«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет18/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
26
27
– Өлеңді тыңдап отырғанда, қандай сезімге бөлендіңдер? Бағалау 
критерийі: Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға 
байланысты монологтегі көтерілген мәселені түсіндіру Дескриптор: 
Өлең сөзінің мәнін ерекше ден қойып тыңдайды. Өлеңдегі ана бейнесін 
ой елегінен өткізеді. Монолог теориясын негізге ала отыра, шешенің 
толғаныс-тебіренісін бейнелейді. «Ыстық орындық» арқылы өзін-өзі 
бағалау жүзеге асырылады. Тыңдалым тапсырмалары 2. Біз қалай 
сәлемдесіп жүрміз?» тақырыбында «Жылдам дебат» [4, 95-101 б.] 
ұйымдастыру. Тыңдалым тапсырма. «Қазақтың ұлттық сәлемдесу 
дәстүрі» тақырыбында 2 минуттық бейнеролик мұқият көріңдер. 
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Ал бұл жөнінде сіз не ойлайсыз, 
пікірлерімізді ортаға салайық... Әдісі: «Жылдам дебат» Бағалау 
критерийі: Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға 
байланысты диалогтегі көтерілген мәселені түсіндіру. Дескриптор: 
Пікірталаста көтерген мәселе төңірегінде ойланады. Ой- бүршік. 
Туындаған ойларды ой елегінен өткізіп салмақтайды. Диалог терминин 
басшылыққа ала отыра, пікірін, көзқарасын білдіреді. Қалыптастырушы 
бағалау. «Шапалақтау» әдісі арқылы бағаланады.
Сурет 2
Кейде оқылым мәтіні бойынша жинақы мәтін де жазамыз. 
Оған дәлел төмендегі тапсырмалар. Жазылым тапсырмасы. Бағалау 
критерийі: Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтай алады; Көлемді 
мәтін негізінде жинақы мәтін жазады; Дескриптор: Мәтінді 
оқыңыз. Негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңыз. 
Кейіпкерлердің ойын төл сөз арқылы жеткізіңіз, қойылатын тыныс 
белгілерін ескеріңіз. Топ ішінде дәптерлеріңмен алмасып, жұмыс 
нәтижесін бағалау критерийлері бойынша өзара тексеріп бағалаңыз. 
Ахмет қазақ отбасындағы жаңа жылды - Наурызды қалай 
тойлайтыны туралы ой бөлісті. Қызыр түні Жаңа жыл табалдырық 
аттап, үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос 
шырақ жағылып қойылады. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, 
ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сеніммен 
Наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз-мүліктің шаңы қағылып, жуылып 
тазартылады. «Жыл бойы ақ мол, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын 
көп болсын» деп Қызыр түні ырысқа (бидай, тары, арпа, сұлы, жүгері 
т.б.) ыдыс атаулыны аққа (сүт, айран, шұбат, шалап, уыз, т.б.) және 
кәусар бұлақ суына толтырады. Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері 
ұнатқан жігіттерге арнап соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, 
«ұйқыашар» аталатын ерекше дәм дайындайды. Ал жігіттер мен 
бозбалалар болса, қыздардың қолақысының қарымтасына айна, 
тарақ, иіс судан тұратын «селт еткізер» сыйлықтарын ұсынады.
Дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік жастықтың, тарақ – әдемілік 
пен сұлулықтың, иіссу – құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Yamato мырза жапондық жанұясындағы дәстүр туралы 
айтты. Жапонияда Жаңа жыл 1 қаңтарда атап өтіледі. Желтоқсан 
есік қағысымен қала көшелері жаңа жылдық ойыншықтарға, 
шыршаларға, Аяз Аталарға толады. Жаңа жыл түнінде ғибадатханада 
108 соққы жасалады. Он екіден кейін барлық жапондықтар күле 
бастайды. Олар төрден орын алған жылға күлкі бақыт пен сәттілік 
әкеледі деп сенетін көрінеді. Олардың мерекедегі ең негізгі 
нышандары, бақыт бойтұмары – бамбуктен жасалған 10 см-1,5 м 
аралығындағы тырмалар. Бұндай тырма келер жылы бақытты жинап 
алу үшін әркімде болу керек.
Бхавин балалық шағында отбасында жаңажылдық мейрам 
қалай тойланғанын еске түсірді. Үндістер тұратын жерлеріне 
қарай Жаңа жылды әртүрлі тойлайды. Жебесі жанып тұрған 
жылан – басты нышан. Ол жанып біткенде Жаңа жыл басталады. 
Солтүстік Үндістан тұрғындары өздерін қызыл, күлгін, ақ түсті 
раушан гүлдерімен сәндесе, Оңтүстік Үндістанда аналар тәттілерді, 
гүлдерді, шағын сыйлықтарды салған табақтарды дайындайды
таңертең балалардың көздері байланып, сол табақтың жанына алып 
келінеді. Орталық Үндістанда сарғыш түсті жалаушалар ілінеді. Ал 
Батыс Үндістанда Жаңа жыл қазан айының соңында атап өтіледі. 
Бұл кезде үй шатырларына шағын шырақтар жағылады.
Каллиопа да өз отбасындағы дәстүрмен таныстыруды асықты. 
Грекияда тура сағат он екіде отағасы аулаға шығып, анар жемісін 
қабырғаға атады. Дәндері бақшаға шашырап кетсе, сол жылы отбасы 
берекелі, тату өмір сүреді. Грекияда Жаңа жыл мейірімділігімен 
танымал Ұлы Василий күні болып есептеледі. Балалар пеш түбіне 
аяқ киімдерін қойып, оған Ұлы Василий сый-кәде салады деп 
сенеді. Келген қонақтар өздерімен бірге дәу тас әкеліп, «үй иесінің 
байлығы осындай ауыр болсын» деп оны табалдырыққа тастайды. 
Ал кішкентай тас әкелген жағдайда «тіл-көзден сақтасын» деп 
тастап қояды екен. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет