«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет204/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

ТҰРСАҒАТ А.М. 
(АСТАНА, ҚАЗАҚСТАН) 
"ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
МАРШРУТТАР МӘСЕЛЕСІ" 
Қазақстанда туризмнің дамуы еліміздің барлық аумақтарында маңызды, 
басымды бағыт болып табылады және Мемлекет басшысының Қазақстан 
халқына арнаған Жолдауында көрсетілген басты мақсаттардың бірі.Әлемдік 
экономикалық және табиғи күйзелістер жағдайында туризм елдің 
экономикалық өсуін ынталандыруда ғана емес, табиғи ресурстарды, тұратын 
халықтардың ұлттық тарихи-мәдени мұрасын сақтауда және бүкіл әлем 
халқының әл-ауқатын сапалы арттыруда өзінің құнды рөлін дәлелдеді. Ал 
экотуризмтабиғи аумақтарды тұрақты дамытудың маңызды компоненті болып 
табылады. Экотуризмнің ерекшеліктері табиғат пен мәдениетке теріс әсердің 
алдын алады және туроператорлар мен туристерді табиғатты қорғауға және 
әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын тигізеді. 
Экологиялық туризмді Қорғалжын қорығында қарастыру. Қорғалжын 
мемлекеттік табиғат қорығы – ерекше қорғалатын аумақ, Орта Азияның 
аумағындағы бірегей орын. Шексіз құрғақ даланың ортасында Теңіз-
Қорғалжын көлі созылып жатыр.1968 жылы құрылған қорық алатын аумағы 
бойынша Қазақстан қорықтарының ең үлкендерінің бірі болып табылады. 
Ауданы - 543171 га болатын аумақ тұтас учаскеден тұрады, жыл құсының 
Орта-Азия-Үнді 
және 
Сібір-Шығыс-Африка 
құс 
өрісі 
жолдарының 
қиылысында орналасқан және халықаралық маңыздағы маңызды су-томар жері 
болып табылады.[10] 
Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдер жүйесі дүние жүзі мен 
жергілікті ғалымдар, орнитолог, биолог, эколог, студенттер, туристердің 
қызығушылығын туғызатын Қазақстанның ерекше қорғалатын інжу маржаны 
болып табылады. Қорғалжынның ерекшелігі ,мысалы, Теңіз-Қорғалжын көлдер 
жүйесі 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына 
сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. 2000 жылы 


364 
Теңіз көлі «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің ерекше көлдер жүйесіне еніп, 
2007 жылы Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау Ассоциациясының 
бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі 
маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді. 2008 жылдың 
маусымында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның әлемдік 
мұралары тізімінеОрталық Азиядағы алғашқы нысандардың бірі болып 
енгізілді. [9] 
Қорықтың биоалуандығы ерекше. Ол 443 өсімдіктер флора өкілдерінен 
тұрады. Қазақстанның Қызыл Кітабына өсімдіктердің 5 түрі енгізілген:
Tulipa 
schrenkii Rgl
. (Шренк қызғалдағы),
Túlipa pátens
(солғын қызғалдақ),
Adonis 
wolgensis
(жанаргүл),
Pulsatilla flavescens
(сарғылт құндызшөп), 
Pulsatílla pátens
(солғын құндызшөп).
Қорық аумағындақұстардың 354 түрін кездестіруге болады.Қазақстанның 
Қызыл кітабына құстардың 41 түрі, ал Халықаралық табиғатты қорғау және 
табиғат ресурстары ұйымында 26 түрі енгізілген. Осы құстардың арқасында 
қорық халықаралық маңызға ие болды. Қорғалжын фаунасы  жартылай шөл 
дала және дала аймақтарына тән. Мұнда сүтқоректілердің 41 түрі, бауырымен 
жорғалаушылардың 6 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, балықтың 15 түрі бар. 
Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі 
бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып 
табылады. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және 
жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың әлем бойынша солтүстіктегі ең 
шалғай мекені. [1] 
Қорықтағы 
бар 
экомаршруттар. 
Қазіргі 
уақытта 
қорықтағы 
экомаршруттарды Қорғалжын ауданының туризм жөніндегі ақпараттық-
ресурстық орталығы ұсынған. 
№1 Экомаршрут "Аққу" - оқу-танымдық, автомобильді, маусымдық, 
топтық 20 адамға дейін,бір күндік маршрут. Жаяу маршруттың пункттері: 1) 
Қорғалжын ауылы-Нұра өзені (мазар Қаныкей)-сол. Шолақ-Есей көл жағалауы-
1Пост-Қорғалжын ауылы. Маршруттың ұзындығы 90 км, ұзақтығы 7 сағат. 
Соқпақтың жұмыс істеу мерзімі мамыр-қазан айлары. 
№ 2 Экомаршрут " Фламинго " Қорғалжын мемлекеттік табиғи 
қорығының ғимаратында орналасқан визит-орталықтан басталады. Оқу-ағарту, 
автомобиль, бір күндік маршрут. Қатты жауын-шашын кезінде экомаршрут 
жолдары өте қиын. Экомаршрут пункттері: Қорғалжын а. – Нұра өз. (мазар 
Қаныкей) - солт.Шолақ көлі жағалауы-Шубасор көлі -Есей көлі- Кенді көлі-
Саумалкөл көлі-Қорғалжын ауылы. Ұзындығы 150 км, ұзақтығы 6-8 сағат. 
№ 3 Экомаршрут "Ақбөкен" - туристік- экскурсиялық, оқу- танымдық, 
автомобильді, маусымдық, топтық маршрут. Ұзындығы 220 км, ұзақтығы 9 
сағат. Маршруттың қызмет ету мерзімі: маусым айынан қазан айына 
дейін.Топтағы ең көп адам саны: 20 адамға дейін, рекреациялық жүктеме 
нормаларына сәйкес. Маршрут: Қорғалжын ауылы - Нұра өз. (Қаныкей мазары) 
– Саумалкөл көлі-Абай ауылы-Назаров бөгеті-Сымтас шатқалы- Теңізсолтүстік 
жағалауы-Қорғалжын ауылы.[6] 


365 
Бұл маршруттар көбіне фаунаға назар аудара отырып жасалған. Бұдан 
бөлек Есей , Көкай, Біртабан көлдері флорасымен ерекшеленеді. Есей көлінің 
жағалауында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет