«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет126/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
170
171
келе жатқан, әр үйде бар және болуға тиіс, ол – құрақ көрпелер. 
Әжеміздің қасында отырып құрақ көрпелердің қыр – сырында 
терең философиялық тұрғыдан да және мәдениет жағынан да 
тарихы терең мағынасы бар екенін танып білдік. Тіпті біздің рухани 
құндылықтарымыздың негізгі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр 
десек қателеспеген болар едік. Халқымызда «Отан отбасынан 
басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген 
емес, өзгермек те емес. Елбасы «Отбасы – Қазақстан қоғамының 
діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық 
жаңа жетістіктерінің негізгі» деп бұл мәселенің біздің қоғам үшін 
маңызын көрсетіп берді. 
Құрақ түрлері де әр түрлі болған, тұтыну қажетіне қарай 
қалың, жұқа, үлкен, кіші етіп жасаса, дәулетіне сай арзан, қымбат 
материалдан дайындайды, жібек маталардың құрақтарынан да 
жасайды. Мұндай маталардан жасалған құрақ көрпелер жұмсақ 
болады және жібек қиықтарынан тігілген құрақ көрпенің ені 
жіңішкілеу, ұзындығы екі метрдей үлгіде келеді. Тағы жібек құрақты 
жұмсақ көрпені екі адам жамылатындай етіп, ашық түсті жібек 
маталардың құрақтарынан құрастырады. Бұл көрпеде құрақтар 
текше түрінде тігіледі. Оның ең оңай тәсілі дойбының тақтасындай 
етіп құрау. Жібек құрақ көрпенің шетіне тұтас материалдан белдеу 
жүргізеді [1, 3 б.].
Қазақ халқы не жасаса да, барлығын ырымдаған және ісінің 
мағынасы да болған. Сол сияқты қазақ қол шеберлері кез – келген 
құрақ көрпенің ең бірінші қандай мақсатқа арналғанына назар 
аударған. Жобамыздың басты мақсаты да осы болды. 
Бірінші құрақ түрі, қыз жасауы болса ондағы ою – өрнек қыздың 
өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі туған ұясы туралы мәлімет беруі 
керек. Әрбір ана осы құрақ көрпелердегі ою-өрнек арқылы өзінің 
сүйікті қызына жүрегінің бір бөлшегін бөліп бергендей еңбектенеді. 
Екінші, ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй «тіл-көзден аман 
болсын» деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған.
Үшінші, жүкті келіннің енесі «қыз бала дүниеге келсін», деп 
арнайы құрақ құраған немесе шеберлерге құрақ құратқан. Қызға 
арналған құрақтың қиықтары ұсақ және ашық түсті және кішірек 
болған, туғанда өзіне пайдаланған. Ал ұл балаға 
Төртінші, құрақтың келесі түрі жас отауға арналған құрақ 
көрпелер, ені үлкен, өрнегі қасиетті жеті саннан тұратын. 
Бесінші, тұрмыс құрған қыз бір жылдан соң туған анасына 
өзінің жаңдайын білдіретін, тұрмысы жайлы хабарлайтын құрақ 
құрап жіберген. Құрақ ашық түсті, өрнектері гүлге ұқсас болса, 
жағдайы өте жақсы, жайлы болғаны. Егер құрақтың түсі керсінше 
қараға жақын түстер және өрнектері геометриялық, үшкір түрде 
болғанда тұрмысы жайсыз екенін білдірген [2].
Ата – бабамыздан келе жатқан қол өнердін сырын ашсақ үлкен 
философиялық ойған жүгінеміз, әжелеріміздің сыры ашылмаған 
«философияға толы сыр сандығында» әлі де құрақ көпелер 
баршалық. 
Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы 
сан алуан.Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және 
суық. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-
қарсы түстер дейді. Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б.
Халқымыздың ұғымында 
– көгілдір түс – аспанның символы, 
– қызыл түс – оттың, қанның, өмірдің, 
– жасыл түс – өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, 
– ақ түс – биіктіктің, аспанилықтың, 
– сары түс – даналықтың, білімнің белгісі. 
Сол себепті, қиықта бұл түстер философиялық мағынасынан да 
артық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады. Матаны 
түстеріне қарай таңдаудың маңызы зор. Мата қиындыларының 
ішінен алдымен түсі ақ, ұсаү суреттері бары таңдап алынады. Бұлар 
басқа түстерге қарағанда, сирек және аз мөлшерде қолданылады.
– Сұр түс – кез келген гамманы жақсартады.
– Ақ түсті фон ретінде пайдалансақ компазицияны нәзік етіп 
көрсетеді.
– Бір бұйымға өте көп материал қолданудың қажеті жоқ, 3-5 
түрі жеткілікті.
– Құрақпен жұмыс істеу үшін матаға суреттің қандай тәсілмен 
түсірілгенін білу керек.
Мата түстерін таңдағанда – ашық түс пен күңгірт түстерді, 
матаның реңіне қарай қарама –қарсы түстерді (контрасные ), топтық 
түстер гаммасын жасауды басты назарда ұстау қажет [3].
Қазір ұлттық салт-дәстүріміз қайтадан жаңғырып, өмірімізге 
тереңдеп енгендіктен, қазақтың құрақ құрау өнері де қайтадан 
дамып отыр. Ауылда да, қалада да көптеген қазақ отбасыларының 
төрінен қайтадан құрақ көрпелер, құрақ тұскиіздер орын ала 
бастады.
Елбасымыз Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
мақаласында «Жаңғыру атаулы бұрыңғыдай тарихи тәжірибе 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет