«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет191/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

ТӨЛЕУБЕКОВА Ж. 
(АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН)
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЕМІЗДІГІ ЖӘНЕ ОНЫ 
ЕМДЕУДЕГІ ЕДТ-НІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Бала – болашағымыз. Сондықтан балалардың денсаулығы, қауіпсіздігі, 
қатардан қалмай білім алуы – ата-аналар үшін ғана емес, мемлекет үшін де аса 
маңызды. 
Елбасының 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-
ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына 
Жолдауында «Ұлт саулығы – мемелкеттің басты басымдығы», - деп атап 
көрсетіп, осы жолда атқарылуға тиісті басты шараларды атаған болатын. 
Жолдауға сәйкес, білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің 
сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері 
әрбір қазақстандық отбасына қатысты». [1]
«Baq.kz» дереккөзінің жазуынша, Қазақстан бірнеше жылдан бері Орталық 
Азияда семіздік бойынша бірінші орында. Елдегі әрбір төртінші ер адамда 
артық салмақ бар және олардың семіздігі әлемдегі орта шамадан екі есе жиі 
кездеседі екен. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 
қазақстандықтардың 25 пайызға жуығы семіздікпен ауырады. Мамандар артық 
салмақ жинаған азаматтар саны соңғы жылдары жылдам өсіп келе жатқанын 
айтады. Мәселен, ресми деректер бойынша, семіздікке шалдыққандар көлемі 10 
пайыздан 15 пайызға көбеюіне 15 жыл кетсе, сырқаттанған қазақстандықтар 
үлесінің 15 пайыздан 20 пайызға артуына жеті жыл ғана жеткілікті болған», деп 
жазады басылым. [2]
Семіздіктің белең алып кетуінің себебіне келгенде, мамандар екі түрлі 
пікір айтуда. Бірі мұны әлеуметтік ахуалдың жақсаруымен байланыстырса, 
екінші топ керісінше, тұрмыстың төмендігі себеп болатынын алға тартады. 
Бұл мәселе тек ересек адамдарға ғана қатысты емес, керісінше ол мектеп 
жасындағы балалар үшін ерекше өзекті болып барады. 
Бүгінгі күні кез-келген мектепке барсаңыз, табалдырығынан аттаған сәтте-
ақ мектеп оқушыларының арасында белең алып бара жатқан мәселе деп 
танылған артық салмақ пен семіздік мәселелерінің қаншалықты маңызды 
екенін түсінуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет