Атақты палуан, далалық цирк өнерінің негізін салушы.
Қали Байжанов
1877-1966ж
Павлодар обл. Баянауыл ауд
Қазақ халық әншісі
Кенен әзірбаев
1884-1976ж
Жамбыл обл. Қордай ауд
«Ой Жайлау» «Көк шолақ»» «Бозторғай» т.б әндер
150 ге жуық әні бар
Мәриям Жагор қызы
1887-1950ж
Ақмола обл. Қорғалжын ауд
«Дудар-ай»
Қазақ жігіті Дүйсенге арнап жазылған
Әміре Қашаубаев
1888-1934ж
Шығыс Қаз. Абай ауд
1921ж Парижде бүкіл д.ж фестивалінде 2-орын алған әнші, ұлттық театр өнерінің негізін қалаушы
Майра Уәли қызы Шамсутдинова
1896-1929ж
Павлодар
«Майра» «Бақша» «Ертіс» т.б әндері
Кәзір Майра атында әншілер байқауы өтеді
XX ғасырдағы сауатсыздықпен күрес
XX ғасырдың бас кезінде өлке халқының негізгі көпшілігі оқи да, жаза да алмады.Сондықтан революциядан соң бірден ересектерді оқыту үшін сектептер мен курстар ашыла бастады.Әулие –Ата қалалық жқмысшы және солдат депутаттары кеңесі жылы қарашада сауат ашу мектебін ашу туралы мәселе қарап, бұл мақсатқа қажетті ақша қаржысын бөлу туралы шешім қабылдады. Жылдың бас кезінде Верныйда, Семейде, Ақмолада және т.б. жерлерде сауатсыздар үшін мектептер ашылды. XX ғасырдың басында бастауыш мектептер бойынша жан басына шаққанда бөлінген қаражат мөлшері: Торғай облысы─ 6,9 тиын, Ақмола─2,5 тиын, Жетісу1,9 тиын, Сырдария─1,8 тиын.
1935 жылы бастауыш мектептер желісі құрылды. 50-жылдары жалпы жеті жылдық білім беру, 60-жылдары сегіз жылдық, ал 70-жылдары орта білім беру жүзеге асырылды. Жалпы 1935 жылы бастауыш мектептер желісі құрылып бітті, балаларды қамту денгейі 90%-ға жетті,бірақ толық орта білім берудің жоқтығын мына айғақ дәлелдейді, яғни 1936 жылы бүкіл республика бойынша орта мектепті небары 11 ғана қазақ баласы бітірген. Жоғары және орта арнайы оқу орындар республикада соғыстан кейін ашылды. 50-жылдары 13 институт, 60-70-жылдары 27 жоғары және 100-дем астам орта арнайы оқу орындары ашылды. Білім беру жүйесінің идеологияландырылғанына қарамастан, жоғары оқу орындарындағы даярлық сапасы жоғары болды. Сонымен қатар білім денгейінен ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін менгермеушілік байқалды

Көрші халықтары мәдениетінің әсер етуі
Көшпелі мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік Қазақстан тайпаларының бірыңғай мәдениетінің негізін қалады.Қазақ халқының мәдениетіне көрші халықтардың, әсіресе, Еділ маңы, Сібір және Орта Азия халықтарының мәдениеті едәуір ықпал етті.Сондай ақ мұсылмандық мәдениет те айтарлықтай із қалдырды.XV-XX ғасырдың басында Қазақстанда қазақ далаларының ежелгі тайпалары мәдениетінің таңдаулы дәстүрлеріне негізделген бірыңғай мәдениет іс әрекетте болды.
Қорытынды
Бүгін Қазақстан әлемдегі қарыштап алға басқан жас мемлекеттердің бірі. Қазақ халқының ата тарихы жарқын болашаққа ұмтылған елімізге рухани нәр берері анық. Оның тарихы қаһармандыққа толы шежіре. Кез келген халық өсіп тұрған ағаш сияқты, ал халықтың тарихы оның тамырына ұқсайды. Тамыр неғұрлым тереңге барса, соғұрлым ағаштың алатын нәрі де көп болмақ. Жер жүзін жаһандану үрдісі қамтыған уақытта өз кескін-келбетін, этностық құндылықтарын сақтап қалу оңай емес. Бұл мәселе қазақ мәдениетінің де алдында тұрған жағдай. Әміршілдік жүйе тұсында ұлттық негіздерінен ажырап, мазмұн жағынан пролетарлық, түр жағынан ұлттық қазақ өнері еңсе көтеріп, жаңаша ұлттық түр сипат қалыптастыра бастады. Отаршылдық дәуірінде және тоталитарлық үстемдік кезінде жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ әдебиеті өкілдерінің еңбектері қайта жариялана бастады. Қара түнек заманда ел қамқоры болған азаматтар басын бәйгеге тігіп, ұлттық мүддені қорғап қалды. Олар өз пайдасын емес, ел-жұрттың бақытын аңсады. Бүгінде сол бақыт, еркіндік халықтың өз қолында.
Қолданылған әдебиеттер:
1.А.К. Ақышев “Қазақстан тарихы” очерктері, 1994 жыл