Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Исламның басты қайнарлары хақында айтып беріңіз



бет43/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Исламның басты қайнарлары хақында айтып беріңіз

1. Ќұран - “оќу”, “жатќа оќу” маѓынасына келетiн арабша сөз. Мұндаѓы маѓына кітаптан оќу емес, “ауызша жатќа оќу” дегенді білдіреді. Хазiретi Мұхаммедке (ғ.с.) түскен қасиеттi Ќұран Кәрімнiң басқа да есiмдерi бар. Кейбiр ғұламалар Құран есiмдерiнiң тоқсанға жуығын атаған. Мәселен, Құранның “әл-Китаб” деген атауы қасиеттi кiтабымыздың екi жүз отыз жерiнде кездеседi. Келесi ақиқатпен жалғанды айырушы мағынасына келетiн “әл-Фурќан” есiмi Құранда алты мәрте кездеседi. Құранда бұдан басқа да есiмдер бар: Кәлам, Баян, Хақ, Уммул-Китаб, Рахмәт т.б.
Ќұран Кєрім ислам дініндегі ең ќасиетті кітап жєне мұсылмандардың бірінші ќайнары. Хазiретi Мұхаммедке (ғ.с.) Құран уахи арқылы түсiп бұлтартпас хабарлар арқылы жеткен, оқылуы ғибадат саналған мұғжизалы* сөз. Ол - Аллаћ Тағаланың сөзі, сондықтан оны мойындамау - күпірлік. Ќұранда барлыќ аќиќаттар қамтылған, күмәнсіз оѓан адам сөзі ќосылмаған. Құранның мағынасы да, сөзi де Аллаһ Тағалаға тән. Оның мағынасы да, сөзi де уахи етiлген.
Ќұран Кәрім - 114 сүреден, 6666 аятдан тұрады. Сүре - сөздiкте жоғары мәртебе, абырой яки қатар деген мағынаға келедi. Терминдiк мағынасы аяттардан тұратын басы мен ақыры бар жеке Құран бөлiмi. Аят - сөздiкте белгi, дәлел, нышан, ғибрат мағыналарына келедi. Ал терминдiк мағынасы сүрелердiң iшiнде басы мен ақыры болған яки бiр немесе бiрнеше сөйлемнен құралған сөздер жиынтығы. 286 аяттан тұратын ең ұзын сүре - Баќара сүресі, ал ең ќысќасы - 3 аяттан тұратын Кәусар сүресі. Ќұранның бірінші бетіне Фатиха сүресі, соңѓы бетіне Нас сүресі орналасќан.
2. Сүннет. Хазіреті Мұхаммедтiң (ғ.с.) тірі кезіндегі әрбір әрекеті мен оның әрбір сөздері мұсылмандарѓа үлгі болѓан. Ардақты пайғамбардың тірі кезіндегі айтќан өсиеттері мен аќыл-кеңестері, оның өмірі мен ќызметіндегі әдепті, сыпайы іс-әрекеті мен инабаттылыќќа үндейтін сөздерi немесе жаман бір нєрселерге тыйымдары «сүннет» деп аталады.
Сүннет “жол”, “үлгі” дейтін маѓыналарѓа келсе, хадис “хабар”, “әңгіме” деген маѓыналарѓа келедi және осы екi сөз де Хазіреті Мұхаммедтiң (ғ.с.) айтќан сөздеріне, іс-әрекеттеріне, таќрирлері* мен сипаттарына қатысты.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет