82. Исламның Арабстанға және әлемге таралуы туралы суреттеп көрсетіңіз Ислам - соңғы дін. Осы дінді насихаттаған Хазiретi Мұхаммед те (ғ.с.) соңғы пайғамбар. Ислам дінінен кейін басқа дін де, пайғамбар да келмейді. Ислам - әлемдiк дін. Әуелгі пайғамбарлардың үгіттеген діні белгілі қауымға жіберілген болса ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін.
Ислам діні-Араб елінде 7ғасырда пайда болды. Араб, Парсы, Түрік, Пакистан, Оңтүстік -Шығыс және Орталық Азия елдерін қамтыды. Ислам Тұран жұртына 8 ғасырда келген. Діннің негізін салған Мұхаммед пайғамбар.Мұсылмандар ұғымында Ислам діні-Құдай тарапынан барлық адамзатқа жіберілген ең соңғы өсиет. Мұсылманға 5 парызымен қоса, білім –ғылыммен шұғылдану , адал жолмен ризықты табу ұсынылды.
Исламға дейінгі Арабстандағы жағдай
Ислам діні келгенге дейінгі кезең Ислам шариғатында «надандық дәуірі»
Адамзаттың рухани азғындыққа ұшырауы
Имансыздықтан тұншығуы
Арабстанда нәпсіқұмарлықтың шегіне жетіп, зұлымдықтың , маскүнемдіктің , ұрлықтың етек алуы
Пұтқа табынушылықтың зорақасының жасалуы , мысалы Исламға дейінгі кезеңді әйелдердің қыз босанғанда намыс көріп , одан құтылу үшін қыз балаларды тірідей көміп,тастау сияқты тұрпайы салт болғаны белгілі. Алайда Алладан аяттар түсе бастағанда көпшілік Құранның жоғары екендігін мойындағаны анық.
Ислам дінінің де басқа діндер сияқты ұзақ тарих бар. Әлемдік діндердің ең жасы –Ислам діні б.з609-639 жылдар аралығында 7 ғасырда Шығыс пен Батыс өркениетінің тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болды. Ислам дінінің негізгі ұстанымдары : Құран кітап пен Мұхаммет пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс амалдары . Мәліметтер бойынша Мұхаммедке пайғамбарлық қырық жасында қонған еді елшілік міндеті 610 жылы рамазан айында Хира тауының басында жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші жебірейіл періште жеткізген делінеді. Ислам дінінің 622 жылы мұсылмандар Меккеден Мединеге көшіп келгеннен кейін таралуы қарқынды күш алды. медине қаласы Ислам дінінің бүкіл мұсылман әлемнің қасиеті мекеніне айналды.
Исламның таралу аймағы
7 ғасырда Ислам дінінің аумағы Араб түбегін қоса алғанда Солтүстік Африка, Пиреней түбегі . Ислам діні 120-дан астам елде таралған. Әлемнің 28 елінде ресми дін болып жарияланған