XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасы XX ғасыр басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала─музыкалық мәдениет. Қазақ музыкасын дамытуға үлес қосқандар: Кенен Әзірбаев, Балуан Шолақ, Дина Нүрпейісова, Ыбырай Сандыбаев, Сүгір, қазақтың бұлбұлы Майра Шамсутдинова, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Әміре Қашаубаев, т.б. Естайдың “Майдақоңыры”, Динаның “Көңіл ашары” мен “Әскерге алу” күйлері шықты. Үкілі Ыбырайдың “Гәкку” әні сүйіспеншіліктің өзіндік әнұранына айналды. Мұхиттың “Зәуреші” нағыз “Реквием” саналды.(А.Жұбановтың сипаттамасы). Абай мен Мұсаның әндері еуропалық музыкалық мәдениет элементтеріне бай екендігімен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |