Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Исламдағы мешіт эстетикасы туралы түсіндіріңіз



бет39/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

77. Исламдағы мешіт эстетикасы туралы түсіндіріңіз
Исламда мешіт - әлемнің моделі мен символы.
Мешіт, ханака, медіреселерді әрлеуде исламдық сәулет өнерінде көбіне жазу өрнектеріне көп мән берілген. Күмбез, қабырғалар, жақтаулары, есік беттері т.б. бөлшектерде мұсылмандық канондық мәтіндер жазылды.
Діни тұрғыда ислам тірі жанды бейнені салуға тиым салғандықтан ислам мәдениетінде, оның ішінде ортағасырлық сәулет ескерткіштерін әрлеуде сәулеттік жазу өнерінің дамуы биік деңгейге жетті. Мешіттердегі ең қастерлі орын михраб, әдетте айнала Құран сүрелерімен әрленген.
Ислам өнерінде өрнектерді білімді, рухани дамығын адам түсіне алды. Өрнектің ішкі құрылысы мен мәні Жаратушының жаратылысының терең мағынасын қамтыған. Кеңістік пен уақыттағы шексіздікті бейнелей отыры мұсылман Жаратушы жаратқан жұмақ бағына ойша шарлады. Өрнектер арқылы Жаратушы жаратқан әлемді сезіну.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мешіт бөлмесіндегі, басқа да бөлмелердегі, жалпы ғимараттағы жазулар, әшекей өрнектер кірпіштік мозайка, майолика, ойылып, кашиннен жинақталып, өрнектелген жиналмалы мозаика сипатында түсірілген .
Мешіттің едені мен ауласына әдетте кілемдер төселіп, әрбір мешіттің жанында табиғи немесе қолдан жасалған су көздері болады.

78. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мешіт бөлмесін сипаттап жазыңыз
Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде үлкен сегіз бөлмесі әр түрлі қызмет атқаратын бөлмелер жинақталған. Кесененің негізгі үш күмбезді бөлмелері қабырхана, Қазандық, Мешіт бөлмелері деп аталады.
Мешіт бөлмесі төрт бұрышты (6,4х9,4 м), жарық түсетін он алты терезесі бар, күмбезді құрылыс. Мешіт бөлмесінің ішкі құрылымындағы михраб, мінбердің, сырты күмбезді болуы - ислам дінінің мешіт эстетикасының талабына сай келеді.
Мешіттің михрабы (Мекеге бағышталған мешіт ойығы) құбылаға қараған көгілдір реңде оюланған. Мозаикалар, өсімдік сипатындағы өрнектер түсіріліп, майоликалық тақтайшалармен әрленген. Мұнда Құран сүрелерінен көркемделе түсірілген жазулар сан алуан реңді өсімдік өрнектермен сабақтасып жатыр. Михрабтан сулс қолтаңбасымен, ақ боялармен түсірілген әріптердің, жалатылған алтынның сілемдерін көруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет