369
Project Expert пен ФинЭкАнализ бағдарламаларының білім алушылардың
тәжірибелік дағдыларына ықпал етуіне байланысты, олар Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қаржы» кафедрасында
енгізілді
әрі
«Қаржылық
менеджмент»,
«Жобаларды
талдау»,
«Инвестицияларды қаржыландыру мен несиелеу», «Бизнес жоспарлау»,
«Инвестициялық талдау» және «Жобаларды басқару» пәндерінен дәріс пен
тәжірибе сабақтарында әрдайым пайдаланылады.
Бірақ,
білім
алушылардың
оларды
қабылдау
көлеміне
қарай
салыстырғанда, «ФинЭкАнализ» бағдарламасы пайдалануға оңай және сатып
алуға, орнатуға, үйренуге шектен тыс шығындарды қажет етпейді. Бағасы
бойынша кәсіпкерлік қызметпен енді айналыса бастағандар мен жоғары оқу
орындары мен колледж студенттеріне де тиімді.
Бұл бағдарламаның таптырмайтын артықшылығы – оқу процесінде
пайдалану қарапайымдылығы. Сонымен бірге бағдарлама экономикалық
мамандықтар бакалаврлары мен магистранттары арасында курстық және
қорытынды жұмыстарын жазу кезінде үлкен сұранысқа ие.
Осы бағдарламаны пайдалану тәжірибесі студенттердің жоғарыда аталған
пәндерге қызығушылық танытуларын және оқу үлгерімі нәтижелері мен
дипломдық жұмыстар мен магистрлық диссертацияларды орындау сапасының
жоғарылауын көрсетті.
ФинЭкАнализ– шаруашылық субъектілерінің шаруашылық қызметтерінің
басқару және қаржылық-экономикалық кешенді талдауының кәсіби
автоматтандырылған жүйесі.
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты –шаруашылық субъекті қаржылық
талдауын жетілдіру.
ФинЭкАнализ қаржылық талдауы ұйымның басқару және қаржылық-
экономикалық талдауын автоматтандыруға қажетті жинақ болып табылады. Ол
шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайын талдауы мен экспресс-
талдауын және мерзімдік мониторинг жүргізуге, болжамды баланс құруға,
қаржылық оқиғалардың дамуын үлгілеуге, аналитикалық жазбаларды жасауға
және компания дамуының стратегия, санация бағдарламаларын әзірлеуге
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: