Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Ахмет Ясауи және шәкірті Баба Мәшін арасындағы ілім сайысын суреттеп жазыңыз



бет51/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Ахмет Ясауи және шәкірті Баба Мәшін арасындағы ілім сайысын суреттеп жазыңыз

400 жыл жасап, талай мүридті кемелдікке жеткізген Хорасан әулиесі Түркістан өңірінде Ахмет атты бір шайһтың пайда болғанын, және әйелдер мен ерлерді бірге оқытатынын естиді. Ести сала бұл қандай жүгенсіздік деп жолға аттанады. Түркістанға жетеді. Солай Ахметті көре сала «Халайықты азғырып жүрген сенбісің?» дегенде Хорасан әулиесіне «ия, сол күнәхар менмін»-деп жауап қатады. Сүйтіп өзінің мүридтері Хакім Қожа Сүлеймен мен Сопы Мухаммед данышпанға Баба Мәшінге 500 дүре соқтыруды бұйырады. 500 дүреге шыдап 501 ші дүре соғылған кезде жан дауысымен айқай салады. Жұрт таң қалып бұның мәнісін сұраған кезде, Қожа Ахмет. « Мұнда келген кезде арқасына дию-пері отырып алған, сол 500 дүрені қабылдап енді ұрмайды деп түседі, 501 дүре соғылғанда дию емес өзі қабылдады» деп жауап береді. Қожа Ахмет әулиелігін мойындаған Баба Мәшін зар еңіреп кешірім сұрап, Қожа Ахметтің шәкірті атанады. Кейін

  1. Ясауи іліміндегі 7 принципті тізбектеп көрсетіңіз

Аллаһқа ғашық болу. Ясауидiң сопылық дүниетанымында Аллаћқа бағынуға, оны тануға көп мән берiлген. Себебi, Аллаћты тану – көңiл көзiн ашудың негiзгi кiлтi. Сондықтан сопылық жолдың кезек күттiрмейтiн басты өзегi – Аллаћты тану (мағрифату-л-лаћ).
Құдайдыңқұдіреті мен шеберлігі кездеспейтін ешбір дене, мақұлық жоқ. Сондықтан жаратылған барлық болмыс құдайдың жаратқан өрнегі, Аллаћтың ауызбен айтып жеткізуі мүмкін емес шеберлігінің белгiсi болып табылады. Құран осы ақиқатты былай деп түсіндіреді: “Қайда қарасаң Аллаћтың жүзі (рақымдылығы, қайрымдылығы, құдіреті) сонда” (Бақара-115).
Ахмет Ясауи - осы ақиқатты түсінген ұлы ойшыл. Оның пікірі бойынша әлем мен әлемдегі бүткiл жаратылыстар ұлы Жаратушының құдіреті шексiз екендiгiн көрсетедi. Ұлы бабамыздың көзқарасы бойынша дүниедегі барлық жаратылыстар Аллаћтың ұлы, кеңпейіл, мейірімді де рақымды екенiн дәлелдейдi. Жаратылысқа өмір берген де, бейне берген де тек ол ғана. Ол - шексіздік (мұтлақ) қайнары.
Аллаћқа ғашық болу – нәпсілік қалауларды тәрбиелейдi және көңiл кiрлерiнен арылтады, адамның көңiлiне жақсылық, сұлулық, нәзіктік ұрығын себедi, жүрек көзiн ашады және көңiл сарайын кеңейтедi. Махаббат адамның менмендігін, ішіндегі қатiгездігін, кек пен жек көрудің тiптi қалдықтарына дейiн күлiн көкке ұшырып, нәзіктікке, сүйіспеншілікке, рақымдылыққа, әділдікке бастайды.
Ұлы ойшыл бабамыздың көзқарасы бойынша Аллаћқа деген ғашықтығы мен сүйіспеншілігін жүректеріне, көңілдеріне және ақылдарына тоқымаған адамдар - құрғақ сенім мен құлшылықта жасағанмен рухани жетіле алмаған адамдар. Тіпті аталмыш адамдардың имандары да жоқ деп түсіндіреді.
Ықылас. Кез келген құдай үшiн жасалынатын iзгi ниеттегi амалдар ниетке немесе көңілге байланысты, яғни ықыласпен орындалатын амал жемісті болмақ. Ықылас - “шын пейілмен”, “шын жүрекпен” зейiн қою, ниет ету немесе бір нәрсені жүзеге асыру деген сөз. Аллаћ Тағала Құран Кәрімде: “Сен Аллаћқа құлдық және ықыласпен бағын” (Зүмер-39) – деп, барлық құлшылық пен амалдарды тек Аллаћ ризашылығы үшін, яғни ықылас арқылы жасауды ұсынған. Ал оның қарама-қайшысы “біреу мені көрсін, мақтасын” деген оймен мақтаныш, мансап үшін орындалатын ғибадат “рия” болып табылады. Белгiлi бiр дүниелiк пайдаға, немесе мақтанышқа бола орындалатын амалдың ешқандай сауабы жоқ, керісінше – орны толмас күнә, қылмыс, тiптi “шіркке” жатқыза аламыз. Осы Лекция бойынша ардақты Пайғамбардың хадисiнде былай делiнген: “Көрсету үшін ораза тұтқан, намаз оқыған, иман еткен адам – Аллаћқа серік қосқан адам”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет