«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет106/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
138
139
тоқу, өрмек тоқу, ши орау, осының бәрi қимыл, осының бәрiн ойлап 
музыкасын тауып, күйiн тауып сәйкестiрсең би болып шығады. 
Қазiр ұлттық бидi билейтiн бишiлер аз. Бұл – бiр. Екiншiден бұрын 
бишiлердi отыз сегiз жаста, ер адамдарды отыз тоғыз жаста 
зейнеткерлiкке шығаратын. Қазiр елу сегiз-алпыстар шамасында 
шығаратын болыпты. Бұл – мүлде дұрыс емес. Үшiншiден, бiздегi 
жақсы бишiлердiң барлығы шет мемлекеттерге кетiп жатыр. Кетпес 
үшiн талантты бишiлердi мемлекет барлық жағынан қамтамасыз 
етiп отыруы керек. Бiр қуанарлығы, талантты жастар көп шығып 
жатыр. Оның сексен пайызы қазақ балалары. Бiр ғана хореографиялық 
училищенiң өзiнде Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен келген балалар 
оқиды. Ендеше, теледидардан танымайтын әншiлердiң клиптерiн 
көрсете бергенше, сол балалардың өнерiн халыққа жеткiзбей ме! 
Өзiм үйренген би өнерiнiң құпия сырларын кейiнгi балаларға үйрету. 
Қазақ би өнерiн жоғары дәрежеге көтеруге ат салыссам деген арман 
бар көкiрегiмде. Көп адамдар қазақта би болмаған деген сөздердi 
шығарып алған. Қазақта би болмаған деген сөздi айту – бiз үшiн 
үлкен ұят iс. Өзiмiздегi бар нәрсенi қалай жоққа шығарамыз. Қайта 
жоғалтқанымызды тауып, жарыққа шығаруымыз керек емес пе? Би 
– қазақтың өзiмен бiрге өнiп-өскен, әлмисақтан келе жатқан өнер. 
Ол аспаннан салбырап түсе салған нәрсе емес. Қазақтың өзiнiң 
тұрмыс-тiршiлiгiнен туған өнер. Ән – музыка да солай ғой. Өмiрден 
алған әсерiңiзден, қуанышыңыздан, қайғы – күйiнiшiңiзден ән 
немесе саз тумай ма? Композиторлар көңiлiнiң әуенiн – сазбен, ал 
ақын-жазушылар сөзбен бiлдiредi. Би де сол сияқты. Бiрақ мұндағы 
iшкi сезiмдердi бейнелеу құралы – қимыл-қозғалыс. Әрине, ойды 
тiлмен емес, қимылмен жеткiзу қиын нәрсе. «Қазақта би болмаған» 
дейтіндердің аузына біржолата құм құйылды. Олай дейтініміз
көнеден келе жатқан ұлттық «Қара жорға» биі әйгілі Гиннесстің 
рекордтар кітабына алтын әріптермен жазылды. Ғасырлар 
қойнауында қалып, бертін келе арамызға қайта оралған осынау би 
үлгісі бүгінгі ұрпақтың орындауында тіпті жандана түскендей. 
Еліміздің басына екіталай күн туғызған сонау бір зар-заман нәубет 
жылдары қазақ қазақ болғалы бергі рухани байлығымыздан 
кәдімгідей ажырап қалдық. Қылышынан қан тамған Кеңес өкіметі 
де қазақтың небір жауһар дүниелерін өз қолымен жоюға тырысып-
ақ бақты. Әйтсе де жылдар өте келе етек-жеңін жиған Алаш жұрты 
Тәуелсіздік алғаннан кейін шетте шашылып жүрген қандас 
бауырларын азат шаңырақ астына жинап, біріктіре бастады. 
Бөркімізді аспанға атқызған «Қара жорға» да атамекеніне оралған 
қазақтармен бірге келген мол қазынамыздың бірі еді. Енді, міне, 
сол мұрамыз мерейімізді үстем етіп отыр. Әдетте әр халық өзінің 
бір өнерімен өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Шынтуайтына 
келгенде, қазақта «Қамажайдан» бастап, «Аққу», «Қыз ұзату», 
«Асау үйрету», «Киiз басу», «Алқақотан» деп аталатын дәстүрлi 
билерінің бел ортасында «Қара жорға» биінің алатын орны ерекше. 
Себебі бұл биді әдеттегідей қыз-келіншектер ғана емес, үлкен-кіші 
ерлер мен бала-шаға бірігіп орындай береді. Қытайдағы 
қандастарымыздың өзі бұл биді ұмытылып барып, соңғы 10-15 
жылдың аясында ғана қайта жарыққа шығара бастаған. Алтайдың 
арғы жағындағы бауырларымыз биді түрлендіріп, оның әуен-сазын 
өңдеп, әсерлі мәтін жазды. Осылайша, «Қара жорға» қазақпен қайта 
қауышты. Қытайдың Синьхуа ақпараттық агенттігінің мәліметінше, 
аспан асты еліндегі Алтай аймағының Шіңгіл аудандық партия 
комитетінің хатшысы Жаужиен жергілікті ақпарат көздеріне 
жасаған мәлімдемесінде: «Қазақ ұлтының дәстүрлі биі «Қара 
жорғаны» 10 мыңнан астам адамның билеп шығу салтанатын Қытай 
коммунистік партиясының алда келе жатқан 60 жылдық тойына 
орайластырып өткіздік, сонымен бірге ұзақ тарихқа ие қазақ 
дәстүрлі мәдениетін Гиннесстің рекордтар кітабына енгізе отырып, 
әлемге танытуды көздедік», – деген екен. Өнер рекорды жасалған 
Шіңгіл ауданында «Қара жорға» топтық биіне, негізінен, қазақ, 
қытай, моңғол ұлттарынан құралған 13288 адам қатысқан. 
Рекордтарды тіркейтін әккі мамандар келмей тұрып биге деген 
дайындық үш ай көлемінде жүргізілген. Ақыры төгілген тер мен 
еңбек ақталды. Бірақ бұл жетістік қытайлықтардың есебіне жазылып 
отыр. Дерек Өнер зерттеушілері «Қара жорға» («Буын биі») биінің 
тарихы XII ғасырдан арыға кететінін айтады. Ал Қазақстанға осы 
биді ең алғаш әкеліп, ел арасына дәріптеп, насихаттаған – Арыстан 
қажы Шәдетұлы. Көпшіліктің делебесін қоздырып, бірден үйіріп 
әкететін бұл бидің басқа туысқан ұлттардың немесе қазақтың басқа 
да билеріне ұқсамайтын өзіндік дара қасиеті – оны билеген кезде 
адамның барлық буындары дерлік қозғалысқа түсетіндігінде. 
Кезінде Алтай асып Қытайға барған, одан Түркияға жетіп, 
қазақтардан түрік жұрты «өздеріңе тиесілі мәдениеттеріңді 
көрсетіңдер» дегенде, Арыстан ағамыз «Қара жорға» биін билеп, 
талайлардың таңдайын қақтырып, қазақты мойындатқан екен.
P.S. Қытайдың Алтай аймағындағы жеті бірдей ауданындағы 
көптеген мектептерде сабақ арасындағы түпнұсқалық биден әуені 
мен сөзі де өзгешелеу «Қара жорға гимнастикасы» деп аталатын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет