Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Әмір беруші нәпсі деңгейі туралы түсіндіріңіз



бет37/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

73.Әмір беруші нәпсі деңгейі туралы түсіндіріңіз
Сопылықтың ең төменгі дәрежесі “нәпсі әммаре (әмір етуші)ден” адам рухани дәрежеде биіктей отырып, “кәмиле нәпсі” сипатына, яғни сопылықтағы ең жоғарғы рухани дәрежеге жоғарылай алады. Бірақ бұл дәрежеге жететін сопылар өте сирек. Өйткені, бұл дәрежеге жетемін деп мақсат қойған сопы сопылықтың қиын да шерлі, соқпақты жолдарынан өтуі керек және бұл өте ауыр жол.
Сопылардың түсіндіруі бойынша жамандыққа баруға бұйырушы нәпсі “әммаре нәпсі (әмір етуші нәпсі)” деп аталады, бұл нәпсі дәрежелерінің ең төменгі сатысындағы - дүниеге құмартқан нәпсі. Нәпсі әммареде менменшілдік, құмарлық, надандық, зұлымдық, шәһуетке тұтқындық сияқты жамандықтарға бейім сипаттар кездеседі. Бұл нәпсіні иеленген адамды “азғын адам” деп айтуға болады. Міне, сопылық жол аталған нәпсімен күресуді ұсынады. Азғындаған бұл нәпсімен күресуді “үлкен күрес” деп атайды. Адамның “ләууаме нәпсі” деп аталатын екінші дәрежеге жоғарылаған нәпсісі істеген жамандықтарының жаман екендігін біледі. Осыған байланысты ол өзін қинайды, жамандықтарды істегісі келмейді, бірақ, сәті түскенде жамандық істерге бас ұрады. Бұл нәпсіде біршама жақсы сипаттар да кездеседі. Ләууаме нәпсіде сүйіспеншілік ұшқыны байқалып, хазіреті Пайғамбардан өнеге ала бастайды. Бірақ жамандыққа бармауға тырысқанмен, әммаре нәпсінің кейбір сипаттары кездеседі.

74.Адамның материя әлемінен тұратын бес ұнсырын тізіп жазыңыз
Адам –Алланың жер бетіндегі орынбасары, яғни халифасы.Имам Раббани еңбегінде адамды жиынтықтардан тұратын болмыс ретінде танытады. Онда адам он негізгі ұнсырдан тұрады. Олардың бесеуі материя әлемі, қалған бесеуі нұр әлемінен құралған. Сондықтан адам бойында материяның қатты, сұйық, газ халдері барадамда материияның тағы бір көрініс болып табылатын от та бар. Адамның қуаты дейтін нафс оның бесінші элементі. Адамның нұрдан тұратын бес бөлімі бар. Жүрек-бұйрық әлемінің бірінші баспалдағы, рух-екінші дәрежесі,сыр-үшінші дәрежесі, сырдың үстіңгі жағы-хафи (тереңдік), хафидің үстіңгі жағ-ахфа (ішкі тереңдік).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет