Ислам сәулетіндегі кесенелердің салыну ерекшелігі туралы түсіндіріңіз
Исламдық мешіт құрылысы күмбез, мұнара, көркем жазулардан тұрды. Мешіттің ішінде намаз оқитын бөлмесінде Қағбаға бағытталған өте көркем михраб орнатылды. Исламда адам сурет салуға тиым салғандықтан, исламдық өнерде көркем жазу кең етек алды. Мешіттерге құраннан алынған сөздер жазылды. Әсіресе мешіттегі михраб құрандағы сөздер айнала жазылды. Мешіттерде бір немесе бірнеше мұнара болды. Мұнараларда азан айтылатын еді.
Ислам өнерінде өрнектерді сауаты бар, білімді рухани бай адамдар ғана оқи алатын еді. Өрнектің мәні Жаратушы жаратылысының терең мағынасы қамтылған.
Кейін келе Ислам сәулеті дамуына байланысты, мозайка, витражды өрнектер, керамикалық өнерлер дамып отырды.
«Жамал» сөзіне байланысты Жаратушының сұлулығының белгісі мешіттің күмбезі болып есептелді. «Жалал» сөзіне Жаратушының ұлылығының символы мұнаралар болды.
Михраб - Меккеге бағытталған мешіт бөлмесіндегі ойық. Михрабтың жанына құтба оқитын - мінбер орналасады. Мешіттің едені мен ауласына әдетте кілемдер төселіп, әрбір мешіттің жанында табиғи немесе қолдан жасалған су көздері болады.
Мешіт күмбезі-жамал, мұнаралары-жалал, мешіттің сыртына түсірілген Құран сөздері, Аллаһтың әсем есімдерін білдіретін символ - сыпат. Мұнара - биікке өрлете салынып, жеке орналастырылған құрылыс немесе құрылыстық ғимараттың биік бөлігі.
Күмбезді адамзаттың діни түсінігінде жасалған, бірақ үнемі жаңғырып отырған Космос символы деп түсінеді. Ислам сәулетіндегі символдың мәні тұрақтылық, бұл пәнидегі дұрыстық, Аспан мен Әлем деген мән алған. Осы пәнидегі тіршілік, бар әлемнің Жаратушымен байланысын бейнелейді. Күмбез қасиетті құрылыс. Күмбездің төменгі тұсындағы сегіз қырлы бөлік көкті көтерген сегіз періштенің тұрағы, өз кезегінде Әлемнің сегіз тұсына сәйкес келеді
Ясауи іліміндегі заттардың символдық мәні туралы баяндап беріңіз
Барлық діндерде сопылар, дәуріштер киген киімдер, ұстаған заттардың өзіндік сипаты мен мәні бары белгілі. Исламдағы дәуріштердің киімдері сопылықтың алғашқы кезеңдерінде (VIII—IX ғғ.) дөрекі, жүн матадан жасалса, кейінгі кезеңдерінде қатты тығыз, түксіз кілем сипатты матадан, қойдың жүнді терісінен тігілген.
XIX ғ. дуаналар жыртылған жамаулы киімдеріне сай каландарлар, жандапуш, хиркапуш деп аталған екен. Дәуріштердің басына киген бас киімі «кұлақ», белбеулері «қамар» деп аталған.
1866 жылы Түркістанда болған суретші В.В.Верещагин өзінің
Жазбасында Түркістан қаласының өміріне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталып, сипаттама беріп, зерттеуінде «шошақ бас киім киген дәуріштердің жыртық киімдері, арқаларына асынған түйіншегі, бір қолында таяғы, ал екінші қолында асқабақтан жасалған ұзын ыдысы бар» деп жазады. Дәуріштің киім киюі, ол киімдері мен заттарының мәні туралы мәселені қарастыра отырып сол заманда дуананың жиегі қойдың жүнді терісімен жиектелген, жүн жіптермен кестеленген қызыл бас киім киіп, кең белбеумен белін буып,ыдыс байлағаны туралы хабардар боламыз. Ортағасырлық миниатюралардағы дәуріштер киімдерін зерттеген З.Рахимова дәуріштер киімдерінің түстік мәні әлі де өз зерттеулерін талап ететінің айтады. Әрбір түс Жаратушыны танудағы сопының жеткен баспалдағын бейнелеген. Аспан көк, сары, қызыл, ақ түстер Жаратушыны тану жолындағы шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқат жолдарын көрсеткен. Дәуріштің белбеуі - оның алдындағы міндеттерін орындауға дайын екенінің белгісі ретінде болды. Бас киім Жаратушының берген игілігін сипаттайды, сондықтан ұстаздың шәкіртіне бас киім сыйлауы шәкірттің жеткен жетістігін мойындау, бата беруді көрсетеді. Зерттеушілер дәуріштің киімі мен оның бөлшектері оның сопылық жолды игерудегі белгілік бір көрсеткіші болған, оның әрбір қадамы киіміндегі бір бөлшекпен белгіленген дейді.
Дәуріштер бұрыннан келе жатқан ортағасырлық мұсылман халқының киімдерін шапан, тайласан, белбеу, бас киім - кұлақшын, шалма киді. Сопылар оларды жаңа бір мазмұнмен толықтырды. Бұл киімдердің кейбір бөлшектері сопылардың жолдарының кезеңдерін бейнелеген деуге болады.
Әр түрлі тариқаттарда бас киім әр түрлі көлемде, түсте болды. Сопылық ордендердің басым бөлігінде бас киім толық матадан немесе үш, төрт жыртыстың бөлігінен біріктіріп жасалған.
Түркістан каландарлары туралы П.Поздевтің зерттеуінде бас киімнің бәрінде әліп, кәлима шахадат жазылғаны айтылады. Бас киімнің төменгі жиектері қойдың жүнді терісімен көмкерілген.
Бұл бас киімді киген дәуріш жан-жағынан, алыстан ештеңені көрмей, тек Жаратушыны ойлау керек деген сенімге негізделген.Сенім бойынша Мұхаммед Пайғамбарға (с.а.а) Жебрейл періште арқылы көктен берілген бас киім, шапанды төрт бөлікке бөліп, Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әлиге, төрт халифасына берген дейді.Бас киімнің бірнеше бөліктегі матадан құралуының бір белгісін осымен бейнеленсе керек.
Дәуріштер рухани үстемдік белгісі ретінде хирка киген. Түркістан дәуріштері кемер белдік байлаған. Ол белдікті байлаудың өзіндік бір мәні бар. Риазат белбеуі –құлшылық ету, тақуалық, Құдай жолына біржола түсуді бейнеледі. Белдік мүридтікке бел буғанда құрбандыққа шалынған қойдың жүнінен жасалған. П.Поздев өз зерттеуінде Түркістан каландарларының белбеулерінің ені 25 см. болғанын, оған қанағат тасы бекітілгенін айтады.Зерттеулерде «Ахмет басында тәж болатын, бұл тәж, күпі, шырақ, дастархан (софра),байрақ және жайнамаз аманат ретінде Тәңір тарапынан Хз. Мұхаммед пайғамбарға берілген. Күпі-кебенек иығына жабылады деп айтылады.
Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» шығармасында дәуріштердің киімі, заттарының рухани мәні туралы келесі хикметтерінде баяндалад