Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз



бет53/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Ер мен әйел теңдiгi. Аллаћ алдында ер мен әйел тең хұқылы, екеуіне де ақыл, көңіл, жүрек беріп, бірдей дәрежеде жаратқан. Бірақ, ислам діні әйелдің өз жаратылысына, нәзіктігіне, ердің өз жаратылысына, оның табиғатындағы қуаттылығы мен төзiмдiлiгiне байланысты өздеріне лайықты біршама міндеттерді белгілеген.
Әйел дегеніміз - ана, адамның алғашқы ұстазы, әрі Аллаћтан кейінгі ең жақын қамқоршысы. Сонымен бірге «жәннәт аналардың табанының астында» - деген Пайғамбардың хадисіне орай ислам діні әйел затына қаншалықты құрмет көресетінін байқау қиын емес. Ардақты Пайғамбар: «әрбір ер мен әйел мұсылманға ғылым іздеу парыз» - деп, екеуінің хұқығы исламда тең екендігін көрсеткен.
Исламға дейінгі түркі халықтарында да әйел қоғамда маңызды рөлдерді ойнаған. Тіпті, әйелдер қоғамдағы саяси мәселелерге араласып, елін қорғау үшін қолына найза алып, ерлермен бірге соғыстарға да қатысқан. Оның үстіне көшпелілер арасында әйел мен ерді бөлек ұстау мүмкін емес. Ахмет Ясауи түркілердің осы әдетін жалғастыра отырып, өзінің зікірлері мен сұхбаттарына әйел мен ерді бірге қатыстырған. Әрі бұл әдіс сопылық жол бойынша таптырмайтын нәпсі тәрбиелеу әдiсi болып табылады.
Ас пен істің қасиеттілігі.Ахмет Ясауи жолындағылардың өз маңдай терімен асын табуы, еңбектенуі негізге алынған. Әзіреті Сұлтан мыңдаған шәкірттерін тәрбиелеп, оқытып, тек өзі істеген қасық ыдыс-аяқтарынан түскен нәпақасымен күнелткен

Ғылым және бiлiм. Хазiретi Мұхаммед пайғамбарға алғаш құдайдан келген бұйрық «оқы» екендiгi баршамызға аян. Мүмкiн бұл Орта ғасырлық кезеңде ғылым, бiлiм жөнiнде алғаш айтылған сөз болса керек. Демек, мұсылмандық жол – бiлiм жолы, ал сопылық – рухани бiлiм жолы. Ислам діні бойынша әрбір мұсылманның білім іздеуі парыз екендiгi шариғат үкiмдерi бойынша анық дәлелмен белгiленген. Оған адамзат баласына алғаш келген аяты - «оқы» деп басталатын Құраннан да, «бесіктен қабірге дейін білім ізде» - деген хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с) хадистерінен де көптеген мысалдар келтіруге болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет