14-ғасырдың төл тумасы Түркістан жеріндегі сәулет өнерінің екінші мекке атанған ғажайып ескерткіші Қожа-Ахмет Яссауи кесенесі екені бәрімізге белгілі болса керек. Бұл алып ғимаратты ұлы ғұламаға арнап даңықты қолбасшыамыр-темір сәлдірған. Көгілдір күнбездері күнге шағылысқан осы кесененің бет жақ қанаты не себепті бітпей қалғаны жайлы жігерсіз махаббатты жырлаған быр аңыз бар. Сол ақиқатқа бергісіз аңызды кейіннен өлеңге де түсіргенмін дейді Мұхтар ағамыз.
Әмір-Темір Құл Қожа-Ахмет Яссауиға көрсеткен құрметім осы болсын деп дүниенің төрт бұрышынан саусағынан өнер тамған шеберлерді жинайды. Жұрттың бәрінен де өнері асқан бір жас жігітті ою-өрнектің бас шеберлігіне тағайындайды. Жігіт топырақпен бояуды өз қырына бағындырған шебер ғана емес сонымен бірге бет біткеннің сұлуы әрі көмейіне бұлбұл қонған керемет әнші екен.
Күн ұясына отыра құрлыс алаңында жоғары-төмен өрмелеген жұрт әбден шаршап болдырып тыныс ала бастаған шақта бас шебер қаланып жатқан ескерткіштің бір биігіне шығып алып әнге салады. Әсем әнге еліткен құл-құтандар ілезде жадырап серпіліп бірі туған жерін, тым жырақта қалған ата-анасын бірі жарын, балашағасын бірі арман болып қалған ғашығын еске түсіреді. Ән аспанға шаншылған Әмір-Темірдің балдызы Мәрзиәдә өзінің сәукелелі Жібек шатырынан шығып әсем әнге бас қояды, тыңдаған жұрт қара тырнағына дейін шымырлататын сиқырлы сазға құлақ түреді.
Мәрзия ару ою-өрнек жұмыстарын жүргізетін топқа ұлы әміршінің құрметінің белгісі ретінде күнде түсте өз қолымен сусын әкеліп тұрады. Шебер жігітте Мәрзиә да бір-біріне сырттай ғашық болады. Күндердің күнінде жұрт күтпеген Уақиға болады. Мәрзия өз елеінің әдеп-ибасына сай бетін сырт көздерден жасырып жұқа ғана перде ұстайды екен. Хан балдызы сусын әкеген тұста бойын құмарлық тасқыны жеңген шебер жігіт оның бетіне ұстаған алтын пердесін жоғары түріп жібереді, талайдың көз жауын алған сұлу мүсін жарық ете қалады, сырт көздер үшін қара құлдың бұл қылығы барып тұрған әдепсіздік, хан рухын басынғандық болып есептелмейме? көріп тұрған құл-құтандар шу ете қалады, Мәрзиә үнсіз күлімсіреген бойы наздана бетін бүркеп жүріп кетеді. . Айналасындағылар жігітке шүйлігеді, ау-басың мойныңа өкпелі ме, мұның не? ертең Әмір жорықтан оралса балдызы бұны оған айтпай тұра алама? хан кімнің кінәлі, кімнің кінәсіз екенін сараптамай-ақ басымызды алуға бұйрық бередіғой,,, жігіт дір-дір етіп түсі өзгеріп, рухы күрт құлап бейшара күйге түседі, өзінің мұндай бедерсіз екенін қалай байқамай келген. Енді қайттық бір амал іздейік дей береді ол. Түнде барлығымыз ұйымдасып қашайық дейді, ұйымдасып қашқанымен жолдары болмайды Әмір Темірдің әскері құтқарсынба қуып жетіп ұстап бәрін зынданға тастайды. Ертеңінде терең зынданда жатқан өзінің жігерсіз ғашығына Мәрзиә ару мынандай мазмұнда бір парақша хат тастайды.