Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Ұлы Аллаћ пайғамбарларына біршама кітаптар



бет45/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Ұлы Аллаћ пайғамбарларына біршама кітаптар жіберген және осы кітаптардың шын, ақиқат екенін қабылдау иманныңүшінші шарты болып табылады. Аллаћ кейбір пайғамбарларына көлемі шағын парақтар, ал кейбіріне көлемі үлкен кітаптар жіберген және осы илаћи парақтар мен кітаптар арасында ешқандай айырмашылықтар жоқ. Олардың көлемі шағын болғандары парақтар (сахифа), көлемдері үлкен болғандары кітаптар деп аталады. Барлығы 100 парақ болып, қазір бұлардың ешқайсысы қолымызда жоқ. Ал үлкен кітаптар төртеу, ұлы Аллаћ.
1. Мұса пайғамбарға “Тәуратті”;2. Дәуіт пайғамбарға “Забурды”;
3. Иса пайғамбарға “Інжілді”; 4.Мұхаммед пайғамбарға “Құранды” түсірді.
Дегенмен, бастапқы үш илаһи кiтапқа қарағанда бүгiнгi күнi Құран Кәрімнің мынандай ерекшеліктері бар:
Пайғамбарларға иман - ислам дiнiндегi иман негiздерiнiң бiрi. Пайғамбарлар - Аллаћтыңқұлдары арасынан таңдап, оған елшілік міндетін жүктеген адамдары. Пайғамбарлар адамдарға хақ дінді уағыздауға және оны жалғастыруға мiндеттелген. ¦лы Аллаћ адамдарға қажет кезінде пайғамбарлар жіберген. Жіберген пайғамбарлары адамдарға тура жолды көрсетуге, адамдардың жақсы мен жаманды айыра білуіне және олардың жақсы мінез қалыптастыруына шақырған. Пайғамбарларға иман ету - олардыңәкелген дініне сену деген сөз. Пайғамбарлар біз сияқты өмір сүреді, жейді, ішеді, ұйықтайды, жұмыс істейді және үйленеді. Бірақ олар пайғамбар болғандықтан, қарапайым адамнан “Сыдқ (туралық)”, “Әманат (сенiмдiлiк)”, “Исмәт (күнәсіз)”, “Фәтәнат (ақылды, зеректiк)” және “Тәблиғ (баяндау, жеткізу)” деген артықшылықтары да бар.Алғашқы пайғамбар - Хазіреті Адам, соңғы пайғамбар - Хазіреті Мұхаммед. Аллаћ осы екі пайғамбардың арасында көптеген пайғамбарды жіберген. Алайда кейбірініңҚұранда аты аталып, ал кейбірінің аты аталмайды.
Дүние өмірі өліммен аяқталады. Міне, осы өліммен басталатын шексіз өмірді «ахирет» деп атайды. Осындай өмірдің бар екеніне иман ету – ислам сенім негіздерінің бірі. Ахырет күні – Исрафил періштенің Аллаћтың бұйыруымен сүрді бір рет үрлеуі мен екінші рет үрлеуіне дейінгі және одан кейінгі жұмақ пен тозақөмірін қамтиды. Сондай-ақ ахирет күніне иман қияметті, Исрафил періштенің сүрді үрлеуін адамдардың тірілуін, есеп, сырат, жұмақ пен тозақтың бар екеніне иман етуден тұрады. Ал осындай күннің туатынына сенбеген адам мұсылман бола алмайды.
Ахырет күні - нағыз әділеттің жүзеге асатын күні. Әрбір адам сеніміне, ғибадатына, ахлағына қарай жауапқа тартылады. Жақсы адамдардың (мүмін, мұсылман) жұмақта марапатталатыны, жаман адамдардың (кәпір, мұнафық, мүшірік) да тозақта жазаға тартылатыны даусыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет