Я. А. Коменский өзінің «Ұлы дидактика»



Дата12.03.2017
өлшемі259 Kb.
#11483
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Дидактикалық ойындардың ұйымдастырып өткізудің маңызы.

Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясыпедагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдықформаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.

Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIIIXIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдіңнеміс ғалымыФ.А.ДистервегтіңРесейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.



Қазақстанда дидактикалық ой философиялықәлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, «Қорқыт ата кітабында», ежелгі жыр-аңыздардамақал-мәтелдердеертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Йасауиадамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі «Кодекс Куманикус» сөздігі менМахмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп БаласағұниИүгінеки АхмедСүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.

Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым – Ы.Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық», т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. XX ғасырдыңбасында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері А.БайтұрсынұлыЖ.АймауытовМ.ДулатовМ.Жұмабаев, т.б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік «Баяншы» кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.

Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.

«Тілдік дидактикалық ойындардың ұйымдастырып өткізудің маңызы»

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» -деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады.

Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.

Дидактикалық ойындар және олардың түрлері

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

1.      Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2.      Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино», т.б.

3.      Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.

Өз іс тәжіребиемде мен балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретемін. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдаланамын.

Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін, тіл дамыту сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдаланамын, ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдап аламын. Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс пайдаланамын.

Ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық материалдарды пайдалану.
Ағылшын тілін игеру процесінде тұлғаны тәрбиелеу.
Алдына қойылған сұрауға немесе тапсырманы орындауға (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдыландыру.
Логикалықойлаудыжәнесөздікқорынтолықтыру.

Оқыту үрдісін нығайтуда, оқушылар білімін тереңдетуде дидактикалық тапсырмалардың алатын орны ерекше. Дидактикалық тапсырмалар арқылы пәннің мазмұндылығын арттыруға, оқушыға жаңа білім беруге, алған білімін жүйелеуге, пысықтауға, қорытындылауға болады.

Ауызша сұрақ – жауаптан айырмашылығы – дидактикалық карточкалар арқылы бір мезгілде бірнеше оқушы қамтылып, сынып оқушыларының зерігуіне жол берілмейді. Тарау немесе бөлім бойынша құрастырылған дидактикалық тапсырмалар бірнеше тақырыпты, бірнеше ұғымды бір – бірімен байланыстырып, оқушының тарау бойында алған білімін жүйелеп, қорытындылауына мүмкіндік береді. Сондай - ақ, дидактикалық карточкаларда тапсырмалар көбіне көрнекті кескінделеді /сызбасы беріледі немесе түрлі түспен жазылады, т. б./ де, білімді қабылдауға, жүйелеуге есіту анализаторымен бірге көру анализаторы да қатысады, бұл – оқушының ойлау үрдісін, есте сақтау үрдісін арттыра түседі.
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын оятуда шығармашылық тапсырмалар, дидактикалық тапсырмалар мен ойындар, танымдық жаттығулардың алатын орны ерекше екені белгілі. Себебі бұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың дербес ойлануына, тұжырым жасауына мүмкіндік беретін өз білімін тексеру және өзара жарысу элементтері бар. Оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып әр түрлі сөзжұмбақтар шешу, дидактикалық тапсырмалар орындау барысында оқушылар өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
Сонымен қатар бүгінгі таңдағы өзекті мәселе ақпараттандыру болса, біз де соған бейімделе отырып компьютерді тиімді пайдалана білдік. Компьютерде «Дидактикалық материалдар» папкасын құрдық. Оқушылар сабақтан тыс уақытта папканы ашып, қажетті сыныпты, тақырыпты таңдап, тапсырманы орындай алады. Мұғалім қажет уақытта оқушының жұмысын бағалай алады. Бұл сабақ уақытын үнемдеп, тиімді пайдалануға ыңғайлы.
Сондай - ақ мұндай дидактикалық материалдарды кез келген технологияда жұмыс істейтін мұғалім пайдалана алады.
Сонымен оқушылардың теориялық білімдерін тереңдетуде, тілін ширатуда, сөздік қорын молайтуда, жаңа сөздердің сырын ұғуға икемдеуде осы дидактикалық материалдардың маңызы зор.
Ағылшын тілімен енді ғана таныса бастаған 5 - сынып оқушылары үшін әрбір жаңа сөз – жаңа білім. Төмендегі дидактикалық тапсырмалар ағылшын тілінің әліпбиін, сандарын жете меңгеруге арналған.

ІІ.Дидактикалық ойындар – ағылшын тілі сабағында

2.1.Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды
қолдану ерекшеліктері

Дидактикалық ойындар - бұл бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекеттерін дамуынын негізгі тәсілі.


Балалық шақ адам бойына адамгершілік негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылык сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеттері. Баланың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Мұғалім бағдарламада керсеілген көріністік-ролдік, қимыл қозғалысты, дидактикалық, шығармашылық ойын түрлерін пайдалана отырып, баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс.
Ойын-балалардың оқуға еңбекке деген белсенділігін артырудағы басты құрал. Ойын проблемасымен шњтылданған көрнекті ғалымдар P.M. Жуковская, Д.В. Менджеридцкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михойленколардың айтуынша балалардың әлздігінен көріністік, рольдік ойындар ойнау үшін білім машықтарының болуы ғана жеткілікті емес. Балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білуі керек.
Оқытып үйрену барысында олар біртіндеп ойын іс- әрекетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Сабақ барысында пайдаланылатын практикалық ойындар және қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білік және дағдылар жайында түсінік беріп, оларды қалыптастыру тиянақтау және бекіту, кайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланып дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың барлығы дерлік бүгінгі талаптардан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ окушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді.
Ойын процесі мен оку процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын процесінде кандай білімді игеріп жатқанын, ал оку процесінің кезінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.Сонда ғана ойын және оку әрекеттері табиғи бірлікте болып –өзіндік білім, білік және дағдыны игеруге толык ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.Ойынды ұйымдастырудың қандай да бір дидактикалық мақсат пен міндетке бағындырылуы керек.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақты әр кезеңіндегі орны мен міндеті және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, оку процесінде окушыларды белсенді қатыстыруына байланысты сабак материалына лайықты алған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекетімеп шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты сипаты мен жолдары да жан-жақты ойластырылуы керек. Мәселен ойынды жасына қарай өткізу аралык және ауытқу нәтижелерін көрсету үшін сигналды карточкаларды т.б әр-түрлі шартты белгілерді кеспе цифрлар мен таңбаларды т.б заттарды пайдалану. Сонымен бірге ойын түрлеріндегі көрнекі құралдарды да сабақтың қай кезінде өткізілуіне орай өзгертіп тұру керектігін ескерген жөн.
Дидактикалық ойындардың түп тамыры қазақтың ұлттық ойындарымен мазмұндас.
Ойын түрлерін мынадай топтарға бөлуге болады:
1.Баладан орындаушылық қабілетті талап ететін ойын.
2.Түрлендіріп, өзгеріс енгізуді талап ететін ойын.
3.Танымдық қабілеттерін талап ететін ойын.
4.Шығармашылық ізденіске толы ойындар.
Ойын-бұл бала еңбегі. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Ойын ешуақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі.
Ойын, сонымен қатар тәрбиенің барлық сапасымен тығыз байланысты, өнермен ұштасып жатады.
Ойын-баланың жан серігі сияқты. Сондықтан сөзімді Жан Жак Руссоның: "Баланың балалығын тыйдым дегенше ер жеткендегі даналығын тыйдым десеңші" деген сөзімен аяқтағым келеді.
Дидактикалык. түзету ойындары -бұл оку аркылы танымдық әрекеттің дамуы
Дидактикалык ойындар арқылы есі кем балалардың тілін дамытуда маңызды роль аткарады. Балаларға бағдарламаның материалдарын меңгерту.Үйренген білім — дағдыларын бекіту жұмыстарын осы дидактикалык ойындар аркылы іске асады Онсыз ақыл ссі кем балаларға қасиетті білім-дағдыларына үйрету тәрбие жұмыстарын жүргізу олардың сөздік қорын дамыту молайтып ,есту,. көру . сөйлеу мөлшерін дамытып. жаттыктыру киындыкка соғатыны сөзсіз .Сондықтан олар- мен мынадай ойындар көбірек үйретіледі .Ойынның әр түрі тәрбие сабақ мақсатына карай алмастырылып отырылады .Бұл ойындар баланың танымдылык процесін әдісін дамыту үшін жүргізіледі . Осы орайда дидактикалык ойындар және ойын түрінде орындалатын жаттығулардың маңызы өте зор .Жалпы алғанда ойын элементтері оқыту әдістерінің құрамды бөлігі болуы тиіс .Бірак ойын процесі мен оқу процесінің бірінен - бірі ажыратылмағаны жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қолайлы білімді игеріп жатқанын,. ал оқу процесінін. өзінде қалай ойынға араласып кеткенін аңгармай қалуы керек . Дидактикалык ойындардың тиімділігі олардың сабақтарының әp кезеіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл аныктауға ,оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне . шеберлік дамыуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға ойын процесіне окушыларды белсенді катыстыруга байланысты
Дидактикалык ойындардың кайсысы болмасын откізу барысында оқушылар түрлі іс-әрекеттерді орындайды дегенмен . оларды қанайда бір іс -әрекеттің басы орындадуына орай топтастыруға болады .Демек ойын барысында орындалатын негізгі іс- әрекеттерді аныктап .онын түрлерін іс-әрекеттерге орай алмастырып отыруга тура келеді .Кейбір дидактикалық ойындарда окушыдардын орындаушылықпен,біршамасында еске түсірумен байланысты. Қайсы біреуінде тексеру мен бакылау және өзгерту.
Мұғалім өтілетін тақырыпқа caй ойын түрлерін дұрыс таңдап жоспар құрып алуы қажет .Оқушы ойын тәртібін білуте тиіс . Бала ойын тәртібін жас мөлшері болса . олар ойынды бар ынтасымен ойнауға, орындауга тырысады . Балалар ең алдымен өздеріне халық ойындарын ойнату .

Дидактикалык ойындар - көп сандар күрделі педагогикалык кұбылыс .Ол балаларды оқыту әдістерінің бірі .оларды жан- жакты тәрбиелеитін құбылыстардың бірі деп айтута болады .


Дидактикалык. ойындар оқытупроцссінде ойын әдісі ретінде және дидактикалык немесе антодидактикалык ойындар.
Ойын мұғалім такырыпқа окушылардың қызығушылыгын. зейінін арттыру максатында әр түрлі әдіс тәсілдерді қолданады .
Атап айтқанда .мұғалім ойын ситуацияларын туғыза отырып . әр түрлі заттарды көрсету аркылы сұрақтар койып . затты көрсетіп түсіндіріп ойын сюжетін қарастырады .
Дидактикалык ойын жалғыз тіл сабақтарында ғана қолданылып қоймайды. математика, табиғаттану , коршаған ортамен таныстыру максатында қолданылады .
Дидактикалык ойын окыту процесінде мынандай екі түрлі максатта колданылады оку танымдык максатта.Екінші-ойын ойнау максатында.
Мұғалім өзі де ойынға катысады. баланы үйретеді.Бала ойнай отырып үйренеді .
Бастауыш сыныптардың ағылшын тілі сабактарында дидактикалык ойындарды жаңа такырыпты түсіндіру барысында қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдаланады .Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондыктан мұғалім оларды жалыктырмай әр түрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысу керек.
Дидактикалык ойындар окушылардың ой өрісін дамытып,ойлау қабілетін арттырумен қатар үйретілген өтілген такырыптарды саналы берік меңгеруге үлкен әсер етеді.Ойындар оқушылардың шығармашылык ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар .сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды .Окушыдар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана коймайды. оның қандай мағнада колданылатынын да біледі .
Ойын оку процестерін мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтиже береді .
Тақырыпка сай жүргізілген ойын түрлері әсіресе .тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушының ойлау белсенділігін арттырады .Сондыктан мұгалім әр сабакта дидактикалык ойын түрлерін орнымен колданса .окушының ынтасын арттыра отырып пәнге деген кызыгушылығын . білімімен ынтасын . сол пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады .
Түрлендіру, әp- түрлі мүмкін талаптар сиакты іс- әрекеттер орындайды. Ойынды іріктеп алуда тек қана окушының орындалатын іс- әрекетімен шектеу жеткіліксіз. Ойынды ұйымдастыру және баскарудын сипатымен жолдары да ойластырылады Мәселенойынды жарыс түрінде өткізу аралык және ақтық нәтижелерді көрсету үшін карточкадарды фишкаларды,тағы да баска әp түрді шартты белглерді. цифрлар мен таңбаларды жұддызшаларды. жалаушаларды пайдалану.
Сонымен бірге ойын кезіндегі көрнекілік түрлерін де сабақтың кай кезеңінде дәл өткізіліуіне орай өзгертіп тұруға тура келетінін ескерген жөн .
Мысалы, жаңа материалды баяндау кезенінде ұйымдастырылатын ойындарда окушылардың нақты заттар тобын немесс олардың суретін пайдаланып практикалык тұрғыда жұмыс істеуін камтамасыз ету керек болса.ол өткенді жинактау кезеңіндегі ұйымдастырылатын ойындарда көрнекіліктің шектеулі болуы мүмкін де ереже .кесте мен.зандылык. есептеу тәсілдерін дауыстап айтуға көңіл бөлінеді.
Дидактикалык ойындар жайында жоғарғыла келтірілген пікірлер ұсыныстар мен нұсқаулар оқыту әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі дидактикалык, ойындарды сабақ процесінде тиімді пайдалану үшін кажетті негізгі қортындылармен мұғалімнің танысуына жоне сол бағытта оларды шығармашылық ізденіске бағдар сілтеуге жалпы алғанда математиканы окыту дың әдістеріне ерекше мән берудің кажеттігін сезінуіне мүмкіндік береді демекпіз. Әрине оны қолданудың нәтижелі болуы әрдайым ойының мазмұнын аныктауға кажетті түрлерін іріктеп алуға , нактылы сабактын максатын және мүмкіндіктер мен жағдайларды ескеруге сабактың кез-келген кезінде .тіпті тиімді колдануға.Ойын түрдерін ғана емес орындалатын іс- әрекеттердің де өзгермелі болуын камтамасыз етуге байданысты.
Біздің ойымызша әр сабактың ерекшелігіне орай тиімдірек деген ойын түрлері "сабактарға нұскаулар тарауында келтірілген . Алайда олардын кейбіреулерін мектептін жағдайына қажетті материалдардың тапшылығын өткізуі мүкін болмаса , мұғалімдердің тәжірибесінде жинакталған шығармашылык ізденісін жемісті болуы табылатын баскадай дидактикалык ойындармен алмастыруда болады .Беріліп отырған ойындардың міндеттілік сипаты жок .

Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы комуникативтік құзіреттілікті дамыту


Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету 1.

Ағылшын тілі мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі — дидактикалық ойындар2.

Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.

Ағылшын тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. 5,6 класс оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет. Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ?

1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

8. Оқушылар үшін қауіпсіз 3.

Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. «Ойыннан басталады»,- десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін ағылшын тілі мұғалімінің басты қолданатын тәсілі — ойын.

Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар 4.

Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығын қалыптастыруда еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен 5.  

Ойын арқылы оқыту технологиясы ағылшын тілі сабақтарында кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет:

       Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін  анықтау

       Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу.

       Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.

       Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.

       Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.

Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.

Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бастауыш және орта буында оқушылар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру мұғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс - әрекеті. Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік-ойындар» оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады 6.

Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының: қисынды ой-қабілеті дамиды; өздігінен жұмыс істеуге үйренеді; сөздік қоры баийды, тілі дамиды; зейіні қалыптасады; байқампаздығы артады; өзара сыйластыққа үйретеді; ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды; бір-біріне деген оқушы сенімі артады; сабаққа қызығушылығы артады.

Сабақ барысында оқушы зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың үлесі зор  десек болады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.

Келешекте жаппай 12 жылдық білімге көшетіндіктен 12 жылдық  білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасын алып қарасақ та  оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады.

Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – «Керекті сөзді тауып айт». Ойынның мақсаты - қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Сондай-ақ оқушы зейінін қалыптастыруда «Who’s the faster?» ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін дидактикалық ойындар мен тапсырмалардан басқа  грамматикалық ойындардың орны ерекше. Яғни құзіреттілік тапсырмалар арқылы оқушының тілімен, оқуға деген және пәнге деген ынтасы артады. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады 7.

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «доппен ойыны» - балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты гаетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек, «Сөз құра» - суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташадағы санды дұрыс оқымайды,мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It’s twelve десе, сынып түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру керек,  «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп « What colour is it ?” балалар It's red деп жауап береді . Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады.

Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: «colours”, “friends”, “ school”, “family” .

Сонымен қатар оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Our house» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді. Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей: 1.Рөлдік ойындар. 2. Іскерлік ойындар. А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары. Ә)Өндірістік ойындар.

Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.Рөлдік ойындар екіге бөлінеді: 1.Әрбір оқушы рөлде ойнайды. 2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.

Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады.Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады:фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б.Өндірісті ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар күрделі мәселелерді шешуге болады. Мысалы, «Қоршаған орта немесе қоқысты қайта жіберуге болады.»деген тақырыптарда.

Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады. Олар: дайындық ойындары және шығармашылық ойындары. Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады. Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді. Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді. Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде «Менің көзілдірігім қайда?» немесе «Мынау не?»деп сұрақ қою. Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго»ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру. Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған.Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.

Әдеттегідей ойынға оқушылар 2-3 топқа бөлінеді. Бұл ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын. Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады. Сонымен қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, «Жұлдызды сәт», «Таңғажайып алаңында», «XXI ғасыр көшбасшысы» ойындарын өткіземін.ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады. Ең бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін , тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынталамын.

Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін, ал ойын үрдісінде баланың өзіне жасауға мүмкіндік берсек, бала өзі үйреніп кетуі әбден мүмкін. М. Жұмабаев «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» - деп атап көрсетсе, ал, шетелдік ғалым Ж. Пиаже «ойын-баланың рухани дамуының негізі» - деген, сонымен қатар, К. Левин, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин сияқты ғалымдар да өз еңбектерінде ойын әрекетінің оқу үрдісінде маңызды құрал болып табылатындығын атап көрсеткен 8.

Қорытындылай келе, дидактикалық ойындар оқушылардың таным белсендігін жандандыратын,  өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ  мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұлова С. «Жаңаша оқыту әдістемесі», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы, 97-98 беттер, №1, 2006 ж.

2. М. С. Сақтағанова, Н. Қ. Алиева, Н. Қ. Айтбаева «Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, 43-бет, №3, 2006 ж..

3. Г. Ботағарина, «Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес», Білім, 70-бет, №3, 2006 ж..



4. Г. Шамшырақова «Ағылшын тілін оқытудың құрылымы», 12-бет, Кәсіптік мектеп, №3, 2007 ж..

5.Құлжанова.Н. Ойын мақсатын талдау және ойын мәні// Қазақстан мектебі.- 2001.-№1.б.74.

6.Выготский Л. С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка.// Вопросы психологии.–1966.Т.6.340с.
7. Агапова Г.Г. Профессионально-педагогическая подготовка учителя в США: Автореф.дисс.-канд.пед.наук.-М.,1973,29c
8. Ахметов Н. К., Хайдаров Н. Ж. Игра как процесс обучения. – Алма – Ата. Знание. 1985. 48 с



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет