қазақтар) өздерінің тағылық табиғи бостандығын жоғалтып алатыныжөнінде ойланған кезде ашу-ызаға бұлықты. ...Тевкелевті тіпті сол жерде-ақ құрбандыққа шалып жібере жаздады. Оны ханның өзі қорғап қалды.... кейбіреулер ханның өзіне қол салып, бұлардың ешқайсысының келісімінсіз шетелдік мемлекетпен неге келісім жасасқаны, оған бас иіп, бағынуға өз атынан ғана емес, бүкіл орданың атынан уәде еткені туралы есеп беруді талап етті.»: Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуі

  29. 1734 жылы Ресейде құрылған «Қырғыз-қайсақ» экспедициясының жетекшісі: И.К.Кирилов

  30. 1734жылы Қазақ жерінде Ұйымдастырылған экспедиция: «Қырғыз-қайсақ», Орынбор

  31. 1734жылы Ресейде құрылған Қырғыз –қайсақ экспедициясының мақсаттары бірі : Кіші жүз жеріндегі табиғи ресурстарды зерттеу

  32. Орынбор экспедициясының И.Кирилловтан кейінгі басшысы: В.Татищев

  33. 1735 және 1743 жылдары қазақ жеріне салынған бекіністер: Ор, Орынбор

  34. 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс:Ор

  35. Қазақстаннның Солтүстігіндегі 1735жылы салынған бекініс: Ор

  36. 1738жылы қазақ сұлтандарының съезі шақырылды : Орынборда

  37. Башқұрттардың көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын қай жылдары пайдаланды: 1735-1737жж.

  38. 1735жылы патшаның орталық саясатына қарсы күреске шыққан башқұрттардың қарсылықты жаныштау кезінде бас сауғалап көршілес Қазақстанға қашқандары:50мың

  39. 1735жылы Башқұрттардың көтерілісін басқарған қолбасшы: Батырша

  40. 1738жылы Орынборда Қазақ сұлтандарының съезі шақырған Орынбор комиссиясының басшысы: В.Татищев

  41. Әбілқайыр ханнан Ресей үкіметінің екінші рет ант қабылдау себебі:Екі жақтың қарым қатынастарының шиеленісуі

  42. Құжатта қай тарихи тұлға туралы әңгіме болып отыр: «Оның өзінің елшілерін Ресейге жөнелтерге аз ғана қырғыз-қайсақ жиналысын келісім беруге мәжбүр еткенін естігеннен кейін мұндай қарсылықтың болмай қоймайтынын күтпеу тіпті де мүмкін емес еді. Сол бір қулыққа толы батылдық оның аз өміріне де қауіп төндірген болатын...» Әбілқайыр

  43. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясының билігін мойындаған жыл:1740ж.

  44. ХҮІІІ ғ. Қазақстанның солтүстік-батысында салынған бекініс: Орынбор

  45. Орынбор қаласының салынуы:1743жылы

  46. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген: Барақ сұлтан

  47. Кіші жүз ханы Әбілқайыр қарсыластарының қолынан қаза тапқан: 1748жылы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет